Жазу адамзат баласының өмірінде мыңдаған жылдар бойы орын алып келеді әрі бүгінгі таңда өте маңызды рөлге ие. Табиғи тұрғыда адамзат баласы жаза алмайтын кез болған


емле – жазу үшін шығарған нәрсе, жазу – тіл үшін шығарған нәрсе. Олай болса тілді бұзып емлеге ыңғайлау емес, емлені тілге ыңғайлау керек»



бет9/9
Дата29.09.2023
өлшемі111,38 Kb.
#111303
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
treatise206759

емле – жазу үшін шығарған нәрсе, жазу – тіл үшін шығарған нәрсе. Олай болса тілді бұзып емлеге ыңғайлау емес, емлені тілге ыңғайлау керек» (1992). Бұл емле жасауда үнемі негізге алынуы тиіс аса маңызды тұжырым.
Бұл мәселелер әлі күнге дейін өзекті болып келеді. Себебі қазіргі таңда латын негізді әліппиге көшу басты мәселелердің бірі. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін 1991 жылы алды, ал 1993 жылы Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының сол кездегі президенті, академик Әбдуәлі Қайдар қазақ тілші ғалымдарымен бірге талқылаудан кейін, латын әліпбиі туралы, қазақ жазуын латын графикасына ауыстыру жайлы ұсыныстарын жазып, Елбасына хат жолдады. «Бұл ойлануға татитын мәселе, мамандар шұғылданып, маған нақты ұсыныспен шықсын» деген жауап алғаннан бері, бұл тақырып тұрақты түрде араға уақыт салып сөз болып отырды. Елбасы 2006 жылы 24 қазанда Астана қаласында өткен Қазақстан Халықтар ассамблеясының XII сессиясында Қазақ әліпбиін латынға көшіру жайлы сұраққа қайта оралу керек екенін айтып, мамандардың жарты жыл ішінде осы сұрақты зерттеп, талқылап, нақты ұсыныстармен келуін тапсырды. 2012 жылы «Қазақстан-2050» стратегиясында «2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісеміз» (2017) деп мәлімдеме жасады. 2013 жылы латын графикасына көшу жайлы ұлттық комиссия құрылатыны жайлы хабар берілді. Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия 2017 жылы 14 қарашада құрылып, № 153 өкіммен бекітілді.
2018 жылы 19 ақпанда ҚР Президенті жарлығымен жаңа әліпби бекітілді. Бекітілген әліпби акут әліпбиі деп аталады. ҚР президентінің тапсырысымен бұл әліпби әлі де жетіле түсуі қажет. Енді осы жағдайда әліпбиді ғана өзгерту жеткіліксіз екенін айтып, жазу реформасы қажет деген ұсыныстар да айтылып та, жазылып та жүр. Тілші-ғалым Әлімхан Жүнісбек жазу әліпби, таңба және емле-ережеден құралатынын айтады. Мұндағы әліпби – тілдің дыбыс құрамы болса, таңба – дыбыстың қауызы, ал емле-ереже – әліпби мен таңбаның ұлттық дәнекері деп анықтама береді ғалым. «Жазу реформасы деген осы үш мәселенің кешенді шешімін тауып беруі керек. Сонда ғана төл ұлттық әліпби қалыптасады» (2017) деп тұшымды пікір айтады.
Бұл мәселе жиырма бірінші ғасыр басындағы қазақ тарихындағы ең маңызды мәселе болып табылады. Бұл істі өз мамандары лайықты түрде шешіп, ол шешім мемлекет басшылығынан қолдау тауып, еліміз үлкен өзгеріске сәтті қадам басарына сенеміз.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:





  1. I. J. Gelb A study of writing, revised edition, the University of Chicago Press, 1963 – 343 p.

  2. Peri Hermeneias Aristotle: The Categories on Interpretation, Harvard University Press, 1938.

  3. H. Douglas Brown Teaching by principles An Interactive Approach to Language Pedagogy, Second Edition, 2000 – 477 p.

  4. Rivers W.M Teaching foreign language Skills, 2nd ed., Chicago: University of Chicago Press, 1981.

  5. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы (қазақ тілі мен оқу-ағартуға қатысты еңбектері) – Алматы: Ана тілі, 1992. - 448 бет.

  6. Ferdinand de Saussure Course in General Linguistics, Philosophical library. – New York, copyright, 1959.

  7. Қай әдіс жақсы? // Жаңа мектеп. – 1928. - № 4. – 3-11-б.

  8. Қазақша сөз жазушыларға // Шора. – 1913. - №4. -110-113-б.

  9. Jacques Derrida Of Grammatology translated by Gayatri Chakravorty Spivak, The John Hopkins university Press, corrected edition, 1997.

  10. Байтұрсынұлы Ақымет, Тіл жұмсар (сөйлеу оқу, жазу тілін жұмыс тәжірибесі арқылы танытатын I кітап. – Қызылорда: Қазақстан, 1928.

  11. Қалиев Ғ. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі. – Алматы. «Сөздік-Словарь», 2005. – 440 бет.

  12. 1929-жылы 2-4 июньде Қызылордада білім кеңесі мен қазақ жаңа әліп кіндік комитеті шақырған емле конференциясының стенографиялық есебі, КАЗИЗДАТ, 1930

  13. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі: 49000 сөз. Қазақ ССР Ғылым акад. Тіл білімі институты. – Өңд., толық., 3-бас. Алматы – Қазақстан, 1988. – 400 бет.

  14. Р. Сыздық, «Латын жазуы: емле ережелерін түзуде ескеретін жайттар» атты мақала (Қазақ әдебиеті. – 2018. - 14-20 қыргүйек (№ 36).

  15. Сыздық Р. Қазақ тілінің анықтағышы (емле, тыныс белгілері, сөз сазы) Алматы, 2016. – 480 б.

  16. Орфографиялық сөздік/құраст.: Н. Уәлиұлы, А. Фазылжанова, Қ. Күдеринова, Р. Әнес. – Алматы: Тіл білімі институты, 2007. – 480 бет.

  17. Сыздықова Р. Ахмет Байтұрсынов// Тіл тағылымы. – Алматы, 1992.-28-б.

  18. Әуезов М.О. Ақаңның 50 жылдық тойы// «Ақ жол» газеті. 1923, 4 ақпан.

  19. Нұрғалиев Р. Алып бәйтерек// А.Байтұрсынов. Ақ жол. Алматы, 1991. -12-13бб.

  20. Ил.Омаров Ученая деятельность А.Байтурсынова, Оренбург, 28.01.1923г.

  21. Байтұрсынұлы А. Сəбитке жауап // Еңбекші қазақ. 26.01.28.

  22. 1929-жылы 2-4 июньде Қызылордада білім кеңесі мен қазақ жаңа әліп кіндік комитеті шақырған емле конференциясының стенографиялық есебі, КАЗИЗДАТ, 1930

  23. XX ғасыр басындағы қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. 2-кітап. Құраст. О. Жұбаева. – Астана: «Алашорда» қоғамдық қоры, 2018. – 720 бет.

  24. А. Байтұрсынұлы, «Жазу тәртібі» «Айқап», 1912, №4-5

  25. Қазақ білімпаздарының тұңғыш сіиезі/ Алматы, 2005.- 49-57 бб.

  26. Н.Назарбаев, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», 2017

  27. Жүнісбек Ә. Төл әліпби – төл жазу мәселелері. А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты. Алматы: Дайк-Пресс, 2017ж. – 232 бет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет