Жазылым – ойыңды басқа біреуге түсінікті болу үшін, қағаз бетінде сауатты жеткізе білу. Жазылым Продуктивті дағдылар қатарына жатады


Жазудың бірінші кезеңінен кейінгі өңдеу



бет4/8
Дата17.10.2023
өлшемі31,52 Kb.
#117412
1   2   3   4   5   6   7   8

Жазудың бірінші кезеңінен кейінгі өңдеу


  • Жазылған эссені өңдеу барысында баяндау (айтып жеткізу) тәсілінің бар-жоғына зер салыңыз.

  • Сипаттауға қажетті сөзді дұрыс таңдадыңыз ба?

  • Сипаттаудың бес сезімі сақталды ма?

  • Оқырманға толық сипаттап жеткізе алдыңыз ба? Толықтырулар керек пе?


Оқушылардың жазу мәдениетін қалыптастыру және ой өрісін дамытуға бағытталған әдіс – тәсілдер:

  • Эссе

  • Кейіпкерге хат (тарихи тұлға)

  • Бейнеролик ( дыбыссыз көрсету, оған сценарий жазу).

  • Рефлексия (білгім келеді, білдім, білемін)

  • Сөйлемді аяқта ...

  • Сәйкестендір

  • Жүгіртпе парақ (даталар, оқиғалар,тұлға туралы т.б.)

  • Пән диктанты ( тарих, география) терминдермен жұмыс

  • Хронологиялық диктант

  • Суретке комментарий жазу (оқушының өз ой пікір), сипаттама беру

  • Суретке ақпарат жаз

  • Кескін суретпен жұмыс (берілген оқиғаны жүйелі түрде сипаттап жазу)

  • Мат құру

  • Фишбоун (балық) стратегиясы

Креативті жазу дағдыларын қалыптастыру

Креативтілік - (латынша creatio) - жасау, адамның шығармашылық дарын деңгейі, шығармашылық қабілеті.


Креативтілік - тұлғаның стандартты емес шешімдер қабылдаудағы терең қасиеттерін көрсететін қабілеті.
Философия мен психологияда «креативтілік» категориясын зерттеу мен анықтауда төрт негізгі бағыт айқындалды:

  • Креативтілік-шығармашылық процесс;

  • Креативтілік - жаңаны құрумен байланысты әрекет нәтижесі, шығармашылық өнім;

  • Креативтілік - интеллектуалдық немесе шығармашылық қабілет;

  • Креативтілік - тұлғалық категория, мінез-құлық ерекшелігі. Тұлғаның
    креативтілігін дамыту шығармашыл оқу-тәрбие процесін басқаруды шамалайды. Шығармашылық атмосфераны құру үшін шығармашылыққа жағымды жағдай туғызу керек. Көптеген ғалымдар әр баланың туа біткен шығармашылық мүмкіндіктері бар, ол креативтілікті дамыту тек шығармашылық әрекетте жүзеге асады деген пікірде. Демек, шығармашылық даралықты қалыптастыру әлеуметтік орта шарттарына тәуелді. Мектеп білім беру әдістерін қолданып, танымдық процесті ұйымдастыру тәсілдері арқылы баланың креативтілігін дамытуды ынталандырады. Тұлғаның креативтілігін дамытудың маңызды шарттарының бірі - қауіпсіз, комфортты психологиялық орта.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет