Орта буын оқушыларымен осы мақсатты жүзеге асыру үшін сипаттап жаз, дамытып жаз, шығармашылық жұмыс жаса деген іс-әрекеттерді қызықтырып қалай жүзеге асыруға болады? Осындай ізденістің нәтижесінің бір
Орта буын оқушыларымен осы мақсатты жүзеге асыру үшін сипаттап жаз, дамытып жаз, шығармашылық жұмыс жаса деген іс-әрекеттерді қызықтырып қалай жүзеге асыруға болады? Осындай ізденістің нәтижесінің бірі – фанфик жазу.
Орта буын оқушыларымен осы мақсатты жүзеге асыру үшін сипаттап жаз, дамытып жаз, шығармашылық жұмыс жаса деген іс-әрекеттерді қызықтырып қалай жүзеге асыруға болады? Осындай ізденістің нәтижесінің бірі – фанфик жазу.
Фанфик (Фанфикшн, Фанаттың әңгімесі) — шығармашылық жанрдың бір түрі. Оқыған шығарма немесе көрген кино желісі бойынша әсерін өзіндік тұрғыда дамытып жазу. Фанфик оқырманның оқып отырған сәттегі алған әсерін сипаттайды. Шығармашылықтың бұл түрі 70-жылдардың бас кезінде фанаттардың шығаратын әуесқой журналында жазыла бастады. Оның кеңінен таралуы - ғаламтор желісі. Автор бірден өз мәтінін сайтта жариялайды, сөйтіп бірден өз оқырманын табады.
Шығармашылықтың бұл түрін «Қазақ әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы бойынша А/И4 бөлімшесіндегі «Шығармашылық жұмыс» оқу мақсаттарын іске асыруға бағытталған сабақтар барсында қолдануға болады.
Фанфик (Фанфикшн, Фанаттың әңгімесі) — шығармашылық жанрдың бір түрі, оқыған шығарма немесе көрген кино желісі бойынша әсерін өзіндік тұрғысына дамытып жазу.
1.Оқушылардың қиялы мен эмпатиясын оятады. Фанфик оқушылардың шығармадағы кейіпкерлерді шынайы адам ретінде қабылдауға мүмкіндік береді. Бұл жерде қосалқы Т/Ж 3 «Көркем шығармадағы образ» оқу мақсаттарын іске асыруға болады.
2. Оқушылардың назарларын шоғырландырып оқуға мүмкіндік береді. Жақсы фанфик жазу үшін тек қана қиял жеткіліксіз.Ол үшін шығарманы мұқият оқып шығу қажет:оқушылар сюжетті, кейбір оқиғалардың мән-жайларын, детальдарды, кейіпкерлердің сөйлеу мәнерлерін қайта-қайта жадында еске түсіріп отыр қажет.Бұл жерде қосалқы Т/Ж1. «Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні» оқу мақсаттарын іске асыруға болады.