15 С.Қалиев қазақ халық педагогикасының тарихын қанша кезеңге бөліп қарастырады? А) Екі; В) Үш; C) Бес; D) Сегіз; E) Он.
16 Ұлы түркі қағанаты халықтарының салт-дәстүрі мен мәдениеті баяндалатын ежелгі жазба ескерткішті атаңыз: А) «Авеста»; В) Орхон-Енисей; C) Шешендік өнер негіздері ; D) Диуани Хикмет ; E) Бабырнама.
17 Төмендегі еңбектердің қайсысы әл Фарабидікі? А) Риторика; В) Логика; C) Диуани Хикмет; D) Құтты білік; E) Жеті Жарғы.
18 ХУ-ХУІІ ғасырларда қазақтың халық педагогикасының дамуына .... негіз болды? А) Жыраулардың тәлімгерлік толғаулары; В) Көне жазба ескерткіштері; C) Ғылыми трактаттардың жазылуы; D) Түркі тілдерінің сөздігі; E) Әскери-жауынгерлік туындылар.
19 Жауынгер жырауларды атаңыз: А) Ақтамберді; В) Асан қайғы; C) Бұқар; D) Майлықожа; E) Базар.
20 Адам өмірінің туғаннан бір жасқа дейінгі кезеңі қалай аталады? А) Нәрестелік кезең; В) Жасөспірімдік кезең; С) Жігіттік шақ; D) Кәрілік кезеңі; E) Балалық шақ.
21 «Этнопедагогика» ұғымына төмендегідей анықтама берген ғалым? «Этнопедагогика – халықтың жас ұрпақты тәрбиелеу тәжірибесі туралы, олардың педагогикалық көзқарастары туралы ғылым». А) Қ.Жарықбаев; В) С.Қалиев; C) Г.Волков; D) Г.Виноградов; E) Е.Христова.
22 «Манас» эпосы қай халықтікі? А) Қырғыз; В) Өзбек; С) Қазақ; D) Тәжік; Е) Түрікпен.
23 Этнопедагогика саласында «этнопедагогика», «халықтық педагогика» ұғымдарын алғаш ажыратып, дұрыс түсінік берген ғалым: А) И.С.Кон; В) Г.Н.Волков; C) Қ.Жарықбаев; D) Г.С.Виноградов; Е) З.Ә.Әбілова.
24 Барлық халықтарға ортақ дәстүр:А) Тасаттық беру; В) Сырға салу; C) Құда түсу; D) Бесік құда болу; Е) Ұрын келу.
25 Қазақ халық педагогикасындағы төртiншi кезең қалай аталады? А) Сақтар мен ғұндардың жауынгерлік тәрбие кезеңі; В) Жыраулардың тәлімгерлік ой-пікір кезеңі; С) Тәуелсіз Қазақстан жағдайындағы тәрбиенің дамуы; D) Кеңестік кезеңдегі тәрбие; Е) Орта ғасыр ойшылдарының тәлiмгерлiк ой-пiкiрлерi кезеңі.