Жауапты редакторлар



Pdf көрінісі
бет93/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   168

ҚЫЗЫЛШАҚАТ  з  а  т.  Қызыл  түсті 

шақат. Үш-көкшенің қ ы з ы л ш а қ а т 

шағылдарында ма-ау, Ақбозат арындатып, 

қасқыр  қуып  келе  жатады  (Т.Əлімқұлов, 

Сейтек сарыны, 79). 



ҚЫЗЫЛШАЛЫҚ  з  а  т.  Қызылша 

егілген (егілетін) жер. Қ ы з ы л ш а л ы қ 

бусанып жатыр (Лен. жас, 25. 07. 1974, 3). 



ҚЫЗЫЛШИЕ з а т. б о т. Мəдени шие 

тұқымдарының бірі (вишня). Алма ағашы 

мен  шиеден  басқа,  раушан  тұқымдасына 

–  алмұрт,  айва,  қ  ы  з  ы  л  ш  и  е,  алхоры, 

өрік,  слива,  шабдалы,  бадам  жатады 

(Ботаника, 203). 

ҚЫЗЫЛШУ... Кітапта қойдың тыныс 

органдарының аурулары, көз қарығу,басқақ, 

желінсау, секіртпе, қ ы з ы л ш у, топалаң, са-

рып, қотыр, бауырқұрт, ішекқұрт, өкпеқұрт 

тағы сондай түрлі аурулардың себептерін 

жəне олардан сақтану жолдарын көрсетеді 

(Қазақс. ауыл шаруаш., 1960, №12, 92).

ҚЫЗЫЛШҰНАҚ  з  а  т.  Он  теңгелік 

ақша (Кеңестік дəуірде). – Студентшілеп 

бір-бір  қ  ы  з  ы  л  ш  ұ  н  а  қ  т  ы  ортаға 

тастайық  демекшісің  ғой  (А.Мекебаев, 

Алапат, 259). 



ҚЫЗЫЛШЫ з а т. с а я т. Алған аңды 

сойып, етінен тамақ əзірлеуші. 

ҚЫЗЫЛШЫРАЙЛЫЛАУ с ы н. Сəл-

пəл  қызылшырайлы;  қызылшырайлырақ. 

Сондықтан  да  шығар,  қап-қара  үстелдің 

арғы жағындағы ақ жейделі, қ ы з ы л ш 

ы р а й л ы л а у, жымсиыңқыраған ректор 

бұған  түсінікті  сезілді  (М.Байғұт,  Бұла 

бұлақ, 130). 

ҚЫЗЫН  е  т.  с  ө  й  л.  Зорығу.  Бідің 

қара  ауыз  сары  ат 1946 жылы  өртеңнен 

оралған күннің ертеңінде қ ы з ы н ы п өлді 

(З.Қиянатұлы, Көшпенді., 23). 



ҚЫЗЫНДА е т. с ө й л. Қызуы көтерілу, 

ысып  кету,  қызу.  Бірде  сол  жақ  сүбелігі-

нен,  кейде  оң  жақ  бүйірінен  əлгіндей 

толқып-толқып кетеді де, тұла денесі қ ы з 

ы н д а й жөнеледі (К.Ахметбеков, Ақдала, 

2, 377). 



ҚЫЗЫНДАУ  Қызында  етістігінің 

қимыл атауы. 

ҚЫЗЫНУ  Қызын  етістігінің  қимыл 

атауы. 

ҚЫЛ:  Қыл  құйрық.  Жылқы  малы. 

Колхоздағы  төрт  тұяқ,  қ  ы  л  қ  ұ  й  р  ы  қ 



т  ы  ң  іске  татырының  оған  бəрі  мəлім 

(Б.Соқпақбаев, Таңд., 385). 



Қыл  сағағын  қиды.  Сағақ  тұсынан 

қолының  қырын  жүргізіп  өтті («Байыр 

едің,  тойынар  едің»  д.м). – Ендігі  былай 

тұрар едің, - деп қолының қырымен қ ы л 



с а ғ а ғ ы н қ и д ы (Ж.Кəрменов, Ғашық., 

165). 


ҚЫЛ:  Қыл  шапан...  Түлкі  тымақ, 

маңлық  тыс,  Мойында  бар  ақ  шарфы. 

Қымбат ішік, қ ы л  ш а п а н, Серіліктің 

нақ шарты (А.Үлімжіұлы, Шығ., 2, 398). 



ҚЫЛАЙМА  е  т.  ж  е  р  г.  Міз  бақпау, 

былқ  етпеу.  Тым  құрмаса  бір  көрсет  деп 

жалынды  Қабираға.  Апырай,  неткен 

дүзіқара, қ ы л а й м а д ы-а у, қ ы л а й м 

а д ы (М.Сқақбаев, Ұят тур., 151). Ақыры 

көкесінің қ ы л а й м а с ы н а көзі жетті 



388

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

ме, құлдырықтай жүгіріп киімдерін тауып 

əкелді (Бұл да, 194). 

ҚЫЛАМЫТ  е  т.  ж  е  р  г.  Қылаулау, 

қылауыту.  Бейне  терең  аспан  түбінен 

əлдекім  шекер  шашып  тұрғандай  аппақ 

қауырсын  қ  ы  л  а  м  ы  т  т  ы  дерсің 

(Д.Досжанов, Жолбарыс, 31). 



ҚЫЛАҢҚҰЙРЫҚ з а т. б о т. Шөлді, 

шөлейтті  жерлерде  өсетін  бозғылт 

түсті бұта. Көкпек, жусан, бұйырғынды 

жалпақ  дала  артта  қалды.  Ара-тұра  изен, 

құмаршық, түйеқарын, ірі бұтадан – қ ы л 

а ң қ ұ й р ы қ, шағыр, дүзген (Ғ.Сыланов, 

Замана., 294). Жал-жал  шағылдардың 

баурайындағы топ-топ қ ы л а ң қ ұ й р ы қ 

пен шағыры, түп-түп қияғы, жантағы мен 

қарабарағы қар астында жапырылып қалды 

(М.Мəжитов, Құныскерей, 24). Қуаңшылық 

болса да, құмның шөбі баршылық еді. Қ ы 

л а ң қ ұ й р ы қ, қияқ, сарымия, есекмия, 

жантақ өсіп еді (Бұл да, 137). 



ҚЫЛАҢЫТ... 2. а у ы с. Байқалу, сезілу; 

жылт ете қалу. Жат жерде жүріп жан бер-

ген ұланды мұндай қадамға итермелеген не 

нəрсе деген ой да қ ы л а ң ы т а д ы санада 

(Қаз. əдеб., 12. 06. 09). 



ҚЫЛАП с ы н. ж е р г. Ұқыпты, тың-

ғылықты,  жинақы.  Өзі  де  ұстамды,

қ ы л а п қой! (А.Сейдімбек, Аққыз, 96). 

ҚЫЛАУЛА... 2. а у ы с. Жылт ете қалу, 

байқалу;  қылаңыт.  Осы  жерден  асқан-

да «Жабайы адам қуса да жете алмайды» 

деген көмескі түйсік екеуінің де санасын-

да қ ы л а у л а ғ а н (Э.Төреханов, Таудан 

түс., 37). 

ҚЫЛАУЫЗ  з  а  т.  к  ө  н  е.  Жердің 

жағдайын жақсы білетін адам. Жол көр-

сетуші.  Ақсақ  Темір  əсіресе  жол  көр-

сететін кісіге – қ ы л а у ы з ғ а өте көңіл 

бөлген (І.Есенберлин, Шығ. жин., 9, 367). – 

Бұл қай жер, қандай ел? Сөйле! – деп Жошы 

сонау  Ақжайқыннан  бері  жол  бастап, 

ханға қ ы л а у ы з ы міндетін атқарып келе 

жатқан Есеншораға бұрылған (Е.Тұрысов, 

Темірлан, 131). Үш  жүз  мың  құлақкесті 

құлдар орданың жер тыңшысы – Маңғыла 

қ ы л а у ы з ы көрсеткен жеті биіктің үстіне 

айдап шығарылған (Бұл да, 133). 



ҚЫЛАУЫЗДЫҚ  з  а  т.  Қылауыз 

болушылық, жол көрсетушілік. Қ ы л а у ы 

з д ы қ қ а Темір-Құтлық пен Құнжақ екеуі 

де жетеді ғой деймін (І.Есенберлин, Шығ. 

жин., 9, 372). 

Қ Ы Л А Я Қ ТА Н   е   т.   Ж і ң і ш ке ру, 

азаю,  сарқылу.  Оның  үстіне  қысқы  өріс, 

қоныс  саналатын  сонау  құм  бойындағы 

жайылымдарға су-өзен арналары қ ы л а я 

қ т а н ы п жетеді де, одан да қыспақ көрер 

жайы  тағы  бар  (К.Ахметбеков,  Ақдала, 

2, 357). 

ҚЫЛАЯҚТАНУ  Қылаяқтан  етіс-

тігінің қимыл атауы. 

ҚЫЛБУЫТ  з  а  т.  Тар  жер,  қыспақ, 

қылта (Ө.Қанахин, Құдірет, 135). Шығанақ 

Үшшоқы қ ы л б у ы т ы н а н 17 километрлік 

шлюзді бөгетпен бекиді (Қаз. əдеб., 01. 12. 

1989, 3). 



ҚЫЛБУЫТТАН  е  т.  Қылбуыт  болу, 

қысылу, тарылу (Ө.Қанахин, Құдірет, 193).

ҚЫЛБУЫТТАНУ  Қылбуыттан 

етістігінің қимыл атауы. 

ҚЫЛҒЫМА: Қылғыма қонақ. Тамақ 

ішу үшін келген қонақ. Қазақ халқы жалпы 

қонақтарды: арнайы қонақ, құдайы қонақ, 

қыдырма қонақ, қ ы л ғ ы м а қ о н а қ деп 

төртке  бөледі  (А.Нүсіпоқасұлы,  Ағаш 

бесік,., 2, 70. 

ҚЫЛДАБАЙ з а т. Көмір сақтайтын 

жабық орын (үйшік). Көлік іздеу, стансаға 

барып  көмір  сұрау,  оны  түсіру,  тауық 

қораның жанындағы қ ы л д а б а й ғ а тасу... 

(Н.Ораз, Сиқырлы., 168). Сары Петро өзі 

ере келіп, көмірді түсіріп, қ ы л д а б а й

ғ а тасып, ет жеп, Асқанбайдың үйінен əкел-

ген  бір  шырт-пырт  қымызды  ішіп  кетті 

(Бұл да, 173). 

ҚЫЛДЫБАҚЫР з а т. Мосыға асып, 

ас  пісіретін,  тұтқасы  (бауы)  зымнан 

жасалған бақыр (Ж.Өмірбеков, Қызыл су, 

9, 21). Қарауыл төрт жағынан түгел қойып, 

Қалың қол, ат түйіскен қатарласып, Мосыда 

қ ы л д ы б а қ ы р терең сайда Қозының 

құлынменен  етін  асып  (И.Байзақов, 

Құралай сұлу, 97). 

ҚЫЛЖАҚБАЙ  с  ы  н.  Қылжақтап 

қалған, қылжақбас. 

ҚЫЛЖАҚБАЙЛЫҚ з а т. Қылжақтап 

қалғандық,  қылжақбастық. - Өзінің  де 

бір таусылмайтын қ ы л ж а қ б а й л ы ғ 



ы бар, - деп Сəлім Жасұланның көңілін су 

сепкендей  басып  тастады  (Э.Төреханов, 

Таудан түс., 110). 

ҚЫЛКҮПЕК з а т. в е т. Күпегі тарыл-

ғандықтан еркек малдың қамшысы сыртқа 

шықпай қалатын ауру. Қ ы л к ү п е к ауру-

ына айғыр, бұқа ұшырайды (ҚСЭ, 7, 96). 



389

Байынқол Қалиев

ҚЫЛҚА з а т. к ө н е. Жеңіл, жұқа тері-

ден істелген сырт киім. Бедері жоқ қ ы л 

қ а д а н Берік тоқылған бөз артық. Бірлі-

гі жоқ туыстан Берік сөйлескен жат артық 

(Ел аузынан, 54).

Қылқа  тон.  э  т  н.  Ешкі  терісінен 

тігілген тон. 6 айлық лақтардың терісінен 

доха  (жүні  сыртқа  қараған  ішік),  жалпы 

жас  лақтардың  терісінен  қ  ы  л  қ  а  т  о  н 

тігілетіндігі  Шорманов  жазбаларынан 

белгілі (Білім жəне еңбек, 1986, №1, 32). 

ҚЫЛҚАН:  Қылқан  жапырақ.  б  о  т. 

Алақаны  жоқ,  өзі  тікенге  (қылқанға)  ай-

налып кеткен жапырақ түрі. 

Қылқан жапырақты. Қылқан жапы-

рақтары барҚ ы л қ а н  ж а п ы р а қ т ы

ағаштарға  қарағай,  шырша  т.б.  жатады 

(Ботаника, 225). 

ҚЫЛҚИ-ƏЛЕ з а т. ж е р г. Түйенің бір 

түрі: мойны ұзын, бойы аласа келеді. Нар 

түйені  алсақ,  бұл  да  негізінде  екі  түрге 

бөлінеді. Бірінші түрін – қ ы л қ и-ə л е деп 

атайды.  Мойны  ұзын,  бойы  аласа  келеді, 

тұрқы да шамалы, өркеші жоқтың қасы, өзі 

өте жүрдек (Қазақст. ауыл шаруаш., 1963, 

№11, 36). 

ҚЫЛҚИҒАНДАУ с ы н. Аздап мойны 

қылқиған,  қылқиып  қалған.  Шопанның 

көмекшісі, мойны қ ы л қ и ғ а н д а у, көзі 

бадырақ, өңі желқақты жұқалтаң жігіт шай-

дан кейін шанағы жамау-жамау домбыраны 

қолға алды (К.Ахметбеков, Ақдала, 2, 451. 

ҚЫЛҚИЯР з а т. с ө й л. Ұстара. Қоб-

дида жатқан мүйіз сапты қ ы л қ и я р д ы

шығарды (Ж.Орманбаев, Қос басшы, 62). 

ҚЫЛҚУАРДАЙ:  Қылқуардай  қа-

далды.  Аш  кенеше  жармасты,  тікенше 

қадалды. Қ ы л у а р д а й  қ а д а л ы п 

біреуден бірдеңе іліп қалмаса, көңілі көн-

шімейді (С.Оспанов, Сопы., 212). 

ҚЫЛҚҰРТ з а т. а у ы с. Іштен жейтін 

жегі, арамза, қу. Барды басқарып жүрген 

осы екеуінің бірі ұрт, бірі қ ы л қ ұ р т екенін 

жұрт байқап қалған (К.Мұқажанұлы, Ор-

теке, 64). Туған елім надан жұрт, Жуандық 

тағы бір қ ы л қ ұ р т (Шəкəрім, Шығ., 190). 

ҚЫЛМОЙЫН з а т. э п и т. Арақ. Арақ 

ішкен  студент  көрсе,  ит  қосып  қуатын 

атышулы Қожекеев бір-екі «қ ы л м о й ы н

д ы» өз қолымен ашып жатыр (Б.Омарұлы, 

11-ші қаламұш, 21). 



ҚЫЛМЫҚ__1'>ҚЫЛМЫҚ

1

 з а т. Будан арқылы өркешті 



аруанадан туған түйе. Жалпы бір өркешті 

аруанадан будан арқылы інген, үлек, нар-

мая,  кердері,  көйін,  қ  ы  л  м  ы  қ,  балқос-

пақ,  мырзақоспақ,  қоспақ  секілді  алуан-

алуан  түйелер  тарайтынын  екі  қазақтың 

бірі  білуге  тиіс  (Қаз.  əдеб., 25. 11. 1988, 

1).  Ал  біздің  облысымызда  будан  түйе-

лер  баршылық.  Мысалы,  нармая,  кер-

дері,  қ  ы  л  м  ы  қ  маяларды  қыс  кезінде 

дұрыс  азықтандырса, 1100-1700 литрге 

дейін  сүт  береді  (Коммунистік  еңбек, 11. 

11. 1969). 



ҚЫЛМЫҚ

2

  с  ы  н.  Қылмиған,  жіп-



жіңішке. Аяғындағы осы жолы астанадан 

киіп келген, қ ы л м ы қ туфлидің қазықтай 

тақасымен еденді тесетіндей кіжіне теуіп-

теуіп қалды (Ə.Нұрпейісов, Соңғы., 209). 



ҚЫЛПЫ  з  а  т.  ж  е  р  г.  Қарасы,  сұл-

абасы, нобайы. Мана ас үй жақтан Зипаға 

көмектесіп  жүрген  бір  əйелдің  қ  ы  л  п  ы 

көрініп  еді  (Қ.Жұмаділов,  Соңғы  көш, 

41).  Қара  төбет  Лашынның  қ  ы  л  п  ы  н

шалса-ақ  бой  тасалауға  тырысады 

(М.Мағауин, Қиянда., 190). Келесі кезеңге 

көтерілгенімізде тағы бір қызыл түлкінің қ 

ы л п ы көрінді (Туған жер., 133). 

ҚЫЛСАП... Тісті дұрыс тазалауда па-

ста ғана емес, қ ы л с а п та үлкен қызмет 

атқарады (Отбасы., 2007, №2, 28). 

ҚЫЛТҚЫМА с ы н. ж е р г. Қылт-сылт 

еткен,  құбылмалы,  өзгермелі.  Өміртай 

заманының қ ы л т қ ы м а мінезіне сенбей 

қызын асығыс ұзатқанына кінəлі емес еді 

(М.Разданұлы, Алтай., 239). 



ҚЫЛ-ШОҚ з а т. Сақал-мұрт алу үшін 

сабын  жағатын  шөтке  (помазок).  Бет-

аузын  сабындайтын  қ  ы  л-ш  о  қ  сақалын 

алдырып отырған адамның мұрнына барып 

тіреліп, алдақашан тоқтап қалғанын Мухин 

сезбейді де (Ғ.Мүсірепов, Қаз. солдаты, 57). 

ҚЫЛЫ з а т. ж е р г. Терезенің əйнегі, 

шынысы (Ж.Досқараев, Жерг. ерекш., 143). 

ҚЫЛЫШШЫ  з  а  т.  Қылышпен 

соғысушы,  қылышкер.  Əр  қаруды  жете 

меңгерген  жауынгерлерден  садақшылар, 

найзашылар, қ ы л ы ш ш ы л а р, айбалта-

шылар, шоқпаршылардың əскери бөліктері 

құрылған (Ата салты., 42). 

ҚЫМҚЫРУШЫ  з  а  т.  Ұрлаушы, 

жымқырушы. ≈ Қ ы м қ ы р у ш ы ұсталды. 

ҚЫМҚЫРУШЫЛЫҚ  з  а  т.  Қым-

қырғандық, қымқыра бергендік. Тіршіліктің 

қай саласында болмасын қ ы м қ ы р у ш ы 



л ы қ пен қиянатты, моральдық азғындауды 

390

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

ойласаң жаның қасым болады (С.Ғаббасов, 

Қандауыр, 105). 

ҚЫМТАҒЫШ  с  ы  н.  Қымтаған, 

қымтайтын (адам). 

ҚЫМТАҒЫШТА  е  т.  Қайта-қайта 

қымтай  беру.  Апам  түймемді  салып, 

əйтеуір қ ы м т а ғ ы ш т а п-а қ жатыр 

(Қ.Омарұлы, Əке, 14). 

ҚЫМТАҒЫШТАУ  Қымтағышта 

етістігінің қимыл атауы. 

ҚЫМЫЗДАН е т. с ө й л. Қымыз ішу, 

қымызға  қану.  Бейуақ  келген  қонақтар 

ертеңіне таңсəріден асығыс шайланып, қ ы 



м ы з д а н ы п шұғыл аттанды (Ə.Кекілбаев, 

Елең-алаң, 120). 



ҚЫМЫЗДЫҚ  с  ы  н.  Қымызға  тəн, 

қымызға қатысты. Қымыздың қ ы м ы з

д  ы  қ  қасиетін  біліп  жатқан  ешкім  жоқ 

(Ш.Мұртаза, Не жетпейді? 18).



ҚЫМЫЗДЫҚТЫ  с  ы  н.  Қымыздық 

өскен,  қымыздығы  мол  (М.Мағауин, 

Қиянда., 179). 



ҚЫМЫЗСІҢДІ: Қымызсіңді болды. 

Қымыз  көп  құйылып,  əбден  үйреншікті 

болу,  қымыз  сіңу.  Шытыралы  қоңыр 

тегене,  əбден  қ  ы  м  ы  з  с  і  ң  д  і  болып, 

мүйіздей қатқан бүйрек ожау теңнен алын-

ды (Қ.Жұмаділов, Соңғы көш, 1, 192). 



ҚЫМЫЗШЫЛАУ...  Енді  жұрт  қ  ы  м 

ы з ш ы л а у ғ а құқықты. Таңертеңгі шай-

ын  ішерішпестен  əуелі  ауыл  үйге,  содан 

соң  атқа  мініп,  басқа  ауылға  қыдырады 

(Н.Қазыбеков, Дала, 9). 



ҚЫМЫҢ-ҚЫМЫҢ...  Ақынның  сы-

ни-міни  ашы  сөзіне  қыбы  қанып,  қ  ы



м ы ң-қ ы м ы ң күліп отырғандар – Андас-

тың  аталас  ағайындары  (О.Сəрсенбай, 

Шығ., 4, 11). 

ҚЫНАЛА  е  т.  ж  е  р  г.  Ылығу.  Оның 

себепкері – қ ы н а л а ғ а н н а н бері осы 

ауылдың  бар  итін  соңынан  шұбыртып 

жүрген  дүрегей  қаншық  Ұшар  еді 

(М.Мағауин, Қиянда., 199).

ҚЫНАПТА  е  т.  Қынапқа  салу,  қынап 

жасату. ≈ Қылышын қ ы н а п т а н алды. 

ҚЫНАПТАЛ  Қынапта  етістігінен 

жасалған  ырықсыз  етіс.  Патшалық  киіп 

алды шенді тонын, Жібек кесте, алтынды 

зерлі тонын. Алтын сабақ, гауһар көз қ ы н а п

т а л ғ а н, Қылышы-ақ суырғандай елдің 

көзін (А.Үлімжіұлы, Шығ. жин., 2, 23). 



ҚЫНАПТАЛУ Қынаптал етістігінің 

қимыл атауы. 

ҚЫНАПТЫ  с  ы  н.  Қынабы  бар,  қы-

напқа салынған. Төрде былғары қ ы н а п 

т  ы,  ұзын,  қайқы  қара  қылыш  ілулі  тұр 

(М.Мағауин, Аласапыран, 90). 



ҚЫНАР з а т. ж е р г. Жаға, жиек. Өксі-

ген оттай жанып жануарлар Өзеннен рақат 

тауып басылады. Қ ы н а р д а тілсіз тұрған 

тоғайлар  да,  Шуылдап  желмен  бірге  бас 

ұрады (Ы.Алтынсарин, Жеті ғасыр., 2, 12). 

ҚЫНАСАРЫ с ы н. Қынаның түсіндей 

сарғыш  түс.  Шеген  коробканы  ашты  да, 

ішіндегісін  көрсетті:  ақ  мақтадан  төсек 

төсеп, алтындай жалтылдаған қ ы н а с а р ы

қоңыз  салып  қойған  екен  (Ғ.Мүсірепов, 

Қаз. солдаты, 44). Қара мақпал жеңсіз, қ ы 

н а с а р ы қос етек көйлек киген жас қыз 

үйге кіре берді (Ғ.Мүсірепов, Таңд., 3, 546). 



ҚЫНАУЛАП  ү  с  т.  ж  е  р  г.  Тамағын 

қырнап, даусын көтеріп. Əлдебір желөкпе, 

қызбалау  қонақ  Қозы  Қарынды  мақтай 

келе: «Ал,  кəне  алып  жіберейік!»  деп 

қ  ы  н  а  у  л  а  п  дауыс  көтергенде,  стол 

басындағылар  жаны  қалмай  атып-атып 

тұрды (Ə.Нұрпейісов, Соңғы, 171). 

ҚЫНАУСЫЗДАУ с ы н. ж е р г. Анық-

айқын емес, көмескілеу, бəсеңдеу. – Жə, ре-

гламент. Шамасы дауысың қ ы н а у с ы з д а у

шықты-ау деймін, қу неме құлақ қағысыңа 

қыңбады (Ə.Нұрпейісов, Соңғы., 325). 



ҚЫНЖЫ з а т. к ө н е. Əрі-бері ысып,

қайысты жұмырлау үшін арнайы жасал-

ған,  бірнеше  жерінде  əртүрлі  көлемде 

тесіктері  бар  сүйек  құрал.  Қайыстың 

тілінбеген бөлігін қ ы н ж ы д а н өткізіп 

жұмырлап, ұшына темір шығырық тағатын 

(Қаз. əдеб., 29. 05. 1981. 12). 



ҚЫНСЫЗ с ы н. Қыны жоқ, қынға са-

лынбаған. Қылыш құнды қ ы н с ы з да, Қын 

қылышсыз құнсыз ба? (Жаңылтпаштар, 24). 



ҚЫНУЛЫ с ы н. ж е р г. Лыпып тұрған, 

епті, тың (ат). Құр ұстап қойға мінбеген 

Бəрінде  бір-бір  қ  ы  н  у  л  ы  ат.  Құлайды 

орғыл  құмменен  Ор  қоян–шана  зуылдап 

(Қ.Мырзабеков: Лен. жас, 01. 01. 1976, 3). 



ҚЫҢ  е  т.  ж  е  р  г.  Ауу,  өту.  Кеше  түс 

қ ы ң а естіп, бұл тебіренбеген бір тосын 

əуен  түледі  (Ə.Кекілбаев,  Бір  шөкім., 

106). Түн қ ы ң ғ а с ы н-а қ аспан іріген 

шалаптай  реңінен  айырылып  жүре  берді 

(Ə.Кекілбаев, Үркер, 30). 

ҚЫҢҒЫ с ы н. ж е р г. Қыңыр, қырсық, 

қиқар.  Ол  (Кеңес  Одағы)  қолқа  салған 

күнде де, оның айтқанына қ ы ң ғ ы қытай 



391

Байынқол Қалиев

көне ме? (Қ.Жұмаділов, Таңғажайып., 246). 

– Сондай-ақ құсты ақпейіл, қ ы ң ғ ы деп 

екіге  бөлеміз.  Бұл  байқұс  «ақпейіл»  ғой. 

Тез-ақ көніп кетті. Айқай-шуға салатын ана 

қ ы ң ғ ы н ы ң тұқымы (М.Юсупов: Қаз. 

əдеб., 09. 04. 1982, 14). 



ҚЫҢҚЫЛДАУШЫ з а т. Қыңқылдап 

қайта-қайта  айта  беруші.  Үстінен  арыз 

айтып, қ ы ң қ ы л д а у ш ы л а р да көп 

(С.Ғаббасов,  Қандауыр, 41). Аяз  қақап 

берген уақытта Шорманға қ ы ң қ ы л д а у 



ш ы л а р аяғы сап болды (Қ.Исабаев, Шоң 

би, 157). 



ҚЫҢУ  Қың  етістігінің  қимыл  ата-

уы.  Сүйткен  Ғинаят  кімнен  қ  ы  ң  у  ш  ы 

еді.  Шайхаттың  өзі  абайлап  сөйлеседі 

(Ə.Кекілбаев, Құсқанаты, 21).

ҚЫҢЫРАТҚЫ...  Қажы  молда  шай 

дастарқаны  үстінде  де  пейілі  тарылып, 

кекеп-мұқап,  қ  ы  ң  ы  р  а  т  қ  и  берді 

(Қ.Жұмаділов, Таңғажайып., 69). 



ҚЫҢЫРҚАН е т. с ө й л. Қыңқылда. 

Енді көзі ілініп бара жатыр екен, жанындағы 

кішісі Нұрман қ ы ң ы р қ а н ы п оянды 

(Б.Шаханұлы, Таңд., 1, 259). 



ҚЫҢЫРҚАНУ Қыңырқан етістігінің 

қимыл атауы. 

ҚЫПШАҚ

1

 з а т. к ө н е. Домбыра. Ол 

өзі жасап алған қ ы п ш а ғ ы м е н (дом-

быра) бір күй тартса, жұрттың бəрі күліп, 

мəз-мейрам болады (Ел аузы., 276). 

ҚЫПШАҚ

2

 з а т. э т н. Қазақ халқын-



ның  негізін  қалаушы  ірі  тайпалардың 

бірі. Қ ы п ш а қ т а р бірсыпыра түрік ха-

лықтарының өз алдына ұлт болып қалып-

тасу  тарихында  елеулі  рөл  атқарған 

(ҚСЭ, 7, 102). Қ ы п ш а қ т а р туралы

алғашқы мəліметтер ежелгі Қытай дерек-

темелерінде  ұшырасады  (ҚСЭ, 7, 103). 

Мұнда ежелгі сақтардан бүгінгі көп ұлтты 

совет  халықтарына  дейін  каспилер  мен 

аландар,  оғыздар  мен  қ  ы  п  ш  а  қ  т  а  р

қалмақтар мен ноғайлар тұрған (Мəдениет 

жəне тұрмыс, 1973, №3, 10). 

Қыпшақ  тілі.  Орта  ғасырда  Дешті 

қыпшақ  деп  аталған  кең  аймақ  пен  оған 

жапсарлас  жатқан  жерлерді  мекенде-

ген қыпшақ ру-тайпаларының тілі (ҚСЭ, 

7, 105). 



ҚЫПШАҚИ  с  ы  н.  Қыпшаққа  тəн, 

қыпшақ үлгісіндегі. Иығына жасыл мауы-

ты  жеңіл  шапанды  жаба  салған.  Басында 



қ  ы  п  ш  а  қ  и  төрт  салалы  құндыз  бөрік 

(І.Есенберлин, Шығ. жин., 9, 87). Белінде 

сом алтынмен қапталған жалпақ қ ы п ш а 

қ и белбеу (Бұл да, 120). 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет