Жазбаша емтихан жұмыстарын ресімдеу және тексеру бойынша жадынама 9-сынып



бет3/7
Дата07.06.2023
өлшемі47,51 Kb.
#99511
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Жадынама ҰБА-дан 9-сынып ҚА 2022 Т1

Тілдік құзырлық
Білім алушы:
орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық, пунктуациялық нормаларды сақтауы тиіс.

Бағалар сипаттамасы



Баға

Сипаттама

5

Білім алушы пән бойынша терең білімі мен түсінігін көрсетеді. Әртүрлі типтегі, жанр мен стильдердегі мәтіндерден негізгі және қосымша ақпаратты түсініп, өңдеп қолданады. Коммуникативтік міндеттерге жауап бере отырып, мақсатты аудиторияның назарын өзіне аудара алады, идеяларды терең түсінгендігін көрсетеді. Ақпаратты терең талдау және бағалау қабілетін көрсете отырып, ұсынылған тақырыпты толықтай ашады, ойын жүйелі, еркін жеткізеді. Тілі жатық, тақырыпқа сай лексиканы ұтымды, дәлме-дәл қолданады. Жанрлық және стильдік ерекшеліктерді, мәтін құрылымын қатаң сақтайды. Бірден көп емес орфографиялық/грамматикалық/пунктуациялық ұсақ қатесі бар немесе мүлде жоқ.

4

Білім алушы пән бойынша жеткілікті білімі мен түсінігін көрсетеді. Әртүрлі типтегі, жанр мен стильдердегі мәтіндерден негізгі және қосымша ақпаратты түсініп, өңдеп қолданады. Коммуникативтік міндеттерге жауап бере отырып, мақсатты аудиторияның назарын өзіне аудара алады, алайда маңызды идеяларды назардан тыс қалдырады. Ақпаратты жеткілікті деңгейде талдау және бағалау қабілетін көрсете отырып, ұсынылған тақырыпты ашады, ойын жүйелі жеткізеді. Тілі түсінікті, тақырыпқа сай лексиканы орынды қолданады. Жанрлық және стильдік ерекшеліктерді, мәтін құрылымын сақтайды. Үштен көп емес орфографиялық/грамматикалық және пунктуациялық ұсақ қателер кездеседі.

3

Білім алушы пән бойынша базалық білімін көрсетеді. Әртүрлі типтегі, жанр мен стильдердегі мәтіндерден аздаған ақпараттарды қолданады. Ұсынылған тақырып бойынша сөздік қоры шектеулі, қолданылған лексика мен құрылымдар жалпы мазмұнды түсінуде қиындық тудырады. Мағыналық ірі қателер кездеседі. Жанрлық және стильдік ерекшеліктер, мәтін құрылымы сақталмайды. Үштен артық орфографиялық/грамматикалық/пунктуациялық қателер кездеседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет