Жазу адамзат баласының өмірінде мыңдаған жылдар бойы орын алып келеді әрі бүгінгі таңда өте маңызды рөлге ие. Табиғи тұрғыда адамзат баласы жаза алмайтын кез болған


«Мен ойлаймын, емле – жазу үшін шығарған нәрсе, жазу – тіл үшін шығарған нәрсе. Олай болса тілді бұзып емлеге ыңғайлау емес, емлені тілге ыңғайлау керек»



бет3/9
Дата29.09.2023
өлшемі111,38 Kb.
#111303
1   2   3   4   5   6   7   8   9
«Мен ойлаймын, емле – жазу үшін шығарған нәрсе, жазу – тіл үшін шығарған нәрсе. Олай болса тілді бұзып емлеге ыңғайлау емес, емлені тілге ыңғайлау керек» (1913:110). Ғалымның сөзіне сай, емле тілдің барлық заңдылықтарын сақтап, жазғанда ыңғайлы болатындай, оны оқу және оқытуға қолайлы болатындай, тілдің ажарын беретіндей болғаны жөн.
Жазу және жазуда қолданатын белгілер. Грамматология саласы жазудың өзінен бөлек жазу барысында қолданылатын белгілі бір мақсаты бар белгілерді де қарастырса керек. Әр елде ол белгілердің атауы бөлек. Ал, қазақ тілінде суреттеріне қарап әркім әрқалай атап жүрген болатын. Ғалым 1928 жылы жарық көрген «Тіл жұмсар» атты оқу құралында жазуда қолданатын белгілерге ат қойды. Және онда ғалым белгілердің суреттеріне ғана қарап қоймай, олардың жұмсалатын орны мен қызметіне де мән берді. Төменде жазуда қолданатын белгілер мен олардың қызметі ғалымның өз сөзінен берілді:
Тыныстық (.) – дауыстың тынатын жеріне қойылатын белгі.
Жапсарлық (,) – дауыс тынбай, тек сөз арасы көбірек ашыла айтылатын жерге қойылатын белгі. Сөз арасының олай ашылуы көбінесе сөйлемдер қосылған жапсарлық жерінде болады.
Қосарлық ( = ) – сөзді қосу керек болған орында, бір сөздің екі бөлімін қосу керек болған орында, немесе біріне-бірі жедел екі сөз қатарынан айтылған орында, не болмаса бір сөздің өзі қайта-қайта жедел айтылатын орында қойылатын белгі.
Тастарлық ( – ) – жазбай тасталған сөздің орнына қойылатын белгі.
Дәлдеулік («») – бұлжытпай дәлдеп жазып көрсетерлік жерде қойылатын белгі» (1992:337).
Белгілер атаулары әрқайсысы жұмсалатын орны мен атқаратын қызметіне қарай мағыналары да сәтті қойылған. Бұдан ғалымның ойының ұтқырлығы мен шеберлігін тіл үшін дұрыс қолдана білгенін көреміз. Бұлай дейтініміз, бұл белгі атауларын тіл иелеріне қабылдау оңай болады. Себебі, өз тілінде берілген атаулар арқылы белгінің қолданылатын қызметін әрі орнын өзінің білімімен ассосация жасау арқылы меңгеру жеңіл болмақ. Өкінішке орай бүгінгі таңда бұл белгі атаулары қазақ тілінің қолданысында жоқ. Біз орыс тілден аударылған нұсқаларын қолданамыз. Дегенмен де, бұл ғалымның жазуда қолданатын тыныс белгілеріне де қазақ ғалымдарының арасынан алғаш мән беріп, шешімін көрсеткендігі, тіл ғылымының бұл саласында да ерен еңбек еткендігінің дәлелі.
Қорыта келгенде айтарымыз, қазақ тіл ғылымында тілге қатысты мәселелердің ауқымды қатарын зерттеп, оның ішінде жазуға түрлі аспектіден қарап, мәнін аша білген біртуар ғалым, қазақ грамматологиясының негізін қалаушы лингвист – Ақымет Байтұрсынұлы. Бұл жерде мән беретін жағдай грамматалогия термині ең алғаш тек 1952 жылы ғана ұсынылды. Ал, Ақымет Байтұрсынұлы жазуға қатысты тұжырымдарын 1912-1928 жылдар аралығында жазып қалдырды. Жазуға жан-жақты сипаттама беріп, жазу мен сөйлеудің, жазу мен дыбыстың, жазу мен оқудың баланыстарын нақты айқындап жазып, жазудағы емле жүйелерін бөліп, жазудың өзін топқа жіктеп, ізбасар шәкірттеріне грамматологияның теорялық негіздерін қалдырып кеткендігі үшін Ақымет атамыз қазақтан шыққан грамматологияның негізін қалаған алғашқы грамматолог ғалым деп атауға әбден лайық. Бұл еңбекте ғалымның сөздерін, тұжырымдарын жіктеп көрсету арқылы оқырман қауым Ақымет Байтұрсынұлының жазу ғылымы саласында жасаған еңбектерінің ерен екендігіне ендігі жерде еш күмән келтірмейді деп сенеміз.
Қазақтың бірегей тұлғасы, көрнекті ғалым Ақымет Байтұрсынұлының еңбектері әлі тереңдей зерттеуді қажет етеді. Ғалымның жұмыстарын оқи отырып, осыдан тура бір ғасыр бұрын өмір сүрген атамыздың білімінің тереңдігі, ойының ұшқырлығы, тілге деген сүйіспеншілігі, тілдің табиғи заңдылықтарына деген беріктігі, ғылымға деген адалдығы, жан-жақты ізденіпмаздығы, қазақ халқына деген шынайы жанашырлығы, еліне деген шексіз махаббаты, мінезінің өткірлігі, өзіне деген сенімділігі, «Тіл – құрал» арқылы (өзінің айтуы бойынша) қазақ тілін қандай құрал екендігін тұтас түрінде таныту үшін түрлі бөлшектерін, тетіктерін ұсағын ұсағынша, ірісін ірісінше жүйелі тұрған орнында алып көрсетіп танытқандығы ғалымның барлық құрмет пен атаққа лайықты екендігіне көзімізді жеткізеді. Ғалымның адалдық пен ізденімпаздықты, еңбекқорлықты талап ететін ғылым алаңындағы салған сара жолы, өмір жолы, аса құнды еңбектері біз секілді келесі замандық із жалғаушы шәкірттеріне тілге қызмет ету жолында ерекше күш-қуат береді.

ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ОРФОГРАФИЯЛЫҚ ЕМЛЕСІ: ОРФОГРАФИЯЛЫҚ СӨЗДІКТЕРДЕГІ СӨЗДЕРДІҢ СИПАТЫ


Қазақ тілінің орфографиялық емлесі деп дұрыс жазудың емле ережелерін түсінеміз. Дұрыс жазу тәртібін сақтау – сауаттылықтың басты көрсеткіші. Ал дұрыс жазу тіліміздің заңдылықтарына сай жүргізілуі тиіс. Тіл заңдылығы сақталған ережеге негіздеп жазылған жазу ғана дұрыс деп танылмақ. Қазақ тілінің емле ережелері ресми түрде алғаш 1923, 1924 жылдары қазақ тілінің емле конференцияларында бекітілді. Ал, 1929 жылы 2-4 маусымда Қызылордада болған емле конференциясында латын графикалы әліппенің қабылдануына байланысты, осы әліппеге негізделген емле ережелері бекітілді. Одан кейін 1938 жылы Емле ережелеріне түзетулер мен толықтырулар қайта енгізілді. Ый/ій, ұу/үу қосарлы дыбыстарының орнына и, у дыбыс таңбаларының қолданылатыны да осы ережеде бекітілді. Осы жылғы ереже негізінде 1941 жылы тұңғыш орфографиялық сөздік жасалды. Орфографиялық сөздік тілдегі сөздердің жазылу нормасын көрсететін сөздік (2005: 7). Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының 1957 жылғы 5 июньдегі Указы бойынша Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бекітіліген ережеге сай 1963 жылы орфографиялық сөздік жарыққа шықты. Одан әрі 1972, 1978 жылдары толықтырылған орфографиялық сөздіктер шығып отырды. 1983 жылы 25 тамызда 1957 жылы бекітіліген қазақ тілі орфографиясының ережелеріне негізгі өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, олардың жаңа редакциясы бекітілді. Бүгінгі таңға дейін қолданыста жүрген ережелердің негізі осы ереже.


Қазақ тілі орфографиясының ережелері (1983) 9 бөлімнен тұрады: әріптер емлесі; түбір сөздердің жазылуы; бөлек жазылатын сөздер; бірге жазылатын сөздер; қос сөздердің жазылуы; қосымшалардың жазылуы; шылау сөздердің жазылуы; бас әріптердің қолданылуы; сөздердің тасымалдануы. Әр бөлімге жеке тоқталып жатуға да болады, бірақ мақсат ол емес. Мақсат орфографиялық сөздіктердегі сөздерді сипаттап көрсету. Дегенмен де, бұл ережелердің бірінші бөліміне қысқаша тоқталып өтуді жөн көріп отырмыз. Әріптер емлесі деп аталатын алғашқы бөлімі дауысты дыбыс әріптерінің емлесі және дауыссыз дыбыс әріптерінің емлесі деген бөлімдерден тұрады. Алғашқысының төртінші параграфында былай делінген:
4. и әрпі мынадай орындарда жазылады:
а) түбір сөзде де, туынды сөзде де жіңішке естілетін жалаң и дыбысының және жуан естілетін қосарлы ый, ій дыбыстарының таңбасы ретінде и әрпі қолданылады. Мысалы: иіс, иін, ине, имек, илеу, тиын, тиін, қиын, киін, сирек, сирақ, ти, тиімді, тиіс, жиналыс, тарихи, сайаси, йағни, ылғи, қағида, ақиқат, Иса, Иманбай, Әли, Сағира, Қалима, Кәлима, кино, кредит, комиссиа, идейа, иероглиф (1988: 7); Демек, түбір, туынды сөздердегі қосарлы ый, ій дыбыстарының орнына и қолданылатыны нақты көрсетілген. Ал, осы бөлімнің бесінші параграфында:
5. у әрпі мынадай орындарда жазылады:
а) түбір сөзде де, туынды сөзде де бірде жуан, бірде жіңішке естілетін дауысты у дыбысының, сондай-ақ дауысты дыбыстан бұрын және кейін келетін үнді у дыбысының таңбасы ретінде қолданылады. Мысалы: су, гуіл, у, жуа, қуат, уыз, қалаулы, селеу, тіреу, түйреуіш, уәде, дәулет, дәуір, шу-шуледі, шулады, гу-гуледі, тулады;
ә) ы, і дыбыстарына бітетін етістіктерге тұйық райдың -у жұрнағы жалғанғанда ы, і дыбыстары түсіріліп жазылады. Мысалы: оқы – оқу, тоқы – тоқу, жібі – жібу, ірі – іру, суы – суу (1988: 8);
Бұл жерден у әрпі бірде дауысты, бірде дауыссыз екендігін және қимыл есім жұрнағы екендігін нақты көрсетілген.
1924 жылы Орынборда болған білімпаздар съезінде Ақымет Байтұрсынұлы, Елдес Омаров сынды лингвист-ғалымдар й, у дыбыстарының, қалай қараса да, дауыссыз дыбыстар екендігін дәйекті мысалдармен дәлелдеген. Сәйкесінше, 1929 жылғы бекітілген әліпби мен ережеде жоғарыда аталған ереже қарастырылмаған болатын. й мен у дыбыстары дауыссыз дыбыстар қатарында болды. Сол себепті де, ый, ій, ұу, үу қосарлы дыбыстары сөздердің жуан-жіңішкелігіне қарай сәйкесінше қолданылып отырған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет