Жазу адамзат баласының өмірінде мыңдаған жылдар бойы орын алып келеді әрі бүгінгі таңда өте маңызды рөлге ие. Табиғи тұрғыда адамзат баласы жаза алмайтын кез болған


Қазақ әліппиінің араб графикасынан латын графикасына көшуі



бет8/9
Дата29.09.2023
өлшемі111,38 Kb.
#111303
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
treatise206759

Қазақ әліппиінің араб графикасынан латын графикасына көшуі.
Бұл жағдай сол кезде үлкен дауға айналды. Себебі, ағартушы топ араб графикасынан латын графикасына көшуді негізсіз, қажет емес деп санайтындар мен бұл өзгерісті қолдайтындар болып екіге бөлінді. Бұл топтарға «арабшылар», «латыншылдар» деген атау берілді. Екі жақ та өз ұстанымдарын барынша қорғап, дәлелдеп бақты. 1929 жылы Бакуде болған бүколодақтық конференцияда бұл тақырып ең өзекті тақырып болды. Ағартушылардың екі жаққа бөлініп, өз тұжырымдарын ғылыми тұрғыда дәлелдеп, қызылтамақ боп тартысып жатқанымен, қазақ жазуының графикасының арабтан латынға өзгеретіні «жоғарыдан» шешіліп қойған болатын. Ғалымдар дауласуының нәтижесінде, «латыншылдар» жеңіске жетті деп есептелінді.
Бұл өзгеріс тек әліппи таңбаларына қатысты болды ма? Әрине, олай емес. Емле ережелеріне де біршама өзгерістер енді. 1924 жылы 12-13 маусым аралығында Орынборда Қазақ білімпаздарының тұңғыш сиезі болды. Осы жиында қаралған негізгі мәселелер қатарында қазақ емлесін бірөңкейлеу мен қаріп мәселесі де болды. Қазақ тілінің емлесін бір қалыпқа келтіру мақсатта түрлі жобалар ұсынылды, түрлі сұрақтар көтерілді. Сиезде баяндама жасаған Елдес Омаров жазу мәселесіне қатысты түрлі жобалар бар екенін айта отырып, соның ішінде он бір түрлі жобаға тоқталып өтті:

  1. «х», «ш», «ф», «һ» әріптері қазақ әліпбиінен шығарылсын;

  2. Сүйеу таяқ («а») жойылсын/қалдырылсын;

  3. «ы» тақырыпты бітеу буын ережесі бұзылсын, «ы» бар жерінде қалмай жазылатын болсын деген жоба жайлы;

  4. «қ» мең «к» -нің орнына бір әріп, «ғ» мен «г» нің орнына бір әріп, болса жарайды деушілер жобасы;

  5. «ұу», «ыу», «ій» болып бір дауысты бен бір дауыссыз дыбыстың тізілгенінен болған сөз буынын орыстың ұзын «у»-і мен ұзын «и» -не ұқсатып екі дыбысты бір әріппен жазуды қолдаушылар жобасы;

  6. «б», «д», «ғ», «г» дыбыстары, артында дауысты дыбыс болмаса, тұйықталып «п», «т», «қ», «к» болып айтылады- тұйық буынның соңғы дыбысы еш уақытта да «б», «д», «г», «г»болмайды, «п», «т», «қ», «к» болады.

  7. «Тіл құрал»-да қазақ тіліндегі дыбыстар: 1-дауысты, 2- жарты дауысты, 3- дауыссыз – болып үш тапқа бөлінгенде дауыссыз дыбыстар: қатаң, ұяң болып тағы екіге бөлінген; ұяң дыбыстар ымыралы, ымырасыз болып жаңа екі бөлінген. Қазақша дыбыстарды бұлай жіктеудің қолайсыз жері бар;

  8. Қазақ тілінде артықша ымыра бар;

  9. демеу, жалғаулықтар жайлы;

  10. қазақ тілінде «дікі», «кер», «қор» сықылды үндестік заңына келмейтұн жұрнақтар бар;

  11. етістіктің екінші жақ жіктеуі «сың» / «сын» жайлы;

Көтерілген мәселелердің біршамасы сол кезде шешімін тапты. Дегенмен, әлі күнге дейін нақты шешімі табылмай, табылса да бүгінгі таңда ғалымдар арасында қайта дауға түсіп жүргендері де бар. Оларға 1, 4, 5- ші пунткідегі мәселелерді жатқызсақ болады.
Бірінші мәселе уәжі:

  • «әріп» азайса жазу жеңілденеді;

  • Бұл төрт дыбыс қазақ тілінде жоқ;

  • «ш» мен «ф» дыбыстары («ш» ның «ч» дан басқалығы) мүлде жоқ;

  • бірен-сараң «ау-хау», «ахау» , «ах», «үух» сықылды одағайларда болмаса, «х» мен «һ» да кездесе бермейді.

Баяндамашы білім кеңесінің «һә» «харф» «шарт» сынды жат сөздерге бола енгізген бұл әріптердің қазақша әліппиде болмағанын қолдады. Жат сөздер қазақ дыбыстарына ыңғайластырылып қабылдану қажеттігін де ескертті. «ш» ның «ч» дан айырмасы болмағандықтан, басқа түркі халықтарынан алыстамау үшін «ч» ні қалдырған қолайлы деді.
Төртінші мәселе уәжі:

  • «к» мен «г», «қ» бен «ғ» ның жұмсақ түрі- «қ» бен «ғ» ды дәйекшісіз, «к» бен «г» ні сөздің алдына дәйекші қойып жазатұн болсақ, әріптің саны кеміп жазу жеңілденеді;

Баяндамашы «Дыбыс жүйесі жағынан тексергенде,- «к» бен «г» , «қ» бен «ғ» нің жіңішке түрі деуге болмайды. Қазақ тілінде «қ» бен «ғ» нің жіңішке түрі де жоқ, «к» бен «г» жуан түрі де жоқ» дей келе, «бұл төрт дыбыстың таңбаларын өзгертпей бұрынғыша төртеуіне әріп арнағанымыз дұрыс» деп сөзін аяқтайды.
Бесінші мәселе уәжі:

  • «у» мен «и» дауысты дыбыстардан соң жарты дауысты делінсін де, дауыссыз дыбыстардан соң дауысты делініп, орыстың дауысты «у» мен «и»-інше оқылсын;

Баяндамашы «Бұл жобаны ұсынушылар оның дыбыс жүйесінше қыйсынсыз екені мен таласбайды, тек: солай болса жазу жеңілденеді дейді. Дұрысында бұл жоба жеңілдік жағынан да қыйсынды бола қоймайды» деген пікір айтады.
Мұхтарұлы Мұқтар баяндаушының басқа жобаларын мақұлдап, қазақ тілінде дауысты ұзын «и» мен «у» жоқ – дегеніне, жаңа «к» мен «г» дыбыстары «қ» мен «г»-нің жіңішке түрі емес – дегеніне қарсы сөйлеп, дәлелдер келтіріп бақты. Қазақ тілінде үндестік заңы бар деп, соның арқасында жазуды жеңілдетіп дыбыстың жуан түрін де жіңішке түрін де бір әріппен белгілеп, жіңішке сөздің алдына дәйекші қойып жазатұн амалды қолданып отырғандарын тілге тиек ете келе, «солай болған соң «к» мен «г» ні «қ» мен «ғ»-ның жіңішке түрі деп, ол екеуін («к» мен «г»-ні) әліпбиден шығарып тастаған жөн, - сонда жазу жеңілденіп, ережеміз тілдің үндестік заңынша болады» деп сөзін қорытындылады.
Халел Досмұхамедұлы жазу мәселесінің өте зор мәселе екенін, оны жете тексеріп барып шешу қажет екенін айта келе, баяндамашының көп сөзінің жөні дұрыс екенін айтты. Одан әрі қарай «у»-дың дауысты дыбыс болуына еш дәлел жоқ екенін, біздің «у»-дың орнына басқа түріктерде көбіне дауыссыз дыбыстар айтылатынын айтып, «тау», «сау» секілді сөздерді бірсыпыра түрік қалықтарының «тағ», «сағ» деп айтатынын мысалға келдіреді. Одан кейін «у»-дың ережесі тақырыпты «ұу» мен «ыу»- ды бірінен бірін айырып жатпай-ақ «ыу» орнына да «ұу» жазған қолайлы екенін жеткізеді. ««ұ» мен «ы» көмескіленіп келген жерде «ұ» жазған дұрысырақ болады, - біздің қазақ тілінде «ұ» өзгеріп «ы»-ға айналып барады; қырғыз тілінде «ұ» сақталған: біздің «үшін»-ді қырғыздар «үчун» дейді, «оқы»-ны «оқұ»- дейді; дұрысы қырғызша болуға тиіс; «оқыу», «жазыу»-лардағы «у»- дың алдындағы дауысты дыбысты «ы» емес «ұ» дегеннен артық қата болмайды, - дұрысының өзі «ұ» болуға керек деп пікірін білдіреді.
Саматұлы Мұқтар арабтың төрт әріпін әліббиден шығарудың жөні жоқ екенін, ол төрт әріп бізден басқа түріктердің бәрінде де бар және олардың ол төрт әріпті өз әліббилерінен шығармайтынын ескертіп, ол төрт әріп бізге де ауырлық қылмауға тиіс екенін жеткізеді.
Тұрғанбайұлы Манан арабтың төрт әріпі туралы Мұқтардың (Саматұлы) сөзін қуаттайды. «Ыу», «үу» деп жазылатұн сөз буындарын бір дыбыс деп біліп, екеуін бір әріппен жазған жеңіл болатынұн айтып, соған арнап жоба шығару керек, ең болмағанда Қалел айтқанша оның екеуін де «ұу» деп жазу керек – дейді.
Ақмет Байтұрсынұлы сөзін жазу мәселесін тексергенде әуелі жазудың негізін шешіп алу керек екенін, оның ішінде қазақ тіліндегі дыбыстардың қандай екенін, оның таңбалары қандай болатынын, олардың, өзара қалай жіктелетінін ашып алу қажеттігін айтып бастайды. «И», мен «у»-ды «р» мен «л» әріптерімен салыстырып талдап көрсетіп, дыбыс жүйесінше «у» мен «и»-дың дауыссыз «р»- дан еш басқалығы жоқ екені, екеуінің де дауысты дыбыстарға қосылмайтынын көрсетеді. «Мұның үстіне қазақша «тау», «мүйіз» сықылды сөздерді бірсыпыра түрік қалықтары «тағ», «мүгіз» - дейді; мұнан «у» мен «и»-дің асылы дауыссыз екені ыспатталады» деп қорытындылайды.
«Қ» мен «ғ»-нің «к» мен «г» ден айтылуы да, естілуі де басқаша, әрқайсысының ауыздан шығатын орындары да бірінен-бірі өте алыстап кеткен ескеріп, бұларды бірінің-бірі жіңішке түрі деу қисынсыз деп тұжырымдайды.
Ал, төрт әріп жайлы ғалым «Елдес шығаруға ұйғарған төрт әріптің қазақ тілінде сақталуға азда болса ақысы бар «һ»» деп көрсетеді. Себебі бұл дыбыспен айталатын сөздер қазақ тілінде аз да болса бар дейді. «Мәселен: «һ!», «уһ!» деген одағайлардан туған «Аһыламақ», «уһілемек» сияқты сөздер түрлі тұрпат түрлері жалғауларымен. Басқаларының сақталғандай қазақ тілінде ақысы жоқ» дей келе «һ»-ден басқаларын сақтау керек деу орынсыз екенін нақылап жеткізді.
«У»-дың алдындағы «ы» мен «ұ» дұдемал талас болғандықтан екеуінің таңдап, қай қолайлысын алуымыз керек екенін айтады ғалым. «ұ» қолайлы десек, «қорұу», «тоқұу», «құрұу», «мұжұу» (зат- есімге айналған түрі), «қорұуұ», «тоқұуұ», «құрұуұ», «мұжұуұ» (тәуелдеу түрі) деп жазу керек болады «ы» қолайлы десек, жоғарыдағы сөздерді бұлай жазамыз: «қорыу», «тоқыу», «кұрыу», «мұжыу» (зат есімге айналған түрі) «қорыуы», «тоқыуы», «кұрыуы», «мұжыуы» (тәуелдеу түрі).
Телжан Шонанұлы баяндамада көрсетілген жобалардың «у» мен «и» ден басқаларына дауы жоқ екенін, бірақ қазақ тілінде дауысты ұзын «у» мен ұзын «и» жоқ деу қате екенін жеткізеді. Ғалым «Ахмет пен Елдес жалғау жұрнақтардың түрлерін дәлел қылып, «и» мен «у» дауысты дыбыстар табына қосыла алмайды дейді. «у» мен «и»-дің дауысты дыбыстарға қосылатұн жері де бар, қосылмайтұн жері де бар».
Арабайұлы Иншанғали төрт әріптің басқа түркі тілдерінде бар екенін, олардыалап тастау біздің жазуды түсінбеуге алып келетінін сөзге тиек етіп, оларды қалдыру керек деп қоырытындылады. Келесі мәелебойынша «ұзын «у» мен ұзын «и» қазақ тілінде жоқ дегенге өзім түсіне алмаймын. Көп жыл мұғалім болып бала оқытып көрдім: балаға «ұу», «ыу», «ыи» деген әрқайсысы екі дыбыс деп түсіндіру қиын. Тілдің заңы ғылым жолы деп, жазуды қиындатып алып жүрмейік,- «у» мен «и»-дің жазу ережесін жете тексеру керек» деп қорытады. Және «ы» мен «ұ» көмескіленіп естілген жерде, «ы» жазбай «ұ» жазған дұрыс: ондай дыбыстардың асылы «Ұ» екенін айтады.
Міржақып Дулатұлы арабтың төрт әрпі тақырыпты Ишанғалидің сөзін қолдап, ол төрт әріптің әліпбиден шығарылмауын қалайтынын жеткізді.
Бұл сиезде ең даулы болған мәселе и мен у дыбыстары жайлы болды. Ағартушылар бұл екі дыбысты дауысты және дауыссыз деп танитын екі топқа бөлінді. Екі топ та өз шындықтарын дәлелдеп бақты.
«Қазақ тілінде дауысты «у» мен дауысты «и» жоқ деп дауыс берген:
1 - Бөкейқан ұлы Әли-қан, 2 - Омар ұлы Елдес, 3 -Досмағамбет ұлы Қалел, 4 - Дулат ұлы Мыржакыб, 5 - Шағи ұлы Нығметжан, 6 - Байтұрсынұлы Ақмет, 7 - Тұрғанбай ұлы Манан, 8 - Алдонғар ұлы Ерғали, 9 - Наурызбай ұлы Мырза, 10 - Жолдыбай ұлы Молдағали, 11 - Ақбай ұлы Рүстем (Бөкей өкілі - барлығы 11 кісі болды).
Бұған қарсы, қазақ тілінде дауысты «у» мен «и» бар деушілер:
1-Сүгірұлы Рақым (орынбордағы газыт, жорналдар басқармасының өкілі, Сәкеннің орнына сайланып келген), 2-Арабай ұлы Ишанғали, 3-Мырза ұлы Мұқтар, 4-Төреғұл ұлы Нәзір, 5-Зәли ұлы Нұғман, 6-Ералы ұлы Нұртаза алтауы болды.
Құлжан келіні Нәзипа дауыс берген жоқ.
Бұлардан басқа өкілдер мәжілісте болмады.
Сөйтіп, сіиез көпшілікпен: қазақ тілінде дауысты «у» мен «и» жоқ деп ұйғарды» (2005). Көріп отырғанымыздай аталған ғылыми жиында қазақ тілінде дауыссыз «и» мен «у» дыбыстары ғана бар екені шешіліп, нүкте қойылды. Дегенмен, бұл ұйғарыммен келіспейтіндер болғанын да көреміз.
Әмірбекова А.Б. «Қазақ жазуы тарихындағы латыннегізді әліпби және емле» атты монографиясында «ій», «ый» қосарлы дыбыстар мәселесі жайлы сөз ете отырып, Н. Сауранбаев пен С.Аманжоловтың ұсысынтары мен ұстанымдарын талқылайды. Қорыта келе былай жазады: «Байқап қарасақ, Н.Сауранбаев модель бірізділігін, ықшамдау принципін ұстанған. Ал С.Аманжолов ұлттық тілге тән айтылым нормасын сақтау, омонимдерді көбейтпей, екі түрлі ұғымды бір сөзбен емес, фонема арқылы ажыратып, екі сөз ретінде жазу (мый - ми) қағидасын ұстанады. Тілдің жазуда ықшамдалуы үшін, орфографиялық ережелердің бірізділігі сақталуы үшін Н.Сауранбаевтың ұстанымы тиімді, ал ұлттық тілдің шынайы құндылығын, айтылым нақышын бұзбай сақтау үшін С.Аманжоловтың принципі ұтымды». «Тілдің жазуда ықшамдалуы үшін» деген тіл мамандарын жақсылап ойландыруы керек мәселе. Бұл мәселеге Ақымет Байтұрсынұлы бастан нақты жауап қалдырып кеткен: «Мен ойлаймын,

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет