Жазылым – ойыңды басқа біреуге түсінікті болу үшін, қағаз бетінде сауатты жеткізе білу. Жазылым Продуктивті дағдылар қатарына жатады


Жазуға дайындық кезеңі: Жазуға дайындық кезеңі



бет2/8
Дата17.10.2023
өлшемі31,52 Kb.
#117412
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Бағдарламада белгіленген жазылым дағдылары-emirsaba.org

Жазуға дайындық кезеңі:

Жазуға дайындық кезеңі:


  • Ең алдымен шығармадағы барлық кейіпкерді есіңізге түсіріңіз.

  • Кейіпкерлер арасындағы байланысты анықтаңыз, қай кейіпкер сізде қандай әсер тудырды?

  • Автор көзқрарасы мен негізгі идеяны түсініп алыңыз.

  • Оқиғаның немен аяқталғанына мән беріңіз. Қандай идея айтылды?

      Жазылым кезеңі:

      Кіріспе. Мұнда көп жазудың қажеті жоқ. Мұнда автор мен шығарма туралы бір-екі сөйлеммен жазуға болды.


  • Негізгі бөлім: ең күрделісі. Өзіне ерекше әсер еткен сәттерді сипаттап жазады, оның қалай әсер еткенін, қандай сезім тудырғанын, өзінің не ойлағанын, шығарма кейіпкерінің қандай күйде болғанын, өзінің кейіперге дген көзқарасын (сүйсінуін, риза болғанын, аяғанын, көзіне жас алғанын, кеудесіне қуаныш ұялағанын, ыза болғанын т.б.) көркем тілмен жеткізуге тырысуы керек.

  • Қорытынды – бұл бөлімде өзінің жалпы шығарма туралы көзқарасын, оның оқырман үшін маңыздылығын, тақырыбының қоғам үшін қаншалықты өзектілігін, осы шығарма туралы қорытынды пікірін келтіреді.

Жазылым жұмыстарын ұйымдастыруда келесіні ескерген жөн:


  • Жазылым жұмыстары шығармамен танысып болғаннан кейін ұйымдастырылады және оқушының білік дағдысын жаңа кезеңге көтеруі тиіс.

  • Сабақ үстінде бірнеше рет естілген тақырыптарды қайталамай жаңашылдығымен, тың идеясымен ерекшеленуі тиіс.

  • Тақырыптары ой туғызатындай проблемалық сарында, оқушылардың көзқарасын, пікірін, сезімін білдіруге бағыттайтын сұрақ түрінде берілген жөн.

  • Жазылым жұмыстарын ұйымдастыру мәселесі өткен ғасырда да, бүгінгі күнде де өзекті мәселелердің бірі.Осы мәселе төңірегінде Цезарь Павлович Балталонның пайымдарымен танысуға болады.Ол жазылым жұмыстарын шығармашылық тұрғыдан қарастыруды алға тарқан. Жазылым жұмыстың алғы шарты деп оқылған шығармадан алған әсер деп атап өткен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет