А/И4. Шығармадағы табиғат көрінісін, оқиға орнын, кейіпкер бейнесін сипаттап жазу.
М.Әуезовтің “Көксерек” повесі бойынша осы тапсырманы беруге болады.
Тапсырма:
“Құрмаш рөліне еніп, адамдар астаң-кестеңін шығарып кеткен қасқыр апанының үстінен түстің делік. Сол сәттегі табиғат көрінісін, оқиға орнын, өз сезіміңді сипаттап жаз.
Оқушы Құрмаш рөліне еніп, оның сезімін, табиғат көрінісімен, ішкі жан-дүниесімен байланыстыра сипаттап жазады. Сипаттама эссе сіздің оқырманыңызға сөзбен салынған суретті көрсетеді, иісті, дәмді сездіртеді, әуенді, дыбысты естіртеді, киноны көрсетеді, әлдебір заттармен жанасқандай болдаы, сезеді. Сипаттама эсседе фактілер мен мысалдар болмайды.
Қандай иіс сезіледі?
|
Дәмін сездіңіз бе?
|
Не көрдіңіз?
|
Нені естідіңіз?
| |
Жанасу (орын)
Сезу
| | | | | | | |
Баяндап жеткізу
|
Суреттеп, сипаттап жазу
|
Ауада түсініксіз бір иіс тұр.
(Қандай иіс сездіңіз?)
|
Апан маңында әлі де адам иісі мен қасқыр иісі, қан аралас ауыр, тыншу иіс аңқып тұр.
|
Апан маңында көп із жатыр
(Не көрдіңіз?)
|
Апан маңында айқұш-ұйқыш адам іздері көзге түседі. Астаң-кестең болып, адам мен тағы арпалысынан хабар бергендей.
|
Айнала тым-тырыс.
(Не естідіңіз?)
|
Құлағына кішкентай күшіктердің қыңсылаған аянышты дауысы келгендей болды.
|
Көзіне жас келді.
(Қандай дәм сездіңіз?)
|
Жүрегі аузына тығылып, көкірегіне өксік тығылып, таңдайына ащы жастың кермек исі келді.
|
Топырақты сипай берді.
( қандай сезім пайда болды?)
|
Шарасыздықтан не істерін білмей, алақанымен жып-жылы топырақты сипай берді.
|
Достарыңызбен бөлісу: |