Жазба ескерткіштердегі есім сөздердің грамматикалық категорияларының кейбір ерекшеліктері «Чингиз-наме»



Pdf көрінісі
бет6/10
Дата21.10.2023
өлшемі0,51 Mb.
#120380
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
 


64 
Түркология, № 4, 2016 
Ілік септігінің Орхон жазба ескерткіштері тілінде және ескі ұйғыр 
тілінде көп қолданылған -
ың, - иң 
тұлғасы «Тәварих-и мусиқиунда» 
және «Шыңғыс-намеде» кездеспейді. 
Табыс септік. 
«Шыңғыс-намеде» табыс септігінің 
-ны, -ні
жалғаулары орын алады: 
сөзүмні
әрз қылмайын,
Хызыр-ханны .
.. хан 
қылды.
 
«Тәварих-и мусиқиун» тілінде табыс септігінің -
ни 
жалғауы жиі 
қолданылады. Мысалы: Бу 
ғәзәлни 
қәйәрдин өргүнүп ирдиңиз. 
Ескерткіште кейде табыс септік ІІІ
 
жақ тәуелдік жалғауынан кейін -
н 
қосымшасын қабылдайды. Табыс септігінің бұл формасы -
ни 
қосымшасы сияқты поэзия тіліне де, проза тіліне де тән болып келеді. 
Мысалы: ... бағрим қара 
қанин 
сия қилип әзгаймән... . «Тәварих-и 
мусиқиун» тілінде орта ғасыр ескерткіштер тілінде өнімді жұмсалған 
табыс септігінің -
и 
қосымшасы мүлдем кездеспейді. 
Шағатай дәуіріндегі ескерткіштер тілінде табыс септігі 
жинақталып, бірізділікке түскені байқалады, оларда табыстың 
-ны, -ні, 
-ни
жалғауынан басқа көрсеткіштері кездеспейді 
Ескі ұйғыр тіліндегі ескерткіштерге тән ілік пен табыс септігіне 
ортақ -
ни 
жалғауы «Тәварих-и мусиқиун» тілінде функционалдық және 
грамматикалық сараланғандығы байқалады, яғни ілік септік үшін -
ниң, 
табыс септік үшін -
ни 
жалғауы қолданылады. Табыс септікте 
тәуелдіктің ІІІ
 
жағынан кейін -
н 
қосымшасы жалғанады. 
Барыс септік. 
«Шыңғыс-намеде» бағытты білдіретін барыс 
септігі 
-ғә, -ға
қосымшалары көмегімен жасалады: Қыйат Ысатайғә ... 
бәрді. Қашанәсіғә таш кірпіч қойғандә. Әлні бізгә бәрді.
 
«Тәварих-и мусиқиун» ескерткіші тілінде барыс септік -
ға, -гә, -
ғә, -қа, -кә, -қә 
жалғаулары арқылы беріледі. Барыс септігінің жалғауы 
«Тәварих-и мусиқиунда» сөздің жуан және жіңішкелігі ескерілместен, 
буынды талғап та, талғамай да жалғанады. Мәселен: -
ға 
варианты 
дауысты немесе ұяң дауыссыз дыбысқа аяқталған жуан сөздерге 
жалғанады (Мысалы, 
йолға, абадиға, дунияға), -қа 
варианты қатаң 
дауыссызбен аяқталған жуан сөздерге жалғанады (мысалы, 
яшқа) 
яғни, 
негізінен фонетикалық заңдылықтарды сақтайды. 
Ескерткіште барыс септігінің -
ға, -гә, -қа, -кә 
жалғауларының 
орнына ескі ұйғыр тілінде кең қолданылған -
ғә 
жалғауы ғана 
қолданылады. Мәселен, қатаң дауыссызбен аяқталған бірқатар 
сөздерге -
ғә 
варианты жалғанады. Мысалы: 
сандуқғә, Таримғә, 
шеиримғә 
т.б.. Кейбір сөздерде -
қа 
вариантының орнына -
қә
варианты 
қолданылады. Мысалы:
достлуққә, иқапқә, яшқә.
Қатаң дауыссыз


65 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет