Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар:
1 Қазақ этнопедагогикасындағы толымды тұлғаны тәрбиелеу мәселесіне шолу жасаңыз.
2 Халықтық білім ұғымына сипаттама беріп, оның негізгі түрлерін атаңыз.
3 Халық педагогикасындағы ұл бала мен қыз бала тәрбиесіне қойылатын талаптарды атаңыз.
4 Қазақ халық педагогикасындағы отбасы тәрбиесінің ерекшеліктерін көрсетіңіз.
5 Қазақ этнопедагогикасындағы адамның жас және жеке ерекшеліктерін ескеру қажеттілігі туралы қағиданы басшылыққа алып, әр кезеңге сипатама беріңіз.
ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ ТАҚЫРЫПТАРЫ :
1. Қазақ батырлары эпостары негізінде оқушыларға патриоттық тәрбие беру
1.1 Қазақтың батырлық эпостарына сипаттама
1.2 Батырлық эпостарының этнопедагогикадағы орны
1.3 Батырлық эпостары негізінде оқушыларға патриоттық тәрбие беру.
Мақсаты:
Қазақ батырлық жырлары негізінде оқушыларға патриоттық тәрбие берудің жолдарын меңгерту.
Бақылау сұрақтары:
1 Батырлық жырлары дегеніміз не?
2 Батырлық жырларының этнопедагогикадағы орны қандай?
3 Батырлық жырлар негізінде оқушыларға патриоттық тәрбие берудің жолдары қандай?
Тапсырмалар:
1 Алпамыс, Қобыланды, Ер Тарғын, т.б. батырлық эпостары кейіпкерлерінің ерлік істері баяндалатын тұстардан үзінді келтіре отырып, оны патриоттық тәрбие беруде қалай қолдануға болатынын көрсетіңіз.
2 «Ерлікке әрқашан да орын бар» деген пікірге келісесіз бе? Ойыңызды дәлелдеңіз.
Мәнжазба тақырыптары:
1 Оқушыларға патриоттық тәрбие беруде батырлық жырларының ролі
2 Қазақ батырлық эпостарындағы әйелдер бейнесінің қыздар тәрбиесіндегі орны (бір эпос негізінде)
3 Қазақ батырлық эпостарындағы басты кейіпкерлер бейнесінің бүгінгі ұл бала тәрбиесіндегі орны (бір эпос негізінде)
2 Оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде қазақ халқының озық дәстүрлерін пайдалану
2.1 Қазақтың дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары
2.2 Салт-дәстүрдің халықтық педагогикадағы ролі
2.3 Салт-дәстүрдің тұлға қалыптастырудағы ролі
Достарыңызбен бөлісу: |