Жазушы Шәміс Құмарұлы 15. 04. 1952 жылы Қытай халық республикасының Мори қазақ автономиялы



Pdf көрінісі
бет6/28
Дата08.01.2017
өлшемі1,22 Mb.
#1414
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
етпей асығыс арттарына қайтқан . 
 
Бекбай өрмелеп жүріп топ қарағайға келіп аз демін  алды. Өрге қанша өрмелесе де Бекбайдың 
бойы жылынбады. Өзеннің ар жағындағы әлгінде өзі қашып асқан биік қыратқа көз тастады. Бір топ 
солдат тау қыратында әлі ұйлығып тұр екен. Қорыққанынан жылғаның кезеңіне қарай тағы өрмелей 
жөнелді.Енді  ғана  қары  кетіп  дегдімеген  шөптесін  беттен  екі  аяғы    қайта-қайта  тайғанап,  ілгері 
басқан аяғы кейін кетіп , жүрісін мүлде мандытпай қойды. Әбден кезеңге таяғанда, аяғы тайып кетіп 
сырғып  екі-үш  адым  шегініп  кетті.  Жалтақтап  тағы  арғы  жалдағы  солдаттарға  қарады.Олар 
ұйлығысып  тұр  екен.  «Мүмкін,  аналар  мені  көріп  тұрған  шығар.Оқтары  жетпейтін  болған  соң 
атпаған  болуы  керек»  деп  ойлады.  Бекбайдың  бұл  ойы  сәби  көңіл  еді,  солдаттардың  оғы  жетпей 
тұрған  жоқ  қой,  шекара  аттап  мылтық  атуға  болматынын  Бекбай  қайдан  білсін?  Бәрін  өзінің  бала 
қиялымен  мөлшерледі.  Солдаттар  оқ  шығармағанға  жүрегі  едәуір  орнығып  қалды.  Бар  қайратын 
бойына  жинап,  қалшылдап  жүріп  жылғаның  тіремесіндегі  кезеңге  әзер  шықты  .  Қыраттың  асты 
оңтүстікке  қарай  көсілген  кішкене  жазықша  екен.  Жазықшаның  арғы  шетіндегі  түйенің  өркеші 
сияқты  екі  шоқының  шығыс  жағында  өгіз  жетелеген  бір  адам  көрінеді.  Бекбай  қуанып  кетті. 
Жазықшаға  лезде  жүгіріп  түсті.  Айғайлап  еді  даусы  шықпай  қойды.  Жазықшаға  ілінген  соң  бар 
күшін  бойына  жинап,  өгіз  жетелеген  адамға  қарай  жүгірді.  Ол  Бекбайды  қасына  келгенде  бір-ақ 
көрді.Әлденеден шошыған адамша үдірейе қарады. Бекбай ентігін баспай сәлем берді: 
        _  Ассалаумағалайкұм! 
        _ Уағалайкұм уассалам!_ Қойшының дауысы күркіреген жуан екен,_ қайдан жүрген баласың ? 
 
Бекбай жылап жіберді. Екі иегі сақылдап тоңғаннан ауызы сөзге келмей қалған еді. 
 
_ Арғы беттен қашып келдім. Аға-жеңгем өлді,_ деді үзіп-үзіп.  
 
Қойшы  Бекбайдың  жайын  айтқызбай-ақ  білді.  Бекбайдың  су  шапанын  дереу  шештіріп, 
үстіндегі сыртқы қаптал шапанын Бектайға кигізді. 
       Бекбай қайта сөз қайырған жоқ. Сөз қайыруға шамасы да қалмаған еді. Ауылға қарай жөнелді. 
_ Көрдің бе?_ деді қойшы тау етегіндегі төрт  үйдің баранын көрсетіп,_ бергі қараша үй менікі, сонда 
бар. Қатты тоңып кетіпсің , ауырып қаларсың. 
        Суық пен аштық тең қалжыратқан Бекбай, ауылға жақындаған сайын буыны  босап , қайта-қайта 
басы зеңи бастағанын сезді. «Өлсем де шеткі үйдің есігінен кіре өлсем жақсы еді» деп ойлады. Ол екі 
қолымен екі тізесін басып бойына сәл қайрат жиып алған соң тағы жүрді.  Ілгері басқан аяғы кейін 
кетіп, жүрген сайын анау көрініп тұрған ауыл ары қарай қашып бара жатқан сияқты ұзай түсті. Күн 
де  ұясына  жақындап  батуға  таяды.  Бекбай  бір  жүріп,  бір  дем  алып  ауылға  қарай  жылжып  келеді. 
Ауылдың  дәл  үстіндегі  аласа  қабаққа  келгенде  екі  тізесі  дірілдеп,  буыны  құрып  жалып  етіп  отыра 
кетті.  Шәу етіп ауылдың иттері  де Бекбайдың қасына жүгіріп жетті.  Қойшының үйінен шыққан он 
жастардағы бала жалпиып отырған Бекбайға қарап : 

       _ Ой, Алла, әне, бір адам отыр,_ деді дауыстай сөйлеп. Бекбай оған қолын бұлғады. Танауынан 
маңқасы жылтыраған арық сары бала Бекбайдың қасына жүгіріп жетіп келді.  
 
_  Мені  сүйеп  үйлеріңғе  жеткізші,_  деп  Бекбай  балаға  қолын  созды.  Бала  жүгіріп  келіп 
Бекбайды қолтығынан демеп орнынан тұрғызды да, ептеп еңіске қарай жөнелді. Олар үйге кіргенде 
от маздап жанып тұр еді. Бекбайдың кейпін көрген көккөз сары әйел орнынан ұшып тұрды. 
_ Жеңгей, үсіп өлуге айналдым,_ деді Бекбай иегі сақылдап, сары әйел жүгіріп келіп : 
 
_ Балам,  андағы ағаңның киімін шешіндір,_ деп баласына бұйырып, өзі жүктен үлкен  сеңсең 
ішікті алып бекбайдың астына көрпе салды. Сыртқы киімдерін шешіп, көрпенің үстіне сеңсең ішікті 
жамылып  аз  отырған  соң  Бекбайдың  аяқ-қолы  жылынып,  бойына  жан  кіре  бастады.Үй  иесі  әйелде 
тез қимылдап Бекбайға шәй құйды. Бекбай қолына шыныны ала бере өрістегі қойдың алды маңырап 
ауылға  жетті.Киіз  үйдің  оң  жағындағы  кішкене  шарбақ  үйшікте  шу-шу  етіп  маңырап  бір  топ  қозы 
тұр.  Бекбай  шәй  ішіп  аздап  тамақ  жеген  соң, тұла  бойының  әлгіндегі  қалтырауы  басылып,  бойына 
қуат  кіре  бастады.Осыдан  екі  жылдың  алдында  өз  ауылдары  да  дәл  осындай  көктемде  қой-қозысы 
шулап , тамаша бір табиғаттың жәрменкесі басталып жататыны Бекбайдың ойына оралды. Ол кезде 
Бекбайдың өзі анау арық сары бала сияқы дыздақ қағып киіз үйдің оң жағындағы кішкене үйшіктен 
қозыны  бірден көтеріп  шығып  енелерінің  бауырына  салатын.  Сонда  марқұм  шешесі  кішкене  шып-
шыбар  қайың  шелегін  ернеуінен  ұстап  қойларды  сауа  бастайтын.Кешке  жақын  шешесі  Берікқазы, 
Берікбол үшеуіне қоп-қою сүттен  бір-бір шыны құйып беріп, қалғанын ірімшік қайнататын.Мынау 
ауылдың,  әсіресе  мына  үйдің  мына  көрінісі  дәл  содан  аумайды  екен.Шәй  ішіп  отырған  Бекбайдың 
көзінен мөлдіреген жас тамшылары сорғалап кетті.Осы кезде есіктен бағанағы қойшы кіріп келді. Ол 
бір  қолында  шыны  бар  жылап  отырған  Бекбайға  тесіле  қарады.Бекбайға  жаны  ашып  кетсе  керек 
,сыртқы киімін шешіп, Бекбайдың оң жағына келіп отырды. 
 
_ Қарағым,_ деді ол Бекбайдың басын сипап,_ бәрін де естіп біліп жатырмыз. Қазақ «ер жігіт 
жеті өліп, жеті тіріледі» дейді. Бұл осы сен сияқты азаматтарға айтылған сөз ғой. Дүниеде қайсарлық, 
төзімділік  адам  бойындағы  ең  асыл  қасиет.  Егілме  балам,  көз  жасыңды  ти.  Қайта  су  ішерің  бар 
екен.Сенің бағыңа бүгін қойды солай өргізгенім жақсы бола ма! 
Бекбай  көзінің  жасын  сүртіп,  қойшының  бетіне  мейірлене  қарады.  Сондай  сөзді  ол  туған  ағасы 
Берікқазыдан да естімеген еді. Қойшының жасы қырықтан асқан адам екенін білді. 
       _ Рақымет аға, жанымды алып қалдыңыз ғой!_ деді Бекбай үні дірілдеп,_ сізге жолықпасам үсіп 
өлуші едім. 
       Қойшы  сыртқы  киімін  тез  шешіп,  қазан  жақтан  айналып  барып  қолын  жуды.  Онан  соң 
Бекбайдың қасына келіп отырды. Бұл шақта әйел сыртта жүр еді. 
       _  Бойың  жылынсын,  шәй  іш,  _  деп қойшы  Бекбайға  шәй  құйып  беріп,  онан  соң  өзі  шәй  құйып 
ішті.Мынау  үйдің  шәйі  Бекбайға  балдай  татыды.Осындай  шәй  ішпегелі  бір  жылға  таяған.  Шәйі 
солғын  болса  да,  сүті  мол  ақ  шәй  Бекбайдың  бойын  бірдемде-ақ  жылытып  жіберді.  Бекбайдың 
қорыққаннан  есі  әбден  шығып  кеткен  екен.Қойшының  сұраған  сұрағына  жауап  бергеннің  орнына 
алақтап қарап не дерін білмей басын изей берді.  
                                        
 
                                            6 
 
 
       Бекбай оянып басын көтергенде, шаңыраққа күн түсіп, мал өріске кетіп болған еді. Үй иесі әйел 
шәй қайнатып Бекбайдың оянуын тосып отыр екен. 
       _ Ұйқың қанды ма, балам?_ деп Бекбайға күлімсірей қарады.  
       _ Ұйқым әбден қаныпты, шеше,_ деді Бекбай. 

 
_ Е, неше күннен қашып-пысып жүріп ұйықтай алмадың ғой. Орныңнан тұрып шәй іш,_ деді 
үй иесі сары әйел ескіріп қарайып кеткен мыс шәугімнің көзін сүртіп жатып. 
      
Бекбай  орнынан  тұрып,  от  басындағы  келіге  жауып  отқа  кептіріп  қойған  сымын  кигелі 
ұмсынып еді.  
 
_ Ой, мына бала әкемнің киімін киіп алыпты. Ха, ха ! Қораның шетіне барып   Бекбай біраз 
тұрды. Бала жүгіріп үйіне кіріп кетті. 
 
_  Киімің  әлі  кеппепті,_  деді  үй  иесі  әйел  орнынан  тұрып,  жүк  үстінен  қиулы  шалбар  мен 
сырылған  шолақ  шапанды  алып  Бекбайдың  қасына  қойды.Ол  шалбар  мен  шапанды  киіп  тысқа 
шыққанда, әлгі көккөз сары бала санын шапалақтап айғай салды : 
 
_ Ой, мына бала әкемнің киімін киіп алыпты. Ха, ха ! Қораның шетіне барып   Бекбай біраз 
тұрды. Бала жүгіріп үйіне кіріп кетті. 
 
_ Айғайлама, құтырдың ба?_ деген үй иесі әйелдің жіңішке дауысы ап-анық естілді. 
 
 
Бекбай  бұл  күні  мынау  үйде  күн  батқанша  ешқайда  шықпай  жатты.  Қораға  саулап  жеткен 
саулықтардың маңыраған дауысымен тек сары баланың айғайлаған дауысы шықты : 
 
 
_  Ойпыр-ай,  бүгін  қой  недеген  көп  туған.  Ол  өгізден  түсірілген  екі  қозықалтадағы  төрт 
қозыны иығына салып еңіс жақтағы үйге қарай сенделектеп бара жатып : 
 
_  Әй,  Жақа,  сендердің  төрт  қойларың  туыпты,_  деп  айғайлайды.Оның  қозықалтаны  көтеріп 
сөйлеп бара жатқанын Бекбай ашық есіктен анық көріп жатты. Үй иесі қой елтірі тымағын оң қолына 
ұстап есіктен кірді.Оның тап-тақыр қырылған үшкіл басынан бу бұрқырап тұр. 
      _ Ассалаумағалайкұм!_ деп Бекбай басын көтеріп сәлем берді. 
      _Уағалайкұм уассалам!_ деп қойшы қазан жақтан айнала төрге шықты,_ тынығып қалдың ба? 
 
_Тынығып  қалдым,_  деп  Бекбай  жамбасымен  сырғып  қойшының  қасына  таман  жақындап 
отырды. 
         _  Жә  ,  балам  ,  онда  жөнімізді  білісейік,_  деді  қойшы  күлімсіреп,_  менің  атым  Қожакелді. 
Керейдің жәдік атасынан боламыз. Мынау Қали дегеннің ауылы, мен сол Қалидың туған інісімін. 
 
Қожакелді сұраулы көзін Бекбайға бұрды. 
   _ Атым Бекбай, әкем аты Базарқали. Үлкен жағын білмеймін, әкемнің бір кезде біреуге түкбаймыз 
дегені  есімде,_  деп  Бекбай  Қожакелдіге  қалайдан  қалай  қашып  шыққандарын,  аға-жеңгесінің  қай 
жерде өлгенін айтпақшы болып еді ,мүлде есіне келтіре алмады. Жылай отырып : 
 
_ Жеңгемнің аузынан қан ағып қалды. Ағамның екі тізесінен оқ тиіп, қыратта қалды. Өзеннен 
өткенімді білем, онан кейін есім шығып кетіпті,_ деді. 
       Ел орынға отырған соң Қожакелді Бекбайды ертіп Қалидың үйіне келді. Осы төрт үйдің ішіндегі 
ең  ауқаттысы  әрі  ырықтысы  осы  үй  секілді.  Қали  төрде  аяғын  көсіліп  тастап  шалқасынан  жатыр 
екен. Қожакелдінің сәлемімен басын көтерді. Қали қасы қалың, божырайған семіз, қап-қара кісі екен. 
Бекбай  оның  кекінінен  жасқанын  қалды.  Қожакелдінің  аяқ  жағына  келіп  от  басына  бір  тізерлеп 
отыра кетті. Ол аман-сәлемді аяқтатпай жатып : 
 
_ Жә , мынау кімнің баласы?_ деді Қожакелдіге қадала қарап. 
 
_ Бұл баланы мен тауып алдым. Өзіңмен осы бала жайлы ақылдасқалы келіп отырмын 
 
_  Иә,_  деді  Қали  Бекбайдың  жүзіне  қадала  қарап  ,  _  арғы  беттен  келген  болдың  ғой.Сонда 
жалғыз қашып келдің бе? 
 
_ Жоқ, ауылдан шыққанда аға-жеңгесі бар екен , ол кісілер шекарада бірінен соң  бірі оқ тиіп 
өліпті.  Бейшара  баланың  үрейі  ұшып  кетіпті.Солдаттар  атқылағанда  есінен  танып  қалған  сияқты_ 
деді Қожакелді. 
 
_ Иә, Қожакелді,_ деп Қали інісіне қарады,_ бұл бала бас пана тілеп келген екен. Қаңғытып 
жіберсек  болмас,  бұлардың  басына  келген  күн  біздің  басымызға  келмесін  деп  тілейік.  Бұл  маңда 
арғы  беттен  жасырынып  өтіп    ел  аралап  жүрген  тыңшы  бар  екен  десіп  жүр.  Мұнда  тұрса 

болмайды.Бұл  баланы  анау  Ақаралдағы  апайдыкіне  апарып  тастайын.  Солардың  малына  қарасып 
жан бақсын. 
 
_ Мақұл, мақұл,_ деп Қожакелді изек қақты . 
 
       Бекбай  Қалидың  ауызынан  мұнда  тыңшы  бар  екен  деген  сөзді  естігенде  жүрегі  төбесіне 
шыға  жаздаған  еді.  Сөздің  соңын  естіген  соң  ,жүрегі  орнына  түсіп  едәуір  қуанып  қалды.  Бұл  үйге 
Бекбай өзінің кепкен киімдерін киіп келген еді. Ол Қалиға қарап : 
 
 _ Менің үстімдегі осы бір қабат киімнен басқа жаным ғана бар , ештеңем жоқ,_ деді. 
 
_ Иә, сен осы жаның үшін, жаныңды сақтап опасыз дүниенің михынатын шеккелі келдің ғой,_ 
деді Қали кең тыныс алып . 
 
_  Олай  демеңіз,  қате,  оны  құдай  біледі  ғой,      «жақсы  тілек  жарым  ырыс»  деген,  жақсы  сөз 
айтайық,_ деп Қожакелді Қалиға жыпылықтай қарады. 
       Мына сөз Бекбайдың бойына қуат әкелді.    
 
_  Ағасы,  шекарада  қалай  тірі  қалғанымды  өзім  де  білмеймін.  Жалғыз  мен  ғана  қалдым  , 
алдағы  көрерімді  Алла  білер,  мені  әлгі  апайыңыздың  үйіне  жеткізсеңіз,өле-өлгенше 
жақсылығыңызды ұмытпас едім,_ деді Бекбай. 
 
                 
   



 
 
Сол күні түн жастана Бекбайды бір атқа мінгізіп ерте жөнелген Қали  тоқтаусыз бір күн , бір 
түн жүріп, Қыран өзенінің шығыс сағасындағы адыр ішінде мал төлдетіп отырған апайыныкіне жетіп 
келді. 
 
Бұларға жасы елуді еңсерген семіз қара әйел үйден шығып амандасты. 
Бекбай 
мына 
әйелдің  түр-тұлғасынан-ақ  Қалидың  апайы  екенін  білді.  Мұнда  да  бір  үйшік  қозы  оң  жақта  шулап 
тұр екен. Шәй ішіп жайғанған соң әңгімені Қали бастады : 
 
_  Иә,  әпеке,  өткенде  қойшымыздың  денсаулығы  жақсы  болмай  жүр  деп  едіңіз,  соған  мына 
баланы  алып  келдім.  Көрші-қолаңдарың  бұл  кім  деп  сұрай  қалса  ,  Қали  бауырмның  баласы  дей 
саларсың,_ деді 
 
Семіз қара әйел Қалиға бір, Бекбайға бір қарап, таңқалыңқы кескінмен күле сөйледі: 
 
_ Сенің балаң деп айта салу оңай ғой, бірақ бұл баланың кім екенін менің білгенім жақсы емес 
пе?!_  
 
Қалидың  өзін  таныстырмай,  жұмбақтағандай  оны-мұны  сөйлегеніне  Бекбайдың  іші 
пысқандай  болды.  Өзін-өзі  таныстырғысы  келді  де,  өзін  ұстап  қалды.  Сұраулы  көзімен  Қалиға 
қарады. Қали да Бекбайдың көзіндегі сұрауды түсіне қойды. Ол : 
 
_ Ха , ха , _ деп қарқылдап күліп алып,_ білесіз , әпеке , жөнін енді айтамын ғой , бұл жігіттің 
аты Бекбай , бірнеше күннің алдында шекарадан қашып өтіпті. Мұның су ішері бар екен , қасындағы 
аға-жеңгесі бірдей оққа ұшыпты , қазір біздің ауылдарда сол жақтан жасырынып кірген тайнилер бар 
екен . Содан қорқып осында әкелдім.  
 
_  Сонда  бұл  бала  қой  жайғанды  білсе  десеңші,_  деді  қара  әйел  Бекбайға  көзінің  қырымен 
қарап.   
 
_ Қазақтың баласы ғой, басқаны білмесе де қой жайғанды білетін шығар,_ деп Қали Бекбайға 
қарады. 
 
_ Қой жайып көргемін, шешей, қойыңызды бағайын,_ деді Бекбай. 
 
Қали  мұнда  екі  күн  жатқан  соң,  Бекбайды  осында  қалдырып  ауылына  аттанғалы  тысқа 
шықты. Үй иесі қара әйел де далаға шықты. Ол: 

 
_  Қали,  жолда  сақ  бол,  қалың  ақ  кепеш  киген  дүңген  келе  жатыр  деп  ел  дүрлігіп  жүр.  Бұл 
жақтағы ел де онша тыныш емес,_ деді.   
 
Бекбай бұл үйге осылайша қойшы болып , қолына таяқ алып қой соңынан жүрді де кетті. Боз 
бораны  ызыңдаған  көктемгі  далада    қойын  төлдете  жүріп  ,  жазға  да  ілінді.  Қой  бағу  Бекбайға 
алғашында    қиын  сезілгенімен  ,  бара-бара  үйреніп  кетті.  Мынау  Қадыш  деген  әйел  өз  шешесіндей 
болмасада бауырмал әйел екен. Оның отауы бөлек үлкен ұлы Жартасбай осы ауылдың шолақ айғыр 
үйір жылқысын қайырдым қылып , көбінде сәнденіп ел қыдырады екен. Онан кейінгі бір ұл, бір қызы 
үй шаруасына көмектеседі. Бекбай табан аудармай қой бақты. Осы бес жылда Жартасбайдың әйелі 
бір ұл, бір қыз тапты. Ақ көңіл Қадыш кемпір қыдыра келгендерге сыбырлай сөйлеп : 
   
_«Қойшының  таяғынан,  келіннің  аяғынан»  дегендей,  Бекбай  келгелі  малымыз  да  тепшіп 
көбейді. Міне, екі немере сүйдім . Алла бұйырса, өз қолымнан үйлендірем, өз отауым болады,_ деп 
ескеуілдей сөйлейтін .  
 
1939- жылдың жазы . Ел жайлауға жаңа шыққан кез болатын. Түскі қойды қораға әкеліп енді 
ғана  шәйға  кірген  Бекбай,  төрде  алпамсадай    семіз  қоңқы  тұмсық  сары  адамның  отырғанын  көрді. 
Оның киім киісінен-ақ ауқатты бай адам екені білініп тұр еді. Аман- сәлемнен соң, Бекбай сыртқы 
киімдерін  шешіп,  сыртқа  шығып  беті-  қолын  жуып  келіп  дастарқанға  отырды.  Дәл  осы  кезде  әлгі 
сары адам үй иесі Қадышқа бұрылып: 
 
_ Ауылдарыңызда молла бар ма?_ деп сұрады. 
 
_  Бұл  ауылда  молла  жоқ,  жоғарғы  қайнымныі  ауылында  бір  молла  жігіт  бар.  Молланы  неге 
іздедіңіз?_ деді Қадыш.  
 
 _ Алыстағы туыстардан хат келіп еді. Жазуы бір түрлі екен. Өз ауылымыздағы моллалар оқи 
алмай қойды. Туған нағашым еді , хабарын білгім келіп отыра алмай келдім. Мына жазуды танитын 
біреу табылса жақсы-ақ болар еді,_ деп енгезердей сары адам көзіне жас алды.  
 
_ Нағашыларыңыз қайда еді?_ деп Бекбай сұраулы көзін бейтаныс адамға бұрды.  
 
_ Е, мына Қазақстан жерінде еді. Ол жақта не күйде екенін білмегелі алты жыл болды.  
 
_ Хатыңызды әкеліңізші, мен көрейін.   
 
_  Қарағым,  хат  танушы  ма  едің?_  деп  қолын  төс  қалтасына  тығып  жіберіп  ,  бет  орамалға 
түюлі  хатты  алып  шықты.  Біреу  алып  қоятындай  бет  ормалдың  ішінде  және  екі  қабат  шүперекке 
ораған екен. Ебдейсіз жуан жаралған  
 жүндес  сап-  сары  саусақтары  мен  сарғыш  тартқан  хатты 
Бекбайға  ұсынды  .  Бекбай  хаттың  сыртындағы  1933  жыл  деген  көркем  жазылған  жазудан  жеті 
жылдың алдында жазылған хат екенін біле қойды . 
 
_ Мынау жеті жылдың алдында жазылған хат екен, не деді екен, оқып берейін,_ деп Бекбай 
хатты  зулатып  оқи  жөнелді.  Хаттың  басында  жиендерін,  әпеке-жездесін  түгел  атап  келіп,  соңында 
әке-  шешесінің,  үлкен  ағасының  аштан  өлгендігін,  басқалардың  аман  екені,  ал  өзінің  басына  күн 
туып  Сібірге  айдалғалы  тұрғанын  жазыпты.  Соңында  Зақай  деп  қол  қойыпты.  Хатты  әбден  оқып 
болған Бекбай:  
 
_ Мына хаттағы Қанағат деген сіз болдыңыз ғой,_ деді.  
 
_ Иә, менің атым Қанағат, хатты жазып отырған шешемнің кенже бауыры Зақан деген сол,_ 
деп Қанағат күрсінді,_ ой сорлылар-ай, ол жақ та тозып кеткен екен ғой .  
 
_  Балам  Бекбай,  сен  сауатың  барын  маған  неге  айтпағансың,_  деді  Қадыш  таңқала  қарап. 
Бекбай  күліп ғана қойды .  
 
_  Жә,  Қадыш,  саған  мен  мықты  қойшы  тауып  берейін,  мына  жігітті  маған  бер,  мен  бала 
оқыттырайын,_ деді Қанағат Бекбайға күлімсірей қарап.  
 
Бекбайдың аяғы бізге құт болып еді, өзі де тамаша жібек мінезді бала, бала оқытсаң берейін. 
Әуелі маған қойшыңды әкел, сонан соң қойшың қолайыма жақса әкете жатарсың. Мына Бекбай не 

ойлап отыр, оны да өзінен білгенің жөн. Мұғалім болса, елдің баласының көзін ашады. Қой жаятын 
кісі көп, мұғалім табылмайды,_ деді.  
 
_ Дұрыс айтасыз, қойшы көп, мұғалім табылмайды,_ деп  Қанағат қауқалақтап қатты қуанып 
кетті,_ ризалығыңды бер, қарағым, оқытқан балаңа жарай еңбегіңді беремін .  
      Мына сөздерді естіп Бекбай іштей қуанып отыр еді .  
 
_  Шешей,  сізге  көп  рақымет.  Қолыңызда  алты  жыл  мал  бақтым.  Сіздерге  мал  баққанымнан 
бала оқытқаным пайдалы ғой,_ деді Бекбай күліп .  
 
Қанағат  қуанып  кетті,  жасы  елуге  жетпесе  де  кесек  денесіне  семіздігі  қосылып,  аю  сияқты 
қорбаңдап  орнынан  әрең  тұрды.  Бекбай  Қанағаттың  атының  айылын  тартып,  қолтығынан  алып 
аттандырды                                                                                                                   
 
 
     



 
 
Осылайша  ойламаған  жерден  Бекбайдың  тәлейі  шығып,  Қанағаттың  үйіне  бала  оқытқалы 
келді.  Бұл  кезде  Бекбай  да  жиырмаға  шығып,  нәзік денесі  толысып  қалған  еді.  Мынау  Қанағаттың 
үйі  дүние- мүлкі мол болғанымен шашылыңқырап жатқан орда шарқы үй екенін Бекбай есіктен кіре 
байқап  үлгірді.  Қазан  жақта  семіз  сары  әйел  жаздың  ыстығына  қарамай  қалың  шапан  киіп  отыр. 
«Мына әйелдің денсаулығы нашар екен ғой» деп ойлады Бекбай .  
 
_Әлгі мұғалім бала сен бе?_ деді сары әйел Бекбайға үлкен шаралы көзін қадап .  
 
_Менмін,_  деп  Бекбай  қолындағы  қоржын-  қосқалаңын  киіз  үйдің  оң  жақ  босағасына  қарай 
апарып қойып еді:  
 
_  Әй,  бала,  киім-кешегіңді  өте  төмен  тастадың  ғой,  әнеу  жүктің  аяқ  жағына  таман  апарып 
қой,_деп сары әйел төр жақтағы жүктің оң жақ бұрышын нұсқады .  
 
Қанағаттың дәл өзінен аумаған, өңшең қошқар тұмсық , көк көз сары үш ұлы бар екен. Тыста 
жүрсе  керек,  Бекбайдың  келгенін  көріп,  бірінің  соңынан  бірі  ентігіп  лезде  жетті.  Алды  он  алты 
жаста, кішісі тоғыз жаста екен.  
 
_  Міне,  сендерді  оқытатын  мұғалім  келді.  Топырақ-топырақ  болмай,  өзенге  басы-көздеріңді 
жуып келіңдер!_ деді шешесі бұйырып. 
 
Бекбай бір күн көк тасіреттен ( бояу ) сия жасап, одан-бұдан қағаз құрастырып алды да,екінші 
күні  оқытуын  бастап  кетті.  Қанағаттың  сегіз  қанат  көне  үйінің  оң  жағына  сырдақ  салынып  ,  ең 
алдына  үш  көк  көз  қатар  отырды.  Олардың  соңына  он  жастардағы  таңқы  танау  қара  бала  келіп 
отырып еді.Оның сол жағына он төрт жастардағы қара қыз имене келіп отырды.  
 
Бекбай үйінен шыққалы ішкі қалтасынан түспей келе жатқан кішкене қатирасын қолына алып:  
        _  Қәне,  балалар  бүгін  сабағымызды  бастаймыз.  Мен  аттарыңды  шақырғанда  орындарыңнан 
тұрып, «бар» дейсіңдер, ұқтыңдар ма? 
        _ Ұқтық! 
        _ Онда бастадық, Бейсенбай Қанағатұлы! 
  
 _ Бар!_ деп ұзын ұзын көккөз орнынан тұрды. 
        _ Дүйсенбай Қанағатұлы! 
  
 _ Бар!_ деп Қанағаттың екінші ұлы орнынан тұрды. 
         _ Сейсенбай Қанағатұлы!  
  
  _ Бай!_ деп кіші көк көз орнынан тұрып еді, басқалар түгел күліп жіберді. Оның  «р» ды айта 
алмағаны күлкі тудырса керек. 
 
_  Оқушы  деген  күлмейді.  Оқу  тәртібін  сақтау  туралы  жоқтаманы  жоқтап  ,  сендердің  кім 
екендеріңді білген соң ұғындырамын,_ деді Бекбай,_ тағы жоқтама жоктайық :  
 
_ Қасым Қабышұлы! 

       _  Мен  Қабыштың  баласы  емеспін,  атам  баласымын!_  таңқы  қара  орнынан  ашулана  түрегелді. 
Соңында  «әкеңнің» деп Бекбайды келістіріп бір сыбап алды. 
 
_ Отыра ғой, атаң атын білесің бе?_ деді Бекбай.  
       _ Атам аты Арпабай! 
       _ Е, онда сені бұдан соң Қасым Арпабайұлы деп шақырамын.  
 
 Қара пұшық мырсиып, едәуір жырғап қалғандай болды. 
 
 _ Жайна Рақайқызы! 
 
 _ Бар!_ деп киімі тозыңқы арық қара қыз орнынан тұрды. 
 
Бекбай осылайша бес оқушысын түгендеп, түсін түстеп алған соң сабағын бастап кетті. 
 
Бірнеше жылдан бергі  қой соңында жүргенде, батқан күнмен тең санасын сарғайтып, көзіне 
жас үйіртетін туған жер, туған  ел сағынышы  бір сәт басылып  қалды.Әсіресе  күздің ұзақ сары күні  
Бекбайға қасарысқандай батысқа аунаған соң-ақ  жылжымай тұрып алатынды, батыстан ызыңдаған 
суық жел өңменінен өтіп, сағыныш опырып тұрған сынық көңілін мұжи түсетін. Ол кезде Бекбайға 
бір  күн  бір  жылдай  сезілгенімен,  Қапыштың  өз  шешесі  сияқты  жылы-жылы  сөйлеп  ,  алдына  ас 
қоюмен тең көкірегін тескен сағыныштың сары запыраны жеңілдеп кететін.    
 
 
 
Бала  оқытқанннан  бері,  сол  желкесін  басқан  аға-жеңгелерінің  қайғысы  мен  жерге  деген 
сағынышы  сейіліп,  мынау  сәбилердің  түрлі-түрлі  күлкілі  қылықтары,  тосын  мінездері  Бекбайды 
қызықтырып кетті. Жаздың қалай өткенін Бекбай білмей қалды. Қанағаттың үлкен ұлы Бейсенбай бір 
күні : 
 
_  Бекбай мұғалім , сізге рақымет! Жазу жазып, кітап оқи алатын болдым. Маған осы да жетер. 
Есебіңізді мүлде ұға алмадым,_ деді.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет