Коммуникативтілігі
|
Тіл сапасы
|
9–10 балл
Мәтіннің аудиториясын, жанрлық ерекшелігін және мәтін мазмұнын терең түсінеді.
Өз ойын жүйелі жеткізу үшін ақпаратты өңдеп, ұтымды қолдана біледі.
Сәйкес стильді жоғары деңгейде қолданады.
|
9–10 балл
Терең идеяларды жеткізу кезінде грамматикалық және лексикалық нормаларды өте жақсы түсінеді.
Тілі өте сауатты, бір ғана ұсақ қате болуы мүмкін, көркем, таза жазады.
|
7–8 балл
Мәтіннің аудиториясын, жанрлық ерекшелігін және мәтін мазмұнын жақсы түсінеді.
Өз ойын жүйелі жеткізу үшін ақпаратты өңдеп, орынды қолдана біледі.
Сәйкес стильді жеткілікті деңгейде қолданады.
|
7–8 балл
Кейбір идея мен түсініктерді жеткізу кезінде грамматикалық және лексикалық нормаларды жақсы түсінеді.
Тілі сауатты, екі ұсақ қатесі болуы мүмкін.
|
5–6 балл
Мәтіннің аудиториясын, жанрлық ерекшелігін және мәтін мазмұнын қанағаттанарлық деңгейде түсінеді.
Өз ойын жеткізу үшін кейбір ақпаратты өңдеп, қанағаттанарлық деңгейде қолданады.
Сәйкес стильден ауытқу байқалады.
|
5–6 балл
Өз ойын жеткізуде қолданған грамматикалық және лексикалық нормалары қанағаттанарлық деңгейде.
Тіл сауаттылығы қанағаттанарлық деңгейде. Үш-төрт ұсақ және ірі қате кездеседі, бірақ мағынаны түсінуге кедергі келтірмейді.
|
3–4 балл
Мәтіннің аудиториясын, жанрлық ерекшелігін және мәтін мазмұнын түсінуі шектеулі.
Өз ойын жеткізу үшін аздаған ақпаратты өңдеу кезіндегі кейбір талпынысы көрінеді.
Бірізділік сақталмаған және стильді қолдануда қателер жібереді.
|
3–4 балл
Өз ойын жеткізуде қолданған грамматикалық және лексикалық нормалары шектеулі.
Тілі сауатсыз, ұсақ және ірі қателері мағынаны түсінуге кедергі келтіреді.
|
1–2 балл
Мәтіннің аудиториясын, жанрлық ерекшелігін және мәтін мазмұнын түсінуі өте шектеулі.
Ақпаратты өңдемей дайын күйінде қолданады, сондықтан өз ойын білдіруі байқалмайды.
Белгілі бір стильдік бірізділік жоқ.
|
1–2 балл
Қолданған грамматикалық және лексикалық нормалары өзара байланыспайды.
Мазмұнды түсінуге қиындық келтіретін ұсақ және ірі қателер өте жиі кездеседі.
|
0 балл
Мәтіннің аудиториясын, жанрлық ерекшелігін және мәтін мазмұнын түсінбейді.
Көлемі жағынан жеткіліксіз, ұсынылған ақпаратпен байланыс жоқ.
|
0 балл
Грамматикалық және лексикалық нормаларды қолдануда ірі және ұсақ қателер тұрақты қайталанады.
|