Жазылым дағдысын қалыптастырудың жолдары



бет29/68
Дата31.12.2021
өлшемі6,35 Mb.
#22341
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   68
1. Эссенің жазылу жоспары:

- Кіріспе (эссенің 30 % көлемі)

- Негізгі бөлім (эссенің 60 % көлемі);

- Қорытынды (эссенің 10 % көлемі);

Кіріспе – тақырыпты таңдау себебі және мәні, логикалық және стилистикалық байланысқан бірқатар құрылымдардан тұрады. Бұл кезеңде өз зерттеу барысында жауап іздеген сұрақты дұрыс құрастыру өте маңызды, ал әрі қарай жауапты растайтын дәлелдердің реттілігі қажет. Кіріспе бойынша жұмыс жасағанда мына сұрақтарға жауап көмектесуі мүмкін: «Мен ашатын тақырып қазіргі кезде маңызды ма?», «Менің ойымша тақырыпқа қандай түсініктер енуі мүмкін?», «Тақырыпты бірнеше шағын тақырыпшаларға бөлуге бола ма?» , т.б.

Негізгі бөлім – таңдаған мәселе және негізгі сұрақты қарау теориялық және практикалық негіздерін қамтиды. Осы бөлімде дәлелдер мен талдаудың дамуын болжайды, сонымен қатар, бұл сұрақ бойынша бар мәліметтерге қарағанда басқа дәлелдер мен ұстанымдардың негіздеу қажет.

Эссенің негізгі мазмұны осында. Сондықтан маңыздысы тақырыпшалар, олардың негізінде дәлелдемелердің жүйеленуі (логикалық мәліметтерді қолдану немесе ой толғаулар) жүзеге асады, яғни ұсынылған дәлелдемелерді/талдауды негіздеу қажет. Қажет болған жерде талдаудың құралы ретінде кесте, сызба, диаграмма, сонымен қатар өз тәжірибесін де пайдалануға болады.


Қорытынды – тақырып бойынша дәлелді қорытынды мен жинақтау. Эссені қорытындылайды немесе негізгі бөлімде айтылғанды мәні мен мағынасын тағы да анықтайды. Қорытындыны құрастыру үшін ұсынылатын әдістер: қайталау, суреттеу, цитата, әсерлі дәлелдеу. Қорытынды эссені толықтыратын өте маңызды элементті ұстауы мүмкін, басқа мәселелермен байланысын жоққа шығармай, зерттеудің (импликация) қолдануына сілтеме сияқты. Қорытындыда «Эссенің басында айтылған мәселе бойынша не деуге болады?» деген сұраққа жауап болу қажет. Эсседе зерттеген мәселе бойынша қатысы, оны дәлелдеу, өзіндік қасиет және жаңаша ойлау бағаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет