Жазбаша емтихан жұмыстарын ресімдеу және тексеру бойынша жадынама 9-сынып



бет6/7
Дата07.06.2023
өлшемі47,51 Kb.
#99511
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Жадынама ҰБА-дан 9-сынып ҚА 2022 Т1

Балл қою кестесі
(Әңгіме жанрына арналған)

Коммуникативтілігі

Тіл сапасы

9–10 балл
 Тапсырмада шығармашылық тәсілдемені өте жақсы қолданады, аудиторияны толық тарта біледі.
 Өз ойын жүйелі жеткізу үшін ақпаратты өңдеп, ұтымды қолдана біледі.
 Оқырманға ерекше әсер ету мақсатында көркем тіл құралдарын өте жақсы қолданған.
 Сәйкес стильді жоғары деңгейде қолданады.

9–10 балл
 Терең идеяларды жеткізу кезінде грамматикалық және лексикалық нормаларды өте жақсы түсінеді.
Тілі өте сауатты, бір ғана ұсақ қате болуы мүмкін, көркем, таза жазады.

7–8 балл
 Тапсырмада шығармашылық тәсілдемені орынды қолданады, аудиторияны толық тарта біледі.
 Өз ойын жүйелі жеткізу үшін ақпаратты өңдеп, орында қолдана біледі.
 Оқырманға ерекше әсер ету мақсатында көркем тіл құралдарын жақсы қолданған.
 Сәйкес стильді жеткілікті деңгейде қолданады.

7–8 балл
Кейбір идея мен түсініктерді жеткізу кезінде грамматикалық және лексикалық нормаларды жақсы түсінеді.
Тілі сауатты, екі ұсақ қатесі болуы мүмкін.

5–6 балл
 Тапсырмада шығармашылық тәсілдемесі шектеулі, аудиторияны сезеді, өз ойын жобалап жеткізеді.
 Өз ойын жеткізу үшін кейбір ақпаратты өңдеп, қанағаттанарлық деңгейде қолданады.
 Оқырманға ерекше әсер ету мақсатында көркем тіл құралдарын шектеулі қолданған.
 Сәйкес стильден ауытқу байқалады.

5–6 балл
 Өз ойын жеткізуде қолданған грамматикалық және лексикалық нормалары қанағаттанарлық деңгейде.
 Тіл сауаттылығы қанағаттанарлық деңгейде. Үш-төрт ұсақ және ірі қате кездеседі, бірақ мағынаны түсінуге кедергі келтірмейді.

3–4 балл
 Тапсырмада шығармашылық тәсілдемесі анық емес, аудиторияны сезу қабілеті аздап байқалады, бірақ анық емес, өз ойын білдіруге талпынады.
 Өз ойын жеткізу үшін аздаған ақпаратты өңдеу кезіндегі кейбір талпынысы көрінеді.
 Оқырманға ерекше әсер ету мақсатында көркем тіл құралдарын қолдану әрекеті байқалады.
 Бірізділік сақталмаған және стильді қолдануда қателер жібереді.

3–4 балл
 Өз ойын жеткізуде қолданған грамматикалық және лексикалық нормалары шектеулі.
Тілі сауатсыз, ұсақ және ірі қателері мағынаны түсінуге кедергі келтіреді.

1–2 балл
 Тапсырмада шығармашылық тәсілдеме байқалмайды, аудиторияны сезу қабілеті төмен.
 Ақпаратты өңдемей дайын күйінде қолданады, сондықтан өз ойын білдіруі байқалмайды.
 Оқырманға ерекше әсер ету мақсатында көркем тіл құралдарын қолдану әрекеті байқалмайды.
 Белгілі бір стильдік бірізділік жоқ.

1–2 балл
 Қолданған грамматикалық және лексикалық нормалары өзара байланыспайды.
 Мазмұнды түсінуге қиындық келтіретін ұсақ және ірі қателер өте жиі кездеседі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет