Мақсаты: Қазақтың дәстүрі мен әдет-ғұрпының тұлғаның рухани мәдениетін қалыптастырудағы рөлі туралы түсінікті меңгерту
Бақылау сұрақтары: 1 Дәстүр және мен әдет-ғұрып терминдерінің мағынасы қандай?
2 Қазақтың дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының ерекшеліктері неде?
3 Олардың халықтық педагогикадағы орны қандай?
4 Олардың тұлға қалыптастырудағы ролі қандай?
Тапсырмалар: 1 Халқымыздың салт-дәстүрінің бірін сипаттап беріңіз, оның қазіргі уақыттағы қолдану аясын анықтаңыз. 2 Осы уақытқа дейін сақталып қалған өзіңізге белгілі қандай ғұрыптарды білесіз және оның тұлғаның рухани мәдениетін қалыптастырудағы рөлін түсіндіріңіз.
3 М.Әуезовтың «Абай жолы» романындағы дәстүрлер мен ырымдарға талдау жасаңыз. Қазіргі уақытта романда кездесетін дәстүрлер мен ырымдар қазақ тұрмысында қолданыла ма? Ойыңызды дәлелдеуіңіз керек.
Мәнжазба, эссе, жоба тақырыптары: Қазақ халқының әдет-ғұрыптары
Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар...
Ырымға сенуге бола ма?
Дәстүрлер үндестігі
3 Оқудан тыс уақытта қазақтың ұлттық ойындарын пайдалану
3.1 Ұлттық ойындардың халықтық педагогикадағы орны
3.2 Сыныптан тыс уақытта қазақтың ұлттық ойындарын пайдалану
Мақсаты:Ұлттық ойындардың халықтық педагогикадағы орнын анықтап, оларды сыныптан тыс уақытта пайдалану жолдарын меңгерту
Бақылау сұрақтары: 1 Ұлттық ойындар дегеніміз не?
2 Ұлттық ойындардың халықтық педагогикадағы орны қандай?
3 Ұлттық ойындарды сыныптан тыс жұмыста пайдаланудың жолдары қандай?
Тапсырмалар: 1 Ұлттық ойындардың негізгі түрлеріне сипаттама беріңіз
2 Өз қалауыңыз бойынша ұлттық ойынның бір түрін қатыстырып сыныптан тыс жұмыстың сценарийін дайындаңыз
Мәнжазба тақырыптары: 1 Қазақ халқының ұлттық ойындарының жастарға дене тәрбиесін берудегі орны
2 Қазақтың ұлттық ойындарын оқу үдерісінде пайдаланудың жолдары
3 Сыныптан тыс жұмыста қазақтың ұлттық ойындарын пайдалану