МАНТА з а т. з о о л. Тұтасқанаттар-
дың ең ірі (қанаттарының ұзындығы
6,5 м, салмағы 4 м) түрі. Көлемінің үлкен-
д і г і м е н т ү р і н і ң қ о р қ ы н ы ш т ы л ы -
ғына қарамастан м а н т а өте бейбітшілік
сүйгіш балық (Су асты. тіршілік., 53).
МАНТЫҚ ... Жалаладдин дауани
философия, математика, логика (м а н
т ы қ), қалам, этика, заң ғылымы сала-
ларында жемісті еңбек еткен (Қаз.
əдеб., 06.07.1973, 3). Оның (əл-Фарабидің)
м а н т ы қ пəні жөнінде жазып шығарған
бірнеше кітаптары бар (Қаз. əдеб.,
12.12.1975, 4).
МАНТЫРА ... – Қойыңыз əке!
Тоқтатыңыз! – М а н т ы р а м а! Ары тұр!
(О.Бөкеев, Өз отыңды., 367)
МАНТЫРАҚ с ы н. ж е р г. Пышыраған,
шатасқан; тантық. Бақсам оным – сені
аяудан туған м а н т ы р а қ ойлар екен
(О.Бөкеев, Үркер, 497).
МАНТЫРАС Мантыра етістігінен
жасалған ортақ етіс. Қайдағы бір мектеп
үшін баяғыда сүйектеріне қына біткен
аруақтардың отын қозғап, жік-жікке
бөлініп м а н т ы р а с ы п жүр (Ə.Асқаров,
Өр Алтай., 362).
МАНТЫРАСУ Мантырас етістігінің
қимыл атауы.
МАНТЫРАУ Мантыра етістігінің
қимыл атауы.
МАНУЛ з а т. з о о л. Жабайы мысық.
Бұл жолы ол барс емес, қайта тауда өте
сирек кездесетін м а н у л д ы түсірді (Лен.
жас, 18.05.1973, 4).
МАҢҒАЛ¹ з а т. Ауқаттылардың
сəнді үйлерінің қабырғаларындағы ашық
пеш; камин. Содан соң, қалай мұздап
жатса да мұржа астында тұрған қола м а
ң ғ а л ғ а тағы да бірнеше шөрке тастады
(М.Мағауин, Аласапыран, 2, 192).
МАҢҒАЛ² з а т. Ішіне от жағып, шоқ
түсіріп, оған кəуəп пісіретін шойыннан
жасалған бұйым. Мұнда кəуап пісіретін
темір м а ң ғ а л да тұр (Ш.Мұртаза, Не
жетпейді? 54).
409
Байынқол Қалиев
МАҢҒАРА з а т. ж е р г. Ара, орта,
төңірек. Мен өздерін өнердің м а ң ғ а р а
с ы н д а жүрміз деп санайтын Шымкент
шоу, Кентау шоу, Созақ шоу деген сияқты
қалың шоулардың қаптап кеткенін көрдім
(Тасжарған, 02.07.2008, 20).
МАҢҒҰЛА: Маңғұла болды. ж е
р г. Басы қатты, миы ашыды. Шөлейт
даланың түйе шөлдеп өлетін түкпіріне
жасырынған алақандай ауылды таба алмай
адасып, м а ң ғ ұ л а б о л ы п қаңғып кетсе
екен дедік (Н.Ораз, Сиқырлы., 102).
МАҢҒЫЛА з а т. к ө н е. ə с к. Шо-
лушы, барлаушы д. м. Жорыққа аттанған
қолдарының алдында м а ң ғ ы л а с ы , оның
алдында күзетшілері (І.Есенберлин, Шығ.
жин., 9, 366). Оған да қанбала, қарауыл
жəне сауыт киінген м а ң ғ ы л а берілді
(Бұл да).
МАҢҒЫСТА е т. ж е р г. 1. Маң-маң
басу, аяңдау, маңу. Ащы іздеген аруаналар
алыс жалдарды төскейлеп əлдеқайда м а
ң ғ ы с т а п барады (Ə.Кекілбаев, Дала
баллада., 68). Маң-маң басып м а ң ғ ы
с т а п жайылып жүрген аққу аруаналар
(Ə.Кекілбаев, Үркер, 275). Маң-маң басқан
сары атан, М а ң ғ ы с т а п шығар өріске
(Махамбет, Өлеңд., 107). 2. а у ы с. Көп
сөйлеу, біраз нəрсені айту. Қазақы жалпақ
тілге əрқалай төселіп алған, топ алдына
шыққанда айрықша аруақтанып, ағытылып
кететін Мүбарақ бұл жылы да біраз м а ң
ғ ы с т а д ы (О.Сəрсенбай, Шығ., 5, 76).
МАҢҒЫТ з а т. к ө н е. Ноғай тайпа-
ларының бұрынғы аты. Қасым сол
аймақтағы саяси жағдайды жіті бағдарлап,
ноғай (м а ң ғ ы т) тайпаларын өз жағына
қаратты (ҚҰЭ, 5,437). –Не керек, некес
шіркін, м а ң ғ ы т т ы ң атын аспанға
шығарып-ақ тұр (М.Мағауин, Аласапы-
ран, 2, 162). Сол кезде таққа м а ң ғ ы т
тайпасының биі Едіге зор ықпал жасады
(Аңыз адам, 20011, №19, 43).
МАҢДАЙ з а т. Тоғызқұмал ақ
т ақт асындағы солдан оңға қарай
с а н а ғ а н д а ғ ы т о ғ ы з ы н ш ы о т а у.
Тоғызқұмалақ ойынының алды бірінші
арт немесе таңдық отауынан басталып,
соңы м а ң д а й отауына аяқталады
(Ө.Жолымбетов, Айгөлек, 48).
МАҢДАЙ: Маңдайына тарлық
етті. Маңдайына сыймады; өлді, құрыды.
Орыс елінен тəрбие алған əрбір қазақ зия-
лысы осындай болса, м а ң д а й ы м ы з ғ а
т а р л ы қ е т п е с еді-ау деп ойлаған-
дары да бар (Ж.Молдағалиев, Алғ. қоңы-
рау., 16).
МАҢҚАЛЫҚ з а т. Маңқа ауруына
ұшырағандық, маңқа болғандық.
МАҢҚЫЛДАҚ з а т. с ө й л. Тау
мысығы. Онда тау мысығын өсіруге де бо-
лады екен. Даусына қарап, ондай мысықты
жергілікті ел «м а ң қ ы л д а қ» деп кеткен
(Ж.Жұмақанов, Замана.,14).
МАҢЛЫҚ з а т. к ө н е. Қымбат
матаның аты. Түлкі тымақ, м а ң л ы қ
тыс, Мойында бар ақ шарфы. Қымбат
ішік, қыл шапан, Серіліктің нақ шарты
(А.Үлімжіұлы, Шығ. жин., 2, 398). Дариға
кілең сұр жорға мінгізіп, манат пен м а ң
л ы қ қ а ораған бір топ нөкер қызын ертіп,
екі-үш шақырымдай жерден Марданның
алдынан шықты (М.Разданұлы, Алтай.,
105). Бау сандық, м а ң л ы қ көрпе қойған
жиып, Құс жастық құшақ жетпес жүкке
мініп. Хандықтың алуан түрлі белгілерін
Алтынды адалбақанға қойған іліп (Батыр-
лар жыры, 6, 202).
Маңлық орамал. «Маңлық» деп атала-
тын қытай жібегінен тігілген беторамал.
Қазыбек тер шылаған кең маңдайын м а
ң л ы қ о р а м а л м е н сүртіп, кідірістеп
қалды (С.Сматаев, Елім-ай, 2, 280). Сөзін
бітірді де қойнынан м а ң л ы қ о р а м а л
ы н шығарып тер жапқан бетін, маңдайын
сүртті (Бұл да, 313).
МАҢМАҢГЕР ... – Жердің жаманы
бар ма, шырағым, нұсқаған жағыңа кетеміз
де тентіреп, - деп жүрісінен танбайтын
м а ң м а ң г е р қалпын бұзбастан жауабын
қайырды (О.Бөкеев, Өз отыңды., 134).
МАҢЫЗСЫЗДАУ с ы н. Мəні жоқтау,
мəнсіздеу. Сөзі енді бейберекеттеу, м а ң ы з
с ы з д а у болып шықты (Қ.Тұрсынқұлов,
Есіңде ме., 76).
МАҢЫЗСЫН е т. Өзін маңызды етіп
көрсету, маңғаздану. Ізет м а ң ы з с ы н
ғ а н пішінмен қойқаңдап барып, жерде
жатқан бешпетін көтеріп, иығына жамылды
(К.Ахметбеков, Ақдала, 3, 413).
МАҢЫЗСЫНУ Маңызсын етістігінің
қимыл атауы.
МАРАПАТ: Марапатын асырды.
Мақтады, дəріптеді. Екеуден-екеу бір-
бірінің м а р а п а т ы н а с ы р ы п,
талайға шейін кеуілдесіп, сол күні шаршап
410
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
барып ұйықтап еді (К.Ахметбеков, Қыран-
қия, 128).
МАРАПАТШЫЛ с ы н. Біреуді
мақтауды ұнататын, мақтампаз.
Қаламдас замандастардың мақтанқұмар,
м а р а п а т ш ы л, өзімшіл көңілін ойлап,
қынжылған сəттеріміз болған (Қаз. əдеб.,
15.04.1988, 13).
МАРАПАТШЫЛДЫҚ з а т. Мақтауын
асырушылық, мақтағыштық. Кемшілікті
елемеу, яғни елемегенсіп, бос м а р а п а т ш
ы л д ы қ қ а салыну - əдебиетті сұрқайылыққа
ұрындырмақ (Жалын, 1988, №1, 24).
Заңдарды аяқ асты ету, көзбояушылық пен
парақорлық, жағымпаздылық пен м а р а п
а т ш ы л д ы қ т ы көтермелеу фактілері
байқалады (Қаз. əдеб., 13.02.1987, 12).
МАРАТА з а т. т а б у. Жылан. – Ол
не нəрсе? – М а р а т а ғой. – М а р а т а
деген не? – Жылан ғой. Бұрын өткен ата-
бабаларымыз атын атамай, солай депті
(С.Үсенұлы, Елік., 52). Сөйтіп, періштем
қағып, бір ажалдан аман қалғам. Содан
кейін тірі м а р а т а емес, иреңдеген
жіп көрсем, аза бойым қаза болып тұра
қашатын болдым (Бұл да, 56).
МАРДАМСЫТ Мардамсы етістігінен
жасалған өзгелік етіс. – Апырай, осы
екеуі-ақ мына бір май бөкселерді м а р
д а м с ы т а бергеннен жалықпайды екен
(Ə.Кекілбаев, Елең-алаң, 199).
МАРДАМСЫТУ Мардамсыт етіс-
тігінің қимыл атауы.
МАРДАН¹ з а т. Қамыстан, тоқылған
төсеніш; бойра. Қаптөсектің астына қамыс
м а р д а н төселді (Ш.Мұртазаев, Қара
маржан, 51).
МАРДАН² з а т. Талдан, шіліктен
тоқылып жасалған ау түрі. Аудың қабадан,
М а р д а н, жылым, шонтай, қаза сияқты
түрлері бар (Қаз. этнография., 1, 410).
Өйткені Жəкең осы жақтың бірінде жатып
алып м а р д а н тоқып, шортан аулайды деп
еститінбіз (Жалын, 1972, №6, 74).
МАРЖА з а т. Орыс əйелдерін қазақтар
осылай атаған. Дұшпаным көп сыр-
тымнан табалаған, Соңымнан иттей
абалаған. Қараөткелдің кіргенде көшесіне,
м а р ж а л а р ы көрем деп қамалаған
(Жеті ғасыр., 2, 264). Бір əдемі қалпақты
м а р ж а келіп, орысшалап еді, бір сел-
дір шүберекті көрсетті: «Осы құрғыр
алып кетсінші деп Қалман м а р ж а ғ а
жол берді (Ж.Тілепбергенов, Ізбасар, 132).
Үстінде ұзын жолдың жолықты кез, Төрт
орыс, екі м а р ж а біздің сорға (Ана тілі,
28.01.1993, 8).
МАРИЙ з а т. Марий АССР-ның негізгі
халқы. Мен қазақ əдебиетінің орыс, украин,
белорус, литван, азербайжан, бурят, тəжік,
түркмен, татар, осетин, грузин, қалмақ,
тува, м а р и й, башқұрт жəне басқа да халық
əдебиеттерімен байланысы жөнінде очер-
ктер дайындадым (Лен жас., 24.02.1988, 3).
Ал Ресейдегі қазақтар саны ондағы удмурт,
м а р и й, кабардин, осетин, бурят, еврей,
якут, қалмақтардан əлдеқайда көп (Ана тілі,
28.02.2013, 10). Қасында бір м а р и й жігіт
бар (Ө.Қанахин, Өз ақылымен, 99).
МАРҚАДАМ: Марқадам таппады.
Береке таппады, жақсылық көрмеді.-
Бермеймін баламды. Аузыммен тістеп,
арқаммен көтеріп жеткіздім. Енді аза-
мат болған кезінде алып кетемін десең,
Жəмила, сен де м а р қ а д а м т а п п а с
с ы ң! (К.Сегізбаев, Жап-жасыл., 411).
Төртуылға кірме боп қосылғанда не м а р қ
а д а м т а б а д ы? (Қ.Жұмаділов, Тағдыр,
123). Асығып не м а р қ а д а м т а б а м
ы н (Т.Жұрбаев, Жер-бесік, 233).
МАРҚАЖОН с ы н. Марқаның жонын-
дай жұп-жұмыр, теп-тегіс (жер).
МАРҚАЖОНДАН е т. Марқаның жо-
нындай жұмырлану. Далиған кең даланың
м а р қ а ж о н д а н ғ а н бел-қыратары
бұлағытып əлдеқайда алысқа шақырады
(О.Бөкеев, Үркер, 71).
МАРҚАЖОНДАНУ Марқажондан
етістігінің қимыл атауы.
МАРҚАСҚА з а т. з о о л. Белгісіз бір
аң (мүмкін, «жолбарыс»). Ертеде біреу м
а р қ а с қ а деген аңды атып, терісін қосқа
қойыпты (Қ.Мұқажанұлы, Ортеке, 246).
МАРҚАСҚАША ү с т. Марқасқа
секілді, марқаса тəрізді. М а р қ а с
қ а ш а жер шалған Марғұланы ортаның
(Е.Дүйсенбай, Бозала таң, 380).
МАРҚҰМ: Марқұмның топырағы
торқа болсын. – «Жатқан жері жайлы
болсын» деген тілек. Қаралы болғандарға:
«м а р қ ұ м н ы ң т о п ы р а ғ ы т о р қ а
б о л с ы н» деу керек (А. Нүсіпоқасұлы,
Ағаш бесік., 2, 39).
МАРЛАТ с ы н. ж е р г. Өркөкірек, мен-
мен, өзімшіл. « Мен болмасам, шерігінде
қауқар, жұртында қасиет қалмас еді» деген
411
Байынқол Қалиев
м а р л а т сенім бар бітік-болмысынан
аңқып тұрғандай (М.Мағауин, Аласапы-
ран, 2, 360). Осының нəтижесінде бұрын
да мінезі жақсы аталмайтын, м а р л а т
саналатын Едігені тамыр-таныстарының
бəрі мүлде жек көріп кетті (М.Мағауин,
Көк мұнар, 166).
МАРЛАТТЫҚ з а т. Өркөкіректік,
менмендік, өзімшілдік, кекірттік. Баяғы
м а р л а т т ы қ, кекірттік жоқ. Бəрі
бұрынғыдай жақындаса түскен (М.Мағауин,
Аласапыран 2, 329).
МАРЛИН з а т. з о о л. Тұмсығында бір
тал ұзын мүйізі бар теңіз балығы. Теңіз
балықтарына мыналар жатады: майшабақ,
сардина, қамса (анчуос), кете құныс (гор-
буша), кемиек (нерка), ақсерке, скумбрия,
семсербалық, м а р л и н, сайра, нəлім,
бұзаубас, т.б. (Шаңырақ, 117).
МАР-МАР с ы н. ж е р г. Тұтасып
жатқан, қалың. Сөйтті де желден
жасаураған жанарын жеңімен сүртіп
қойып, мотоцикл тізгінін м а р-м а р қамыс
арасындағы сүрлеуге бұрды (Туған жер
қазынасы, 150).
МАРХАБАТ қ ы с т. 1. Еркіңіз білсін;
мен қарсы емеспін. 2. Құдай тілеуіңізді
берсін, тəңір жарылқасын (пожалуйста).
– Міне, өтініш. Маған сенбесеңдер, м а р х а
б а т, өзінен барып сұраңдар, - деп сазарып
отыра берді (Қ.Ботбай, Егіз., 78).
МАРХАБАТШЫЛ с ы н. Қайырымды,
мейірімді, шапағатты. Шеризаттың батыр,
м а р х а б а т ш ы л, кешірімшіл болғаны,
махаббатты берік, өзіне сай Гүлшаттай
жар тапқаны сөз болады (Жалын, 1974,
№3, 130).
МАСАЙ ... 2. а у ы с. Масайрау, масат-
тану, мəз болу. Мүмкін сауық құрып, сай-
ран салып, құлпырып тұрған қызғалдақтың
иісіне м а с а й ғ а н да шығар, кім білсін
(Лен. жас, 04.10.1974, 1).
МАСАҚ з а т. б о т . Өсімдік сабағының
бас жағына орналасқан гүлшоғыры. М а
с а қ т ы ң жай масақ (жолжелкен) жəне
күрделі масақ (арпа, бидай) деген түрлері
бар (Ботаника, 160).
МАСАҚГҮЛ з а т. б о т. Өсімдіктің
масақ тəрізді гүлшоғыры. Гүлдер
шоғырланып бітсе, ол – шоғыргүл.
Шоғыргүлдердің түрлері: шашақгүл,
шатыршагүл, шоқпарбасгүл, м а с а қ г ү л,
қалқаншагүл, себетгүл (Ботаника, 82).
МАСАҚТЫ с ы н. Масағы бар,
масақталған. М а с а қ т ы кез оқ – нақ тисе,
бір аң-құсты алып түсіреді (М.Мағауин,
Аласапыран, 209). Шалдың жанары да
темір м а с а қ т ы қозыжауырынды шалып
қалыпты (С.Сматаев, Елім-ай, 13).
МАСАҚШЫЛЫҚ с ы н. Масақ
терушілік. Менің м а с а қ ш ы л ы қ
мамандығым сонымен тамамдалды
(Б.Соқпақбаев, Балалық., 44).
МАСАҢДАН ... Мұнысы несі? М а с
а ң д а н ы п қалғаннан сау ма? (Жалын,
1973. №6, 105).
МАСАТЫЛЫ с ы н. Масатысы бар,
масатымен көмкерілген. Ұйқыдан түс ке-
зінде тұрды бай да, Бұрқылдап мыс шəй-
некте жатыр шай да. Үй іші м а с а т ы л ы
жайған кілем, Жұмақтың дəл өзіне ұқсамай
ма? (С.Мұқанов, Таңд. шығ., 12, 31).
МАСАЮ... Сабақта күнді түнге, түнді
күнге, Ісің жоқ кемдігіңде, теңдігіңде...
Мен үшін м а с а ю бар, масайрау жоқ,
Ішемін мұңға қо сып, шерді бірге
(М.Əлімбаев, Өшпес от, 50)
МАСҚАРАМПАЗ з а т. с ө й л. М а с
қ а р а п а з. Иімпаз, береңдік, өркеншіл,
дарқаншыл, түскей, м а с қ а р а м п а з
сөздерін туғызған Ə.Тəжібаев (М.Əлімбаев:
Қаз. əдеб., 14.11.1975, 3). – Клоунды
кейде м а с қ а р а м п а з деп те атайды
(М.Тəнекеев, Қажымұқан, 49)
МАССАГЕТ з а т. Ежелгі халықтар-
дың бірі. Ерте заманда Персияның атақ-
ты жиһанкезі Дария бірінші патшасы-
ның жан шыдатпаған əскерін тоқтатқан
қазақ жерінде сақ, соғды, м а с с а г е т
секілді халықтардың өткенін айтып беретін
(І.Есенберлин, Шығ. жин., 2, 98). Біздің
заманымыздан бұрынғы VIII-VII ғасыр-
ларда өмір кешкен сақ, ғұндар, да, одан
берірек VI-V ғасырлардағы м а с с а г е т
т е р де қазақтардың арғы тектері
(Ə.Ыдырысов, Таңшолпан, 199).
МАСЫҚ ... «Адам қош иістен де м а с
ы ғ а д ы екен-ау» деп білдім (Ə.Тəжібаев,
Жаданов əңгім. 127).
МАТАЛУ з а т. с ө й л. Матау. Бірнеше
мыңдап топтанып жүретін ақбөкендер үйі-
рінде м а т а л у мерзімі жақындаған уақыт-
та үлкен өзгеріс туады (Саятшылық, 24).
МАТАУ з а т. Бұғылардың үйірге түсуі,
шағылысуы. Бұғылар күзгі м а т а у ал-
дында қалай да маралтүбірді тауып алып,
412
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
оның тамыран тұяғымен қазып жейді (Ертіс
өңірі, 76).
МАТАУ: Матау арқан. Малды мата-
стыра байлауға қажетті арқан. Өздеріңіз
елестетіп көріңізші, нағыз жылқышы-
ның қосақ арқан, м а т а у а р қ а н, ат
арқан, жан арқан, бұғалық арқан, керме
арқан, деп аталатын арқандары əртүрлі
дайындалады (Лен. жас, 23.11.1972, 3).
МАТАУЛЫ ... 2. а у ы с. Қол-аяғы
байлаулы, еріксіз. Бірақ ол заманда халық
бұқарасының алып күші тізгіндеулі, м а т
а у л ы болатын (Қаз. əдеб., 21.07.1972, 3).
МАТҚАПЫ с ы н. ж е р г. Қапысыз, бей-
қам. Жау қашанда сенің осындай м а т қ а
п ы, бейғам кезіңді аңдиды (Қ.Жұмаділов,
Дарабоз, 1, 105).
МАТҮШКЕ з а т. с ө й л. Орыс əйелі.
Сөйтіп отырғанда есіктен ақ киімді м а т
ү ш к е шықты (Ж.Аймауытов, Шығ., 207).
МАТЫРҒЫШТА е т. Бір нəрсені
қайта-қайта суға салу. Айша арықшаның
суына қолын м а т ы р ғ ы ш т а п, жие-
гіндегі топырақты оппалап, су толтырды
(С.Ордашева, Кек жуған, 41).
МАТЫРҒЫШТАУ Матырғышта
етістігінің қимыл атауы.
МАУБАС ... 2. а у ы с. Ұзақ жолға
жарамсыз, тез болдыратын, тегі нашар
жылқы (ат). Бала болсақ та ол кезде м а у
б а с жылқының азабын талай тарттық қой
(Н.Қозыбеков, Дала., 13).
МАУБАСБҰҚА з а т. з о о л. Дене
тұрқы кішкентай, жапалақ тектес,
күжірейген торғай. Албандар атын атап
түстейтұғын, Мінеки, Алатауға біткен
торғай: Қара, боз, суық, бұқбас, сипті,
шымшық, шапшақай, майлық, м а у б а с
б ұ қ а, шөже... (І.Жансүгіров, Шығ., 163).
МАУСЫМҚҰС з а т. з о о л. Тұмсығы
мен аяғы қара, үстін шұбар дақтар басқан
жыл құсы. М а у с ы м қ ұ с т ы ң белсенді
тіршілігі маусым айында байқалғандықтан,
құстың атын соған байланысты қойған
(Қаз. табиғ., 4, 9).
МАУЫР з а т. Пілдің ұрғашысы (Қаз.
ор. терм, сөзд. 131).
МАХБҰРЛАСУ з а т. к ө н е. б и о л.
Зат алмасу. Оның атом, молекула, элемент,
зат алмасу жайында тамаша білетінін
аңғардым. Бірақ мұның барлығын ол
өзінше атап, өзінше сөйлейді. Мəселен,
атом Лұхман Хəкімнің тілінше - əлжам,
молекула – нəкіс, зат алмасу – м а х б ұ р л
а с у (Т.Сұлтанбеков, Лұхмант Хакім, 51).
МАХРАБ // МАХЫРАП з а т. д і н и.
Мешіт ішіндегі намаз оқитын жер.
МАШАҚ..? Артынша Мұқыр өзенінің
жағасындағы м а ш а қ т а сабантой
өткізілді (Ə.Асқаров, Өр Алтай., 438).
МАШИНА: Машина жол. Машина
жүре алатын жол.
МАШИНКАЛЫҚ с ы н. Машинкаға
бастырылған. Тағатым қалмай бүктеуді
аштым. М а ш и н к а л ы қ үш бет қағаз
(Ə.Ыдырысов, Таңшолпан, 239).
МАШИНКАШЫ з а т. Жазылғандар-
ды жазу машинкасында басатын (теретін)
адам. Бүгінде атауы архаизмге айналған
осы бір мамандық иелері – м а ш и н к а ш ы
қыздарға арналған жөні түзу жалғыз жыр
сол ғана болар (Б.Омарұлы, 11-ші қала-
мұш, 156).
МАШЫН з а т. к ө н е. Өңделген қой
терісінен жасалған қызыл, қара тері
былғары (Ана тілі, 07.08.1997, 7).
МАЯ з а т. Америка жерінде көне
дəуірде өмір сүрген халықтардың бірі.
Көне дəуірде Америка жерінде тұрған
астек, м а й я халықтарының өмірін,
олардың əдет-ғұрпын, мəдениетін жыр
еткен (І.Есенберлин, Шығ. жин., 1, 98).
Достарыңызбен бөлісу: |