Жауапты редакторлар



Pdf көрінісі
бет88/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   168

ҚОСҮРЕЙЛІК  з  а  т.  Қорқушылық, 

қорқақтық. Мың қайғыдан қалай оңаласың! 

Құса болу, құркеуде қ о с ү р е й л і к деген сол

емес пе? (Қ.Тоқмырзин, Керзаман, 3, 261). 

ҚОСШЫ:  Қосшы  би...  Бұлардың 

ішінде Төле төбе би екен де, Қазыбек пен 

Əйтеке қ о с ш ы  б и екен (Аңыз адам, 2011, 

№22, 10).



ҚОСЫЛҒЫШ  з  а  т.  Электр  шамын

жағатын, өшіретін тетік. Электр жүйе-

лерін, қ о с ы л ғ ы ш т а р д ы мұқият қа-

рады (Лен. жас, 11.11.1983, 1). 

ҚОСЫМ з а т. Жанына қосып берген 

адамдар тобы. – Он жігіт қ о с ы м беріңіз 

Керейден. Жақыптың шаңырағын ортасына 

түсірейін, - деді  Жаяу  (З.Ақышев,  Жаяу., 

252). 


ҚОСЫНБАСЫ з а т. ə с к. Қосынның 

(дивизия) басшысы. 

ҚОСЫНДАС е т. Қосын болу, қосылу, 

бірігу.  Бұл  сөзді  Батталқазы  қабыл  көрді, 

Қимастан  жылап-сықтап  қасыма  ерді. 

«Өткен  іске  өкінбе,  Құлмамбет», - деп, 

қ о с ы н д а с ы п, қол ұстап жүре берді 

(Құланаян Құлмамбет, Сөзімнің., 117). 



ҚОСЫНДАСУ  Қосындас  етістігінің 

қимыл атауы.

ҚОСЫҢҚЫРА... Əрине, қазақтардың 

сəл-пəл қ о с ы ң қ ы р а п, кез келген фактіні 

үстемелеңкіреп  жіберетіні  жоқ  емес  қой 

(М.Байғұт, Бұла бұлақ, 112). 



ҚОСЫС  Қос  етістігінен  жасалған 

ортақ етіс. Қос қ о с ы с а р одақ іздегенде де 

Ресейден басқа ешкім жоқ еді (Ə.Кекілбаев, 

Үркер, 147). 

ҚОСІРЕЙ  с  ы  н.  ж  е  р  г.  Жарамсыз, 

құнарсыз, нашар (топырақ). Шошақ иегіне 

шошайтып  қойған  теке  сақалына,  самай 

шашына  қ  о  с  і  р  е  й  топырақтың  бетіне 

шыққан  сордың  тұзындай  шашырап  ақ 

түсіпті (О.Сəрсенбай, Шығ., 4, 376). 

ҚОТ... – Есіңде болсын сенің сөзің қ о т 

қ а аспайды, жала, осыны ұқ! (С.Жүнісов, 

Ақан сері, 2, 174). 



367

Байынқол Қалиев

ҚОТАНАЯҚ с ы н. с ө й л. Екі аяғының 

арасы талтиып қалған, қамыт аяқ. Бекет 

еріксіз күліп еді, талтиып қалған қ о т а н 



а я қ тракторист есікке қарай тұра жөнелді 

(Қ.Ысқақ, Ақсу., 9). 



ҚОТАНДАЛ  Қотанда  етістігінен 

жасалған ырықсыз етіс. Қой қ о т а н д а 

л ы п, сиыр сауылып, сүт пісіріліп болды 

(Жалын, 1974, №5, 55). 



ҚОТАНДАЛУ  Қотандал  етістігінің 

қимыл атауы. 

ҚОТАНДАН  е  т.  Қотан  тəрізді  иіліп 

келу, қоралану (С.Жүнісов, Ақан сері, 2, 11). 

Қ о т а н д а н а иілген Найзатастың бауы-

рында  қарағай,  қайың  өскен  (Қ.Исабаев, 

Шоң би, 25). 

ҚОТАНДАНУ  Қотандан  етістігінің 

қимыл атауы. 

ҚОТАНДАП ү с т. Қотан-қотан етіп. 

Желілеп  бие  байлап,  қ  о  т  а  н  д  а  п  қой 

өргізгендері  де  жоқ  (З.Ақышев,  Ақбел 

асуы, 127). Қ о т а н д а п қойын айдап... 

(І.Есенберлин, Жанталас, 64). 

ҚОТАНШЫ с ы н. Қотан күзететін, 

қотаннан  шықпайтын.  Қасқырлары  да 

біздің жақтың қасқырының қасында қ о т 



а н ш ы төбеттердей-ақ (С.Мұқанов, Мөлд. 

мах., 59). Анда-санда қ о т а н ш ы төбеттер 

саңқылдайды (Ж.Аймауытов, Шығ., 42). 

ҚОТАР е т. а у ы с. с ө й л. Аузына құя 

салу, тез ішу. Бір-бір кесе айранды қ о т а р 

д ы қ та, қоян союға кірістік (Қ.Əбілқайыр, 

Текес., 49). 



ҚОТАРМА  з  а  т.  с  ө  й  л.  Аударма 

(М.Рашев, Бетің қисық, 14). 



ҚОТАРЫС... Есен сабадағы қымызды 

қ о т а р ы с а д ы (Жалын, 1977, №1, 12). 

ҚОТИЫН...  Қ  о  т  и  ы  н  неме  бір 

күні жазым етсе қайтесің? (Қ.Жұмаділов, 

Соңғы көш, 1, 229). Оның үстіне сүйекке 

өкпелегендей  торсаңдап  тұрған  тексіздеу 

күйеуінің қ о т и ы н мінезіне шамырқанған 

түрі бар (Қ.Ысқақов, Тұйық, 89). 



ҚОТИЫНДАУ с ы н. ж е р г. Бұзық-

тау, содырлау, тентектеу. Есер хан міне-

зі  қ  о  т  и  ы  н  д  а  у,  кісі  көңіліне  қарау-

ды  білмейтін  жан  еді  (Егем.  Қазақст., 

31.07.2002, 8). 



ҚОТИЫНДЫҚ  з  а  т.  Содырлық, 

сотқарлық,  бұзақылық.  Білмесең  айтай-

ын: сен аярлығы, қ о т и ы н д ы ғ ы жеті 

нарға жүк болатын шетелдік саудагерлердің 

қолбаласысың (Ана тілі, 11.12.2003, 1). 



ҚОТТАН  е  т.  ж  е  р  г.  Баю,  əлдену, 

күшею. Тізімнің аяқ шенінде жаңа байып, 

қ о т т а н ы п келе жатқан бірнеше қытай 

саудагерлері  тіркеліпті  (Қ.Жұмаділов, 

Тағдыр, 324).

ҚОТТАНУ Қоттан етістігінің қимыл 

атауы. 

ҚОТТЫ  с  ы  н.  ж  е  р  г.  Бай,  əлді, 

ауқатты. Мені дəметті дей көрме, əйтеуір. 

Кейде қ о т т ы л а р д а н дəмететінім де 

рас (Т.Тобағабылов, Түсінсең еді., 129). 

ҚОШ  з  а  т.  Темір  ұстасының  ішіне 

суық су құйылып қойылған ыдысы. Темір 

ұстаханасында көрік, кемпірауыз, қазиек, 

төс, қ о ш тұратыны осының нақты дəлелі 

(Аңыз адам, 2011, №19, 15). 



ҚОШАЛ з а т. ж е р г. Риза, қанағат. 

ҚОШАЛДЫҚ з а т. Көңілі толғандық, 

ризалық,  қанағаттанғандық.  Билердің 

барлығы да балаға деген қ о ш а л д ы қ т а 



р ы н жасыра алмай, бір-бір ауыз тіл қатты 

(Ж.Ахмади, Айтұмар, 316). 



ҚОШАН: Қошан тіршілік. Күнделікті, 

күйбең,  күйкі  тірлік.  Біз  сияқты  жастар 

еңбектен,  қиындықтан  шаршамайды, 

əлгіндей жалғыз үй, қ о ш а н  т і р ш і л і к 

т е н жалығады (Фермаға кел., 21). 

ҚОШЕМЕТТЕН е т. Риза болу, қуану, 

көтерілу.  Бұндай  сасып  отырғанда  келіп 

көңіл  делбегеннің  өзі  достық  белгісі. 

Оған үй-іші қ о ш е м е т т е н і п қалды 

(Ж.Тілепбергенов, Ізбасар, 176). 



ҚОШЕМЕТТЕНУ  Қошеметтен 

етістігінің қимыл атауы. 

ҚОШҚАР з а т. а с т р. с ө й л. Қой. 

Үркердің  үстіңгі  жағында  тұратын,  аса 

жарық емес қос жұлдыз бар. Оны – Тоқты, 

Қозы немесе Қой, Қ о ш қ а р деп те атайды 

(Х.Əбішұлы, Аспан сыры, 151). Жырдағы 

басты кейіпкерлер Баян сұлу Ай планета-

сына,  Қозы  Көрпеш  Қ  о  ш  қ  а  р  (хамал) 

жұлдызына  сəйкес  аталынған  (Лен.  жас, 

03.10.1974, 3).

ҚОШҚАРМҮЙІЗДЕП  ү  с  т.  Қош-

қармүйіз  өрнек  салып,  оюлап.  Мұның

сыртында қ о ш қ а р м ү й і з д е п түрлі 

түспен  өрнектелген  алаша,  кілемдер 

тоқылады  (Н.Қазыбеков,  Дала., 29). 

Қызылды-жасылды түрлі жіппен қ о ш қ а р

м ү й і з д е п тоқыған шым шилер, оюлаған 

керегеқап, уыққаптар (Ер қанаты, 132). 



ҚОШТАНДЫР  е  т.  Көңілін  көтеру, 

қуанту.  Өлеңнің  көңіл  көтеріп,  қ  о  ш  т 

368

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

а  н  д  ы  р  а  т  ы  н  қасиеті  əдемілігінде 

(А.Байтұрсынов, Шығ., 188). 



ҚОШТАНУ  Қоштан  етістігінің 

қимыл атауы. Хатымгер, қ о ш т а н у деген 

сөздерді жасаған (Қаз. əдеб., 14.11.1975, 3).



ҚОШУАҚ з а т. ж е р г. Көңілі хош, разы, 

риза. Тірі пендеге əрқашан көңіл қ о ш у 

а  ғ  ы  ауадай  қажет  (Д.Досжанов,  Жолба-

рыс, 31). – Оны тек темір-терсекке жібер, 

-  деп  балуан  інісінің  бүгінгі  тіршілігіне 

оншалық қ о ш у а қ емес екенін аңғартты 

(О.Сəрсенбаев, Жақсының., 153). 

ҚОШУАҚТА  е  т.  Ризашылық  білдіру, 

разы  болу. – Бақытты  бол,  келінжан.  Ұл 

тап, ұрпағың молайсын, - деп екіншісі қ о 



ш у а қ т а й т ы н (С.Сматаев, Бұлақ, 94).

ҚОШУАҚТАУ Қошуақта етістігінің 

қимыл атауы. 

ҚОШЫНА  з  а  т.  ж  е  р  г.  Көрші 

(Ж.Досқараев,  Қаз.  тіл.  жерг., 142). – 

Кіммен  көрші  болыппыз? – Берікпен  қ  о 

ш ы н а болдық, - деп Сауыт көрші дегенді 

ұйғырша айтты (Б.Дəулетбаев, Парыз, 211). 



ҚОЮ:  Қою  сүт...  Бір  жұмыртқа-

ның сарысына жарты стақан қ о ю  с ү т

қосып  араластырады  (Алм.  ақшам., 

27.09.1991, 5). 



ҚОЮЛАТҚЫШ  з  а  т.  Бір  нəрсені 

қоюлататын зат. Біресе кен сүзетін жаққа, 

біресе қ о ю л а т қ ы ш қ а жүгіріп, күнұзақ 

тыным көрмейді (Жұлдыз, 1973, №9, 177). 

ҚОЮЛАТУШЫЛЫҚ  з  а  т.  Бір 

нəрсені  қоюлатып  жіберушілік.  Қалма-

қан  очерктері  мен  публицистикасында 

оқиғаны  қ  о  ю  л  а  т  у  ш  ы  л  ы  қ,  əсіре 

қызыл сөзбен артық айтып, асып кетушілік 

дегенді байқамаймыз (Р.Ыдырысов, Отты 

жыл., 93). 



ҚОЮЛЫ-СҰЙЫҚТЫ  с  ы  н.  Қоюы 

бар,  сұйығы  бар – аралас.  Шикілі-пісілі, 

ыстықты-суықты, қ о ю л ы-с ұ й ы қ т ы 

азығын арқалап жүргендер – жолына, өзіне 

сенбейтін сенделмелер (К.Сегізбаев, Жап-

жасыл., 4). 

ҚОЯ

1

  з  а  т.  Жеген  ас  қорытылмай 

қалатын  ауру.  Көгіс  тартып  тұр  безеріп 

қыр үсті Қ о я аурудан айықпаған баладай. 

Кəрі шыңдар бір-біріне суысты, Бір суық 

леп кезіп жүрді жағалай (Ж.Нəжімеденов, 

Ұрпағым., 65). 

ҚОЯ

2

  з  а  т.  Оралған  ақ  киізден,  сүйек 

не  талдан  жасалып,  қыранның  ішкі 

құрылысын  қыл-қыбырдан  тазарту  үшін 

берілетін жасанды нəрсе (Ж. Сатылғанов, 

«Қауырсын» клубы, 86). Қыранға жегізген 



қ  о  я  екінші  не  үшінші  күні  қыранның 

ішіндегі  қыл-қыбырын  алып,  құстың  ау-

зынан түседі (Бұл да, 89). 

ҚОЯБА з а т. с ө й л. Қоя. Бүркіт кейде 

өзі  алған  аңның  етін  терісімен,  жүнімен 

жұтып,  содан  қоя  немесе  қ  о  я  б  а  деген 

ауруға ұшырайды (С.Мұқанов, Таңд. шығ., 

15, 95). 

ҚОЯН з а т. э т н. Бір топ бала алаңға 

жиналып  ойнайтын  ойын.  Қашықтығы 

50-60  м-дей  жерге  екі  шеңбер  сызады. 

Қояндар  бір  шеңберде  тұрады.  Бір  бала 

«тазы»  болып, 3-4 м-дей  жерге  орна-

ласады.  Қояндар  бір  қоршаудан  екінші 

қоршауға қашқан кезде жолдан ұстайды 

(Ойын-сауық, 155). 



Қоян  аяғын  жеген.  Нағыз  жүйрік, 

желаяқ. Ол үш жастан асты. Нағыз қ о я н

а я ғ ы н  ж е г е н. Ауылдың қозы-лағын 

қуғыштайды  да  жүреді  (М.Сатыбалдиев, 

Қоңыр қозы, 8). 

Қоян бөрік. Қоянның терісінен істелген 

бөрік. Қ о я н  б ө р к і ұйпа-тұйпа боп теріс 

айналып кетіпті (Р.Отарбаев, Біздің ауыл., 

84). 

Қоян тіс. Тісі қоянның тісі сияқты ыр-

сиып қалған адам. Нартуған енді байқады: 

аядай тар камерада безеу беттен басқа ерні 

жырық, қ о я н  т і с тағы біреу бар екен 

(О.Сəрсенбай, Шығ., 4, 259). 



ҚОЯНБҰЛТАҚ:  Қоянбұлтаққа  сал-

ды.  Ары-бері  бұлтақтады,  жалтарды; 

айлаға басты. Əйткенмен, қызының ойын 

анықтап білгісі келген ана қ о я н б ұ л т а қ 



қ а  с а л д ы (М.Құмарбекұлы, Жер иесі, 13). 

Үкібайдың жігіттерінің өздері киліккенін, 

оқыстан сойыл сілтегенін айтып, ақталуға 

тырысқан  Нұрəлі  би  біраз  қ  о  я  н  б  ұ  л 



т  а қ  қ а   с а  л  ы п баққан (К.Сегізбаев, 

Беласқан,142). 



ҚОЯНЖОНДАН  е  т.  Жұп-жұмыр 

болып,  дөңкиіп  жату.  Содан  ба,  екінші 

бөлімшенің қ о я н ж о н д а н ғ а н күпсек 

қары  да  елден  бұрын  еріді  (Р.Тоқтаров, 

Ғасыр наны, 205).



ҚОЯНЖОНДАНУ   Қоянжондан 

етістігінің қимыл атауы. 

ҚОЯНҚАШТЫ  з  а  т.  Кезек  күт-

тірмейтін  қандай  да  бір  қауырт 

жұмысты  көп  болып  жабылып,  тезірек 

істеп  тастау  дəстүрі.  Піскен  егінді 

369

Байынқол Қалиев

жауын-шашынға  тигізбей,  дəн  төгілмей 

тұрғанда тездетіп ору үшін қ о я н қ а ш 

т ы жасалады (Қаз. этнография., 3, 634). 

Біз де бүгін таң сəріден тұрып қ о я н қ а ш 



т ы жасап жатыр едік, - деді жадырай күліп 

(Қаз. əдеб., 26.10.1973, 2). 



ҚОЯНСҮЙЕКТІ с ы н. Қоянсүйек мол 

өскен, қоянсүйегі қалың. Құмның жоталары 

сексеуілді,  ойпаттары  жусанды,  ебелекті, 

келіншекбозды,  селеулі,  қ  о  я  н  с  ү  й  е  к 

т  і,  теріскенді  болып  келеді  (Лен.  жас, 

31.01.1973, 1). 



ҚОЯНТОБЫҚ  з  а  т.  м  е  д.  Без 

түйінделіп,  ісіп  кететін  ауру.  Атерома – 

түйінбез, кейде мұны ел арасында «қ о я н т 



о б ы қ» ауруы деп те атайды (ҚСҒ, 1, 548).

ҚОЯНШАРЫҚ  е  т.  ж  е  р  г.  Шыдау, 

төзу, төтеп беру. - Əзірге қ о я н ш а р ы қ

қара жамылған ауылды осындай ақ қар, көк 

мұзда  қайда  қуамыз, - деді  (Қ.Сəрсекеев, 

Қызыл жалау, 2, 4). – Ештеңе етпейді, бір 

күн қ о я н ш а р ы қ, құрдасыңның орнына 

жатып кет (Бұл да, 141). 



ҚУ:  Қу  құйрық.  Түлкі  д.м.  Орамалға 

шашуын  Түйіп  алып,  асығып,  Маймыл 

кемпір келіпті. Мəлін, борсық, қ у  қ ұ й р 

ы қ Ниеттерін білдіріп – Бəрі де жем теріпті 

(І.Жансүгіров, Шығ. жин., 67). 



Қу сөзден қуырдақ қуырған. Сөзбен 

қарық қылған, бірақ нəтиже жоқ; уəдені 

судай  сапырған.  Сондықтан  əлгіндей  қ  у 

с ө з д е н  қ у ы р д а қ  қ у ы р ғ а н ағалардың 

əңгімелерін  қызғанышпен  тыңдаймын 

(Ə.Асқаров,  Таңд., 189). Куба  (Оқас)  қ  у

с ө з д е н  қ у ы р д а қ  қ у ы р ғ а н ғ а ғана 

тəуір: қимылы олақ, шабан, құлашы китің-

китің (Жалын, 1974, №1, 48). 

Қусаң құмалақ түспейтін. Еш нəрсесін 

бермейтін,  сараң;  қу,  айлакер,  қу  мүйіз. 

Күні бойғы дау үстінде қ у с а ң  қ ұ м а л а қ



т ү с п е й т і н қақатұяқ, қумүйіз Бекташ 

шалды сөйлетіп аузын қу шөппен сүрткізіп 

отырған (Ж.Ахмади, Айтұмар, 27). Арасын-

да  оның  «жұмыртқадан  жүн  қырыққан» 

тым пысықтығын, «қ у с а ң  қ ұ м а л а қ 

т ү с п е й т і н» сараңдығын жіпше тізді 

(Таң нұры, 196). 



Қу  шөңге.  Қу  мүйіз,  тіс  қаққан. 

Алдымда  тұрған  мына  кəрі  Əбділданы 

менсінбегендей сəл солғындау болғаным-

ды тіс қаққан қ у  ш ө ң г е емес пе, түсі-

ніп  қойды  (Қазақст.  ауыл  шаруаш., 1969, 

№10, 56). 



ҚУАЛА: Қуаласаң құмалақ түспейді. 

Əккі,  қу,  қу  мүйіз:  одан  еш  нəрсе  өндіре 

алмайсың д.м. Қ у а л а с а ң  қ ұ м а л а қ 

т ү с п е й т і н курстасым «жоқ» деп ала-

қанын жайды (Ə.Асқаров, Таңд., 176). 



ҚУЖОЛТАЙ с ы н. Əр кез жолы бол-

майтын, ісі сəтсіз аяқталатын (адам). ≈ 

Сен бұл қ у ж о л т а й м е н қайдан кезігіп 

жүрсің? 

ҚУЗАС  Қуза  етістігінен  жасалған 

ортақ етіс. 

ҚУЗАСТЫР   Қузас  етістігінен 

жасалған өзгелік етіс. 

ҚУЗАСТЫРУ  Қузастыр  етістігінің 

қимыл атауы. 

ҚУЗАСТЫРЫЛ Қузастыр етістігінен 

жасалған ырықсыз етіс. Кім екендігі, қасқа 

арғымақты,  брауникті  қайдан  алғандығы, 

Ғаббасовты білетін-білмейтіндігі қ у з а с т 

ы р ы л а бастады (Ғ.Білəл, Ғасырлық., 196). 

Қ У З АС Т Ы Р Ы Л У   Қ у з а с т ы р ы л 

етістігінің қимыл атауы. 

ҚУҚҰМАЛАҚ  з  а  т.  в  е  т.  Жылқы 

малының  құрғақ  шөпті  көп  жеп,  суды 

аз  ішкендігінен  болатын  ауру.  Қ  у  қ  ұ  м 

а  л  а  қ  ауруын  көбінесе  қыстыгүні  мініп 

жүрген жылқының құрғақ шөп жеп, суды 

аз  ішетіндігінен  болады  деп  топшылай-

тын.  Нəжіс  жүрмейтін  ішекке  кептеліп 

қалады. Оны тазартса, мал жазылып кетеді 

(Х.Арғынбаев, Қаз. этногр., 136). 



ҚУЛЫ  с  ы  н.  Қуы  бар,  қуы  көп.  Қыз 

білек  қоға,  қ  у  л  ы  көл,  Қасқыры  қайсар, 

қабаны өр (І.Жансүгіров, Өлең мен поэм., 

206). 


ҚУМҮЙІЗ  з  а  т.  с  ө  й  л.  Құлтеке. 

Киіктің текесі 10-15 жыл жасаған соң мүйізі 

түсіп,  тұқылы  қалады.  Соны  құлтеке  не-

месе қ у м ү й і з дейді (Білім жəне еңбек, 

1984, №9, 25). 

ҚУСАҚ с ы н. Қу, қураған; кепкен. Түс 

əлетінде  сексеуіл  қиюшылар  бір  жерге 

жиналады. Қ у с а қ шырпылар үйіліп, от 

жанады (Қ.Омаров, Əке, 74). Пешке қ у с а қ

тамызық салып, үш-төрт тал жыңғылдың 

басын  қаластырды  (Бұл  да, 103). Жағаға 

жақын  біткен  былтырғы  қ  у  с  а  қ  қамыс 

бейнесі – су  бетінде  (Ж.Нəжімеденов, 

Кішкентай, 26). 

ҚУСЫРЫЛЫҢҚЫРА  е  т.  Танауы 

аздап қусырыла түсу. 

ҚУСЫРЫЛЫҢҚЫРАУ  Қусыры-

лыңқыра етістігінің қимыл атауы. 


370

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

ҚУТЫҢБАЙ з а т. э к с п р. Қутыңдап 

қалған адам. – Сіз сұрағаннан кейін тіпті 

жақсарып келді, - деді бір қ у т ы ң б а й 

(Д.Рамазан, Жылап аққан., 33). 

ҚУШЫҚ:  Қушық  жауырын.  Жау-

ырын  қушиған.  Қарсы  алды  орта  бойлы, 

қызыл  шырай,  Сақтанып  жан-жағына 

қарай-қарай. Сұңғақтау, қ у ш ы қ  ж а у ы р 

ы н, қараторы, Мөлиіп тұр артында бір тап-

жылмай (И.Байзақов, Таңд. шығ., 1, 109). 



ҚУШЫҚТА  е  т.  ж  е  р  г.  Мазақ  ету, 

келемеждеу.  Жанындағылар  мұнысын 

естіп,  қалып,  қ  у  ш  ы  қ  т  а  й  бастады: - 

Ендеше неге келе жатырмыз?! Қайтайық! 

(Ғ.Мұстафин, Жиырма бес, 61). 



ҚУШЫҢДА е т. с ө й л. Қутыңда. ≈

Қ у ш ы ң д а п, күліп қояды. 

ҚУШЫҢДАУ  Қушыңда  етістігінің 

қимыл  атауы.  Жасым  болса  отызға  таяп 

қалды. Шалдардың қ у ш ы ң д а у ы анау. 

Неменеге  бұлданам  (Д.Рамазан,  Жылап 

аққан., 172). 



ҚУЫНДЫ  с  ы  н.  Көп  қуылған, 

қуа  берген.  Алғашқы  қар  сірлеуіт  боп, 

қатқақтана бастаған соң, қойды қ у ы н д ы 

қылмай өзенді сағалата жайды (Лен. жас, 

07.12.1972, 1). 



ҚУЫҚ з а т. ж е р г. Шамның шиша-

сы;  пузыры  (Ж.Досқараев,  Қаз.  тіл.  жерг. 

ерекш., 142).



ҚУЫҚАСТЫ с ы н. Қуықтың астында 

тұрған. Сондай-ақ, қ у ы қ а с т ы безінің 

қабынуынан  қасабаның  қобуы  əлсірейді 

(Жас алаш, 01.11.2003, 6). 

ҚУЫР з а т. ж е р г. Мұржа. Төбедегі 

түтін  тартар  жалғыз  қ  у  ы  р  д  ы  ң  аузы-

нан  сүңгілер  салбырайды  (Ш.Мұртазаев, 

Қызыл жебе, 11). 



ҚУЫРДАҚ:  Қуырдақтың  көкесі... 

Құранның бір ғана «фатиха» сүресін əрбір 

шала сауатты оны өзінше бұрмалай берсе,

қ у ы р д а қ т ы ң  к ө к е с і н сонда көр-

мейміз бе? (Ана тілі, 28.08.08., 13). 



ҚУЫС: Қуыс үйден құры шығармау. 

э т н. Үйге кірген адамға дəм ауыз тигізу 



салты.Үйге келген адам өте асығыс болып, 

үйден  шықпақшы  болса,  онда  үй  иесі: 

«Қ у ы с  ү й д е н  қ ұ р ы  ш ы қ п а й д ы»

деп,  дереу  дастарқан  жайып,  тамақтан 

ауыз  тигізеді  (А.Нүсіпоқасұлы,  Ағаш 

бесік., 3, 127). 



ҚУЫСТАНУШЫЛЫҚ  з  а  т.  Бір 

нəрседен  сезіктенушілік,  күдіктенушілік. 

Осы  бір  қарастың  байыбына  бара  алмай-

тын қ у ы с т а н у ш ы л ы қ қ а тап болып, 

бір  сəт  абыржулы  күй  кештік  (Лен.  жас, 

21.10.1983, 2). 

ҚҰБАДҮМБІЛ с ы н. Сұрғылт, сұрқай; 

біркелкі.  Бір  кезде  Бəкизатқа  кездескенде 

ұйқыдан оянғандай, қала ішінің күнделікті 



қ  ұ  б  а  д  ү  м  б  і  л  тіршілігіне  қайтып 

оралғандай  болатынсың  (Ə.Нұрпейісов, 

Соңғы., 7). 

ҚҰБАҚАНДАП  ү  с  т.  Бозарып, 

сұрланып. – Сенің  «жаңалығың»  бізге 

үкімет  жағынан  баяғыда  жетіп  болған, - 

дегенде шабарманның өңі қ ұ б а қ а н д а п

сала берді (М.Разданұлы, Алтай., 268). 



ҚҰБЫЖЕҢ з а т. с ө й л. Құбыр. Əлде 

радон көздерінен жоғары шығатын қ ұ б ы 



ж е ң д е р жасап, үстіне фонтан орнатып, 

солар  арқылы  пайдалану  дұрыс  бола  ма? 

(І.Есенберлин, Алтын., 307). 

ҚҰБЫЛАНАМАШЫ  з  а  т.  Құбы-

ланамамен  жұмыс  істей  білетін  адам; 

бағыт-бағдарды анықтаушы. Осы заманғы 

ақын, тəжірибелі қ ұ б ы л а н а м а ш ы



д а й уақыт тамырын дəл басуға тиіс (Лен. 

жас, 22.01.1988, 3). 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет