Жазықова М.Қ. Этнопедагогика


Қазақ этнопедагогикасындағы тәрбиенің мазмұны



бет56/97
Дата27.11.2023
өлшемі497,09 Kb.
#128670
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   97
Байланысты:
Этнопедагогика Оқу құралы - соңғы

5.2 Қазақ этнопедагогикасындағы тәрбиенің мазмұны
Рухани құндылықтар – әлеуметтік танымның өлшемі. Ұлттың, елдің дамуында олардың ролі ерекше. Рухани құндылықтарсыз өркениетті ел болу қиын. Рухани құндылықтар қоғам мен адамға жақсы мен жаманның, пайда мен зиянның, ақиқат пен жалғанның, сұлулық пен ұсқынсыздықтың, маңыздылық пен мәнсіздіктің ара жігін ашуға көмектеседі. Олардың табиғатында адамзаттың өзі өмір сүріп отырған әлемді рухани тұрғыдан игерудің тәжірибесі жинақталған. Рухани құндылықтар қоғам үшін ең маңызды деген әдет-ғұрып, нормалар мен мағыналар қызметін өзіне бағындыра отырып, оны реттейді. Қазақ қоғамының өмір салтында құндылықтарды жоғары бағалау, жас ұрпақты соған баулу дәстүрге айналған. Халықтың рухының асқақтағанын, кемелдене бастауын оның қоғамдағы рухани құндылықтарға мән беріп, соларды жетілдіру жолына түскенінен және адамаралық қатынастағы терең адамгершілік принциптерді көтере бастағанынан аңғаруға болады. Бүгінгі жаһандану дәуірінде әр ұлт, әр мемлекет өзіндік ділін, өзіндік бет-бейнесін сақтап қалуға тырысуда. Әр ұлтты осы үрдістен алып шығар ежелден қалыптасқан ұлттық рухани құндылықтар мен білімді ұрпақ болып табылады. Сол себептен жас ұрпақты тәрбиелеуде басты бағыт ұлттық құндылықтар негізінде адамгершілік-рухани тәрбиені насихаттау болмақ. Бала бойына жасынан мейірімділік, ізгілік, қайырымдылық қасиеттерді сіңіруде сонау ерте заманнан келе жатқан ата-бабалар салт-дәстүрді халықтық мұралармен сабақтастыра тәрбиелеудің маңызы зор.
Жалпыадамзаттық құндылық қасиеттер ұлттық тәрбие мен ұлттық мәдениеттің дамуындағы қозғаушы күш болып табылады. Құндылықтар бізге бала күннен, ананың ақ сүтімен бірге туған тіл арқылы, мораль негіздері ретінде, өз тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін игеру арқылы орнығады. «Қытайлықтар ұлы қытай қорғанын, итальяндықтар сазды әуенімен таң қалдырса, қазақ халқы ұлттық құндылықтар мен бай тілін мақтан етеді», - дейді ұлы жазушы М.Әуезов.
Ұлттық құндылықтар – қандай да бір этникалық қауым өкілдерінің өзіндік тарихи көрінісі бар рухани мұраттарының жиынтығы. Ұлттық құндылықтар бір этникалық топқа жататын адамдардың мінез-құлқының әлеуметтік және нормативтік-мәдени аксиомасы ролін атқарады. Ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеу дегеніміз – халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын, өнерге деген көзқарасын, соған сай мінез-құлқын қалыптастыру. Ұлттық құндылықтың тұғыры адам десек, оған керекті құндылықтар елдің материалдық байлығы, тарихи мұралары, оқу-білімі, ғылымы, ұлттық өнері, салт-дәстүрі, мәдени мұралары дер едік. Адам баласына қызмет ететін осы құндылықтардан рухани азық қалыптасады.
Этнопедагогикалық мәдениет – сол рухани және ұлттық құндылықтарға негізделген этнопедагогикалық білім, адамзаттық қатынас пен үлгі, танымдық және тәрбиелік маңызы бар халықтың тәрбие құралдары, атап айтқанда, қоғамдық тәрбиешілер, халық әндері мен бесік жырлары, ұлттық киімдер, спорттық және басқа жарыстар, дәстүрлі ұлттық мерекелер, өсиеттер мен тыйымдар, салт-дәстүрлер мен балалар фольклоры, ұлттық ойындар мен ойыншықтар.
Келешекті жақсы үмітпен, сабырмен күту – қазаққа тән ұлттық қасиет, себебі келешекте орын алуы тиіс жағдайларға дейінгі уақыттың созылыңқылығын қазақ халқы алдын ала түйсінген және соған мойынсұна білген. Бұл, әсіресе, қазақ фольклорында ерекше көрініс тапқан. Мысалы, «Ер Төстік» ертегісінде Төстік жолға жүрерде Кенжекей Құба інгенді бураға шөгереді: «Не Төстік өлді деген күні ботала, не Төстік келді деген күні ботала» деп серт қылады. Бұл үзіндіден халықтың келер уақытты материалдандыру арқылы түсінетінін байқаймыз. Алдан күткен оқиғалар орындалуы тиіс келер шақтың уақыты келгенін боталаған Құба інген білдіреді. Олай болса, ертегіде адамдардың келер шақтан күтетін бейбіт рахат тұрмысы өткені мен сол сәттегісінен де құнды болып табылады.
Халықтық білім – көптеген ұрпақтардың тәжірибесі арқылы жинақталып, табиғат заңдылықтарын зерттеу және көпғасырлық еңбектің арқасында қалыптасып, дамыған этнографияның маңызды саласы. Халықтық білім - аға ұрпақтан жинап алынған адами қасиеттер туралы түсініктер мен дағдылар, практикалық әрекеттер, яғни табиғи және әлеуметтік құбылыстарды бақылаудың жинақталған (эмпирикалық) кешені.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет