Жазушы Шәміс Құмарұлы 15. 04. 1952 жылы Қытай халық республикасының Мори қазақ автономиялы



Pdf көрінісі
бет7/28
Дата08.01.2017
өлшемі1,22 Mb.
#1414
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28
 
 
Басқа  төрт  оқушы  зырлап  оқитын  болғанда,  Бейсенбай  әрең  қарыптап  оқитын  болған  еді, 
басқалар  төрт  амалға  зыр  желгенде  ,  Бейсенбай  қосу  мен  алуды  да  толық  біле  алмаған.  Шынын 
қуғанда, Бекбай да жалыға бастаған болатын. 
 
_ Мен оқытқанды ғана білемін.Оқығың келмесе Қанағат ағаның өзіне айт,_ деді Бекбай. 
 
Есіктен  үнсіз  шығып  кеткен  Бейсенбай  келесі  күннен  бастап  сабаққа  кірмейтін  болды.Оның 
неге  оқымағанын  әкесі  Қанағат  та  қузаған  жоқ.  Дегенмен,  Бекбайдың  бойы  бұл  ауылға  үйірлесе 
бастап  еді,  тағы  да  туған  ел,  туған  жерге  деген  сағыныш  көңілін    мұжып  сарғайта  басталы.  Бір 
кездегі  өз  ауылының    тамылжыған  тәтті  жайлауы  көз  алдына  келеді  де,  көзінен  жас  сорғалап, 
көкірегі өртеніп бара жатқандай болып кететін болды. Ғажабы, Бекбайдың көз алдына он екі жастан 
бұрынғы көргендері ғана елестейді. Одан кейінгі ешнәрсе  есіне келмейді. 
 
Ел  жайлаудан  көшерге  жақындап,  жайлаудың  шөбі  сарғайып,  күн  сүркейленген  сайын 
Бекбайдың  есіне  көп  жылдың  алдындағы  әке-шешесі  мен  арыстандай  ағаларының  өзін  үнемі 
кекілінен  сипап  еркелетіп  жүретін  көріністері  оқтын-оқтын  орала  беретін  болды.  Тіпті  кей  кездері 
тамақ  үстінде  отырғанда  да  көз  жұмса  болғаны  ауылының  анау  сары  кенереде  ошарланып  көшіп 
жатқаны, бір келкі күміс пен алтын жалатқан ер-тұрман мінген қыз-жігіттердің әзіл-қалжыңмен сол 
жазықта жарысып бара жатқаны елестей қалады да, көз шарасына іркіліп жас толып кететін болған.  
 
                     МАХАББАТ ЖЫРЫ 
 
                                       1 
 
 
Боздаған ботаның дауысы Бекбайды оятып жіберді. Басын көтеріп еді, от жанып, оттың қазан 
жақ  бүйірінде  ескі  мыс  шәугім  қайнап  тұр  екен.  Қанағаттың  әйелінен  басқа  ешкім  ұйқыдан 
оянбапты.  Төр  алдында  әкесі  мен  Бейсенбай  шырт  ұйқыда  жарыса  қорылдап  өнер  салыстырып 

жатыр.  Дәл  қазір  ояна  қояр  түрі  жоқ.  Бекбай  киімдерін  киініп  тысқа  шықты.  Көршінің  әйелі  мен 
Қанағаттың  әйелі  түйе  сауып  жүр.  Бұл  ауыл  ойға  көшуге  дайындалғалы  табаны  күректей  он  күн 
болған  еді,  әлі  бас-аяғы  жиылған  жоқ.  Бекбай  луылдың  арт  жағындағы  дөңгілге  шығып,  төңірекке 
көз салып едәуір уақыт отырды. Төңіректегі кейбір ауылдар көшіп кетіп , иен жұрт құлазып жатыр. 
Анау  шығыс  жақтағы  сайдан  түйелердің  бақырғаны  естілді.  Ондағы  ауылдардың  да  таң  бозынан 
жүгін  артып  жатқанын  білді.  Әлден  уақытта  әкелі  балалы  қорылдақтар  да  бір-бір  ұзын  қара 
шапандарын жамылып далаға шықты. Бекбай аяңдап төбеден түсіп үйге келді. Шәй да дайын болған 
екен. 
 
Қанағат төрге шығып орнығып отырған соң: 
 
_ Жә, Бекбай,_ деді маңызды жұмыс айтатын адамдай бүкіл денесімен бұрылып,_ біздің көш 
жолымыз қатты қиын . Түйе жығыла ма , сен көшпен бірге жүрсең , мен бұрынырақ барып қоналқа 
жерді белгілейін. Ауылда естияр адам болмаса болмайды 
 
 
 
_  Болады.  Мен  өзім  де  көшпен  бірге  жүрем  ғой,_  деді  Бекбай  күліп.  Қанағаттың  жүк 
артқаннан қашып  лып ете түскелі отырғанын білді.  
 
Қанағаттың  ауылының  көші  ілініп-салынып  жүріп  түске  таяғанда  әрең  жолға  шықты.  Жол 
расында  қиын  екен.  Неше  жылдай  Бекбай  қой  соңында  тауды  жоталап  кетіп,  сайдағы  көш  жолын 
көрмеген  еді.  Анау  ақ  бұйра  жалын  желкілдеткен  алып  айдағар  сияқты  асау  өзен  екі  жағаны  кезек 
соғып  буырқанып  жатыр.  Ирелеңдеген  көш  жолы  бірде  өзен  жағалап    құлдаса,  енді  бірде  қалың 
қарағайды  аралап,  анау  шатқалда  ақ  өркеш  болып  жатқан  өзенге  төніп  тұрған  биік  қабырғалармен 
жүреді  екен.  Бір  тәуірі  Бекбайдың  астына  сәл  шабандау  болса  да  тістеп  теппейтін  жуас  жылқы 
түсіпті. Оның үстіне Бекбайдың тәлейіне көш жаттыққа шыққанша бірде-бір түйе ауған жоқ . 
 
Жол жаттықтай бере Бекбай атын тебініп көштің алдына өтті. Түйелі көш аз жүрген соң бір 
сиырлы  көшті  қуып  жетті.  Басын  ақ  шылауышымен  орап  алған  қартаң  әйел  жаяу  жүк  артқан 
сиырларды  айдап  барады.  Ұзын  көнетоз  көк  торғын  шапанының  екі  өңірін  беліндегі  шүперек 
белбеуіне  қыстырып  алыпты.  Кенет  жүкті  сиырлардың  арасында  бір  қыз  баланың  жаяу  кетіп  бара 
жатқанын  Бекбайдың  көзі  шалып  қалды.  Сиырлы  көш  бір  өгіз  ,  екі  сиырға  жүк  артыпты.  Қалғаны 
өңшең  тайынша  мен  бұзау  екен.  Бекбай  мынау  ұзақ  жолда  жаяу  келе  жатқан  анаға  жаны  ашыды. 
Кемпірге жақындап келді : 
 
 
_ Шешей, менің атыма мініп алыңыз, үлкен адам екенсіз шаршадыңыз ғой, _ деді. 
 
_  Рақымет,  қарағым!  Әнеу  қызым  жүк  артқан  өгіздің    үстіне  шығарып  қояйын  десем 
намыстанып  тіл  алмайды.  Аяқ  киімі  жұқа  еді,  табаны  тесіліп  әрец  келеді.  Соны  біраз  жерге 
мінгестіріп алыңдаршы,_ деді кемпір Бекбайға жақын келіп. 
 
_ Болады, шеше, қонатын жерге де аз қалған шығар,_ деп Бекбай разылығын білдірді 
 
 
_ Жайна!_ деп кемпір айғай салды.Бірақ қыз жауап қайтармады. Кемпір дауысын көтеріңкіреп 

 
_ Жайна!_ деп тағы айғай салды. Бекбай атының басын іркіп: «Ой әлгі менің оқушым Жайна 
болмасын»  деп ойлады.Сөйткенше алдыңғы жақтағы жүк артқан сиырдың қалқасынан Жайна шыға 
келді. Ол әжесіне қарап : 
       _ Немене апа? Адасып кеттіңіз бе?_ деді. 
 
_ Адасқаны несі, балам, мына бала маған атыма мін дейді. Мені қойшы, сенің табаның тесіліп 
кетті ғой, аз жер болса да табан суытып мына жігітке мінгесіп алшы,_ деді шешесі. 
 
Бекбайды көріп Жайна қып-қызыл болып кетті. 
 
_ Е, менің оқушым екен ғой, кел, Жайна, маған мінгесіп ал!_ деп Бекбай Жайнаға жақындап 
келді . Осы кезде арт жақтағы көш те жетіп келді. 

 
_  Мұғалім,  сізге  рақымет!  Кете  беріңіз,  біздің  көш  бәрі  бір  сіздердің  көшке  ілесе  алмайды, 
өзіміз ақырын жүре берейік,_ деп Жайна сиырын айдай жөнелді 
 
Қанағаттың  әйелі  Жайнаның  сөзін  анық  естіді.  Бекбайдың  мінгестіріп  алғалы  тұрғанын  да 
білді. Сиырлы көшке ат басын тіреп келіп тоқтады : 
 
_  Бекбай  арт  жақтағы  Бейсенбайды  шақыршы,  ол  әлгі  үкімет  адамдары  лауға  мінген  қоңыр 
дөненді  бос  жетектеп  келе  жатыр  еді,  мына  кісілерге  берсін,_  деп  арт  жаққа  бұрылып  қарады. 
Қырсық болғанда Бейсенбай көштен кейін қалып қойған екен. Көш оны тосқан жоқ , сиырлы көштен 
озып  кете  берді.    Бекбай  Жайна  мен  шешесіне  қарайласып  көш  соңында  қалды.Сәлден  соң  бос 
жылқыны жетелеп Бейсенбай да сиырлы көшке жетті . 
 
_  Андағы  дөненіңді  маған  бер,_  деп  Бекбай  атынан  түсті,_  мына  кісілер  жаяу-жалпылы 
қиналып қалыпты. Мына атты баласы екеуі қоналқаға дейін аяқ суытып барсын.  
 
Бейсенбай үндеген жоқ. Бекбай Жайна мен шешесін ері бар атқа мінгестіргенше қарап тұрды. Бекбай 
жіппен  ноқталанған    жайдақ  дөненге  мінген  соң  Бейсенбай  екеуі  түйелі  көштің  соңынан  жөнелді. 
Жол  бойы  Жайнаның  үйінің  жағдайын  көрген  Бекбайдың  көңілі  бір  түрлі  болып  ,  қарадай  жаны 
ашыды. Әсіресе атқа мінгескелі  жатқанда Жайнаның көзінің үстімен қиыла қарағандағы сынық  әрі 
солғын  жүзі  қайта-қайта  көз  алдына  елестей  берді.  Жайнаның  кескіні  елестеген  сайын,  оның  дөп-
дөңгелек  әдемі  қара  көзінен  ғажайып  сырлы  бір  нәзік  ұшқын  шашырап  тұрғандай  сезілді.  Бекбай 
жайдақ  дөненнің  үстінде  қарадай  мас  болған  адам  сияқты  ерекше  бір  күйге  түсті.  Бекбайда  да, 
Бейсенбайда  да  үн  жоқ.  Анда-санда  ғана  ат  тағасының  малта  тастарға  ұрылғандағы  шарқылы  ғана 
анық естіледі. Тыныштықты Бейсенбайдың  
қырылдаған дауысы бұзды : 
 
_Мұғалім, сіз ертең андағы дөненді соларға беріп, ер-тоқымды атыңызды өзіңіз мініңіз. Елден 
ұят болады,_ деді. 
 
_ Бара көрейік,_ деді Бекбай,_оларда ер-тұрман бір нәрсе бар шығар.  
 
_ Бар болмағанда.   
 
_ Жайнаның әкесі жоқ па?_  
 
_ Жайнаның әкесі де , шешесі де қайтыс болыпты. Ана кемпір оның әжесі. 
 
_  Мұнда әке-шешесінің туыс-туғандары жоқ па? 
 
_  Мына  Мәрия  кемпір  бізге  бірнеше  ата  жақын  кісінің  қызы  дейді.  Ал  Жайнаның  әкесінің 
туыстары Еренқабырға ма, Боғда ма, әйтеу сол жаққа тегінде ауып кетіпті ғой. Бізге жақын тартып, 
іргемізде жүргені сол. 
 
_ Е,_ деді Бекбай мына семияның жағдайын анық білгендей болып.  
 
Бекбай мен Бейсенбай келгенде ауылдағылар түгел жүктерін түсіріп, қалқайма, итарқа сияқты 
көлеңкелерін қалқитып, енді шәйға отырған екен. Бұлар да қолдарын жуып дастарқанға отырды . 
 
_ Балам, Бейсенбай, ана Мәрияның күрең атын неге ұстап бере салмағасыңдар?_ деді шешесі 
ренжіп. 
 
_  Ұстап  берейін  бе  дегенімде,  күзде  бір-ақ  ұстайық,  дөнен-бесті  бір  нәрсеге  үстек  алып 
ауыстырамызба деген.   
 
_  Қайтсін,  байқұстарда  ұсақ  мал  жоқ  емес  пе,_  деді  Бейсенбайдың  шешесі.  Бұл  кісі  ойға 
еңкейгенде  ғана  күннің  ыстығын  сезінген  сияқты  ,  жаздай  үстінен  тастамаған  жабу  сияқты  үлкен 
қара  шапанын  тастап  ,  шынтақ  жең  көк  торғын  мешпет  киіп  алыпты.  Шәйдан  соң  далаға  шыққан 
Бекбай анадайтын жердегі итарқадан бері қарай өз атын жетелеп келе жатқан Жайнаны көрді. Жайна 
аттың шылбырын ұстаған қолын Бекбайға ұсынғалы оқталып : 
 
_Мұғалім, сізге мың рақымет! Апам алғыс айтты,_ деп тағы көзінің үстінен қиыла қарады. 
      Бекбай недерін білмей тұрып қалды. Аузына тек: 

  
_ Недеген тез келгенсіңдер,_ деген сөз түсті.  
 
_Көлікке  мінген  соң,  елден  қалыспай  жетіп  алдық  қой,  мұғалім,_  деді  Жайна  жымия  күліп. 
Бұл шақта Бекбайдың қара торы өңі де күреңітіп кеткен едің:  
 
_  Ер-тұрмандарың  бар  шығар  ,  мына  екі  дөненнің  бірін  таңертең  сендерге  әкеліп  ерттеп 
берейін,_ деп Бекбай Жайнаның қолындағы шылбырды алды . Жерге қарап тұрған Жайна басын сәл 
көтеріп  ,  көзінің  үстімен  Бекбайға  тағы  бір  рет  жарқ  етіп  қарады  да  ,  қайрылып  жүре  жөнелді  . 
Бекбай атының шылбырын ұстаған беті Жайнаның артынан қарап тұрып қалғанын өзі сезген жоқ . 
Жайна он шақты қадам алыстап барып артына қайрылып қарады . Қарады да : 
 
_ Рақымет, сізге,_ деді дауыстап. Бекбай өзінің Жайнаның соңынан көз алмай тұрып қалғанын 
енді сезді. Артына қайрылып аяғын жіти басып, атын жетелей жөнелді.  
 
                                         2 
 
 
 
Бекбай күзеуге түскен соң, екі ай бала оқыта алмады. Жүн сабау, киіз басу, қыстау қораның 
қиын ою, шөп маясын жартасқа жиу сияқты толып жатқан жұмыстардан қолы босамай кетті. Бекбай 
ең алғаш Ертіс бойында  малшы болған жылдары, анау шекарадағы Гүлсімнің көз жұмар алдындағы 
кескіні,  ауызынан  қанның  бұрық  етіп  төгілгені,  ағасы  Берікболдың    екі  тізесінен  қырқылып  қан 
сорғалағаны, солдаттардың айғайлаған дауыстары көз алдына келді болды, жүрегі дүрсілдеп, құлағы 
гуілдегендей  болып,  жүйкесін  қорқынышты  үрей  елесі  шырмап  алатын.  Мүмкіндіктің  барыша  сол 
сүркей  көріністерді  көз  алдына  келтіргісі  келмейтін.  Осы  күзден  бері  сол  көрініс  көз  алдында 
қайталаса болғаны жауға деген бір түрлі өлшеусіз өшпенділік қыл арқандай ширықтыратын болды. 
Ол  өзінің  шекарадан  өткен  кезде  үрейінің  әбден  ұшып  кетіп, бірнеше  жылға  дейін  есін  толық  жия 
алмай  дел-сал  жүргенін  енді  сезді.  Шекарадан  арғы  кешірмелерін  есіне  келтірмекші  болып  еді, 
ешнәрсе  есіне  оралмады.Тек  жеңгесі  Гүлсімнің  құлап  түскені  ,  оның  аузынан  қып-қызыл  қанды 
көбіктің  бұрқ  еткені,  ағасы  Берікболдың    «кет,  тез  кетпесең  атып  тастаймын!»  деп  ақырғандағы 
сұрлы кескіні көз алдына келді.  «Шекараға біз қалай келіп едік?» дейді өзіне өзі күбірлеп, арғы жағы 
қараңғы . 
 
Дүйсенбай,  Бейсенбай  үшеуі  шөп  маясын  айналдыра    қазық  қағып,  онан  соң,  ұсақ  тал 
шыбықпен қазықтардың арасын тоқып шарбақ жасап шықты да, ауылға қайтты. Қар жаумағанымен 
күн едәуір салқын тартып қалған еді. Қыстаудан күзеулікке дейін он шақты шақырым жер болатын.  
Үшеуі қатарласып әңгімеге түсті. 
 
_ Бекей мұғалім, ертеңнен бастап оқитын болдық па?_ деді Дүйсенбай.  
 
_Әрине,  әкем  оқисыңдар  деді  ғой,  оқисыңдар  деген  соң  оқимыз,_  деп  Сейсенбай  ағасының 
сөзін жақтырмай сөйледі.  
 
_Әншейін айта салғаным ғой,_ момын Дүйсенбай.  
 
_ Немене, апа? Адасып кеттіңіз бе?_ деді . 
       
_Ертең  сабақ  бастай  алмаймыз,_  деді  Бекбай,_  мен  ертең  қалаға  барып,  сендерге  табылса 
оқитын кітап , жазатын қағаз-қарындаш әкелемін. 
        _Жарайсыз, мұғалім!_ деп Сейсенбай айғай салды. 
 
Үшеуі қатарласып, суы бар арықтың үнемі жол өтіп жайдақыланған жеріне жетіп келді. Дәл 
осы  шақ  Бекбайдың  көз  алдына  шекараға  таяғанда  таң  ата  Берікбол,  Гүлсім  үшеуінің  дәл  осындай 
жайдақталған шағын судан өткені жылт етіп, бұлыңғыр бір елестеп кетті. Бекбай судан өте шығып, 
артына қайрылып қарады. Әлгі елес лезде ғайып болды. Сол елесті қайта көргісі келіп көзін жұмып 
аз іркілді. 
 
_ Мұғалім, сізге не болды?_ деді Сейсенбай таңғалып. 

 
_ Арт жақтан дыбыс естілгендей болған соң қарағаным ғой,_ деп Бекбай атының басын ауйлға 
бұрды. «Дұрыс, Берікбол, Гүлсім үшеуіміз шекараға келгеміз» деді ішінен.   
 
 
 
      _Мұғалім, бір нәрсе сұрасам ренжисіз бе?_  деді Сейсенбай қуланып. 
 
_ Неге ренжимін,_ деді Бекбай күліп,_ сұрай бер.   
 
_ Сіз біздің үйге алғаш келіп сабақ өтіп жүргеніңізде топансу тобығынан келмейтін бір дүлей 
адам  сияқты  көрінуші  едіңіз.  Енді  барған  сайын  мінезі  биязы,  мұңлы  адам  сияқты  болып  барасыз. 
Бұл қалай?_ деді.    
 
_ Анау түбектегі жылқыны күзеп келейін, Дүйсенбай мен Сейсенбай қораларды тазалап, арық 
малдарды қорадан шығара тұрсын, басқа жұмыстарды түстен кейін өзім бас болып жөнге саламын 
ғой,_ деді. 
 
_Мұның  еш  таң  қаларлығы  жоқ,_  деді  Бекбай,_  бір  жерге  бір  адам  жаңа  келгенде,әрине, 
белгілі уақыт тосырқау болады ғой, біраз уақыт тосырқап жүрген шығармын. 
 
Үшеуі үйлеріне таяғанда, белдеуде атқа ер салып әкелерінің аттанғалы жатқанын көрді. 
 
Бекбайлар  белдеуге  келгенде,  Қанағат  бай  атқа  мініп  алған  еді.  Атының  басын  Бекбайға 
бұрып : 
 
_ Балам, Бекбай, сен балаларды оқыта бер, мені жоғарғы елдегі билер шақыртыпты. Мені дау 
шешкенге шақыртқан жоқ қой, ел шеті тыныш емес пе екен,_ деп жүре жөнелді. 
 
Бекбай өз жоспары бойынша Сарсүмбе қалашығына барып азырақ дәптер, қарындаш, төрт-бес 
құты  сия,  жалбыры  шығып  тозған  бір  кітап  тауып  келді.Қар  бір  жауғанша  Қанағат  байдың  киіз 
үйінің оң жағында сабақ өтілді де, ел қыстауға қонған соң, қанағаттың там үйінде оқу жалғаса берді. 
Бекбайдың оқушысы осы төрт оқушыдан не көбейіп, не кемейген жоқ . 
 
Қыс  ортасы  ауған  кез.  Бекбай  көрші  ауылдан  келіп  оқитын  Қасым  дейтін  қара  домалақ 
шәкіртінің    әкесі  шақырып,  сонда  барған.Тамақтанып,  ұзақ  кеңесіп  жайырақ  қайтқан  болатын.  Екі 
ауылдың  арасындағы  белегірден  шыға  келгенде  астындағы  аты  жалт  беріп  Бекбайды  түсіріп  кете 
жаздады.  Бір  арқа  отын  көтерген  біреу  ағарды  жағалап  барады  екен.  Атының  үріккеніне  қарамай 
қамшылаған беті Бекбай отыншының соңынан жетіп келді. Кәлімгі бір түйенің теңі. Отынға аяқ бітіп 
өзі  жорғалап  бара  жатқан  сияқты.  Көтерген  адам  көрінер  емес.  Ат  дүбірін  естісе  керек,  отыншы 
бұрылып  жол  жағасына  отынын  қойып  дем  алды.  Бекбай  өз  көзіне  өзі  сенбей  қалды.  Өз  оқушысы 
Жайна.  «Қаршадай  қыз  недеген  күшті  еді»  деді  өзіне  өзі  күбірлеп.  Бекбай  жақындап  келіп  атынан 
түскенде, Жайна күліп орнынан түрегелді. 
 
_ Ойбай-ау, Жайна, мына отынды қайтып көтеріп келесің? Үйлеріңде отын азба еді?_ деді. 
   
_ Біз ұнемі көтеріп әкеліп жағамыз ғой,_ деді Жайна күліп . Жайнаның екі бетінің ұшы қып-
қызыл  болып  дөңгеленіп  тұр.  Оң  жақ  самайынан  шыққан  төрт-бес  тал  сарғыш  бұрымы  тершіген 
маңдайына  жабысып  қалыпты.  Қолтығындағы  жасыл  торғынмен  тыстаған  пұшпақ  тымағын 
отыныныың үстіне қойып , маңдайының терін сүртті .  
 
_  Андағы  отыныңды  мен  атқа  арқалап  алайын,_  деді  Бекбай.  Айтарға  болмаса  Бекбайдың 
Жайнаға жаны аши қалған еді.  
 
_ Мұғалім, ұят болады. Ауылға аз қалды ғой, өзім көтеріп бара салам, үнемі көтеріп жүрген 
отын емес пе,_ деп Жайна безеріп болды. 
 
«Күнде көтеріп жүрген отын емес пе» деген сөз Бекбайға ой салды: 
 
_ Күнде отын арқалағанша, өгіздерің бар ғой, бір жолда ғана тасып алсаңдар болды емес пе. 
 
_ Мен жалғыз арта алмайды екенмін,_ деді Жайна. 
 
_ Болды. Ертең мен отыныңды алысып өгізге артып берейін. Отынды қайдан аласың? 

 
_  Әнеу  түкпірдегі  қалың  ағаштан,_  деп  Жайна  арт  жағындағы  көрініп  тұрған  қолтықты 
нұсқады.   
 
_  Онда  ертең  таңертең  өгізді  ыңыршақтап  алып  сонда  кел  ,  мен  отын  ала  берейін  ,  ертең 
оқымайтын күндерің ғой,_ деді Бекбай. Жайна үнсіз басын изеді. Бекбай атына  мініп жүре жөнелді. 
Ол сәл алыстап барып Жайна тұрған жерге қайрылып қарады. Отынына сүйеніп соңынан әлі қарап 
тұр екен . Бекбай жүрегінің аз дір еткенін сезді. «Не деген қажырлы қыз» деді өзіне өзі күбірлеп . 
 
Бекбай  аттан  түсіп,  Қанағаттың  үйіне  кіргенде  ,  Сейсенбай  мен  Дүйсенбай  бір  нәрсеге 
таласып  үйдің  астаң-кестеңін  шығарып  жатыр  екен.  Әке-шешесі  көрінбейді.  Олар  аяздаған  есіктің 
сақырлаған  дауысымен  жалт  қарап,  Бекбайды  көріп  тоқтай  қалды.  Қазан  жақтағы  шөккен  түйедей 
етіп жиналған үлкен балшық пештің бір мұртын құлатып жіберіпті . 
 
 
 
 
 
 
 
 
_ Мұғалім, сізден ұят болды ғой,_ деді Сейсенбай ағасынан бұрын сөйлеп. 
 
_ Ұят болса неге таласасың?_ деді Дүйсенбай қатты кейіп,_ андағы кітапты мұғалімге бер. 
 
Сейсенбай күржиген тері күрмесінің қолтығынан сары тысты қатты қапты кітапты шығарып 
Бекбайға  ұсынды.  Бекбай  кітапты  қолына  алып  қуанып  кетті.  Орталау  мектептің  математика 
оқулығы екен. 
 
_ Мұны кім әкелді?_ деді таң қалып.  
 
_ Шал, Мами Бейсінің ауылынан әкеліпті,_ деді Сейсенбай.  
 
Бекбай  Бітеуіргедегі  Мәми  Бейсінің  ауылында  мектеп  бар  деп  естіген  ,  бірақ  діни  мектеп 
болуы керек деп межелеген еді. Оның пәнни мектеп екеніне енді көзі жеткендей болды. 
   
_  Сендер  қазірше  бұған  таласпаңдар,  енді  бір  айдан  кейін  бұл  оқулықты  оқи  алатын 
боласыңдар , қазір менде тұрсын,_ деп Бекбай өзінің кішкене ағаш қобдиына апарып салып қойды 
 
Аздан  соң  көрші  ауылға  кеткен  Қанағат  пен  кемпірі    де  келді.  Дастарқан  жайылып  ,  шәй 
құйылған  
соң Қанағат сөз бастады : 
 
_Жә, Бекбай, билер бұл жолы да бекер шақырмаған екен, Өр Алтайдың елі бұзылы, үкіметке 
қарсы шығыпты. Әуелі Шаннің басын алыпты дейді. Сарсүмбедегі үкімет әскерін топ-тобымен солай 
жіберіп жатыпты. Иә, Алла, ел тыныштығы кетер ме екен,_ деп бір тынды. 
деді. 
 
_ Ой, әке, Өр Алтайдың елі неге бұзылады?_ деді Сейсенбай.  
 
_Кішкене балаға не керек?!_Қанағат Сейсенбайға ұрсып тастап, Бекбайға бұрылып сыбырлай 
сөйледі  ,_  қарағым,  заман  бұзылып  барады,  бұл  үкімет  құрылтай  ашамыз  деп  қазақтың  ел 
басыларының көбін абақтыға жапты. Алдын өлтіріпті, соған шыдамай ел көтеріліп кетті ғой ,құдай 
сақтасын,  осы  маңдағы  ел  аман  болса  екен.  Елдің  қолындағы  мылтықты  жиғалы  бір  жылдан  асып 
кетті. Халықтың қолында темірдің сынығы да қалған жоқ . 
        Қанағаттың  сөзінен  қалайда  бір  төңкеріс  басталғалы  жатқанын  Бекбай  іштей  межелед.  Бірақ 
оның қалайдан-қалай басталатыны туралы кеңесуге көңілі тартпады. 
 
Қалай  болсада  Бекбай  Қанағат  байдың  қолайына  жаққан  азамат  болды.  Не  жұмыс  тапсырса 
соны ренжімей, ерінбей істей береді. Есік алдынан қарын, ат қора, сиыр қоралардың ішін Дүйсенбай 
мен  Сейсенбайды  ертіп  алып  әр  күні  өздігінен  тазалап  қояды.  Түбекте  жататын  жылқыны  күзеу 
Бекбайдың кәдімгі міндеті болып қалды. 
 
Таңертең ерте атқа ер салған Бекбай анадайтын ши төбеде ұзаққа көз тастап отырған қанағат 
байдың қасына келді : 

 
_Анау түбектегі жылқыны күзеп келейін, Дүйсенбай мен Сейсенбай қораларды тазалап, арық 
малдарды қорадан шығара тұрсын, басқа жұмыстарды түстен кейін өзім бас болып жөнге саламын 
ғой,_ деді. 
 
 
 
 
 
 
Қанағат Бекбайдың жүзіне қадала қарап аз тұрған соң : 
 
_ Бара ғой, балам жылқыларыңның сырын өзің білеесің ғой, күндегіше сыртынан бір шолып 
қойсаң болды,_ деді күлімсіреп.  
 
 
Қанағат  байдың  шаралы  жаралған  үлкен  көк  көзі  қайта-қайта  өзінің  басынан  аяғына  дейін 
тінте қарағаны Бекбайды сәл іштей ыңғайсыздандырды. Көңіліне:«Мына шал бірдеңені сезіп қалды 
ма» дегендей күдік орала кетті. 
 
_  Мақұл,_  деп  атына  қонған  Бекбай:  «Жайнаға  сөйлесіп  тұрғанымды  көріп  қалған  ғой»  деп 
ойлады.  
 
                                        3 
 
 
 
Бекбай  әуелі  жылқыны  көздеп  ,  онан  соң  Жайна  отын  алатын  қолтыққа  келді.  Расында 
қуарған терек , тал айқасып жатыр екен. Сүйретіп алаңқыға қарай шығара бастады, маңдайы тершіп, 
тымағы басына ауыр келгендей болған соң, белбеуін ағытып , сыртқы қалың ішігін шешіп анадайтын 
жердегі қураған ақ түбірге жауып қойды. Ауыл жаққа қарап еді, Жайнаның қарасы көрінбеді.Тағы да 
қураған  тал-теректердің    кусеп  жатқан  жуан  бұтақтарын  алаңқыға  шығарып  жіктей  бастады. 
Жайнаның  келер  жолына  қайта-қайта  қарағыштаған  Бекбай,  күн  едәуір  көтеріліп  қалған  соң, 
балағына жұққан қар үгінділерін ағашпен қағып түсіріп, ішігін қойған түбірге келіп отырды. Екі көзі 
әлі  ауыл  жақта.  «Ақымақ  қыз  өтірік  айтты»  деп  ойлады.  Ішігін  кигелі  орнынан  тұрды.  Сол  шақ 
төменгі  қар  қымтаған  жалпақ  ағардан  қараңдап,  өгіз  айдаған  Жайнаның  бараны    көрінді.  Бекбай 
қуанып  кетті.  Орнынан  қайта  тұрып,  жуантық  тал-теректердің  жіңішке  бұтақтарын  етігінің 
өкшесімен теуіп  бұтай бастады. Қалың қарды сызып өгіз аяңымен Жайна бір шәй қайнатымнан соң 
әрең жетті. 
 
_ Жайна, өте жәй келдің ғой?_ деді Бекбай күліп 
 
_ Апам күн жылынған соң бар деп айналдырып тастады,_ деді Жайна.  
 
_Бекбай жүгіріп барып өгіздің ыңыршағына қыстырылған  балтаны алып, манадан жиналған 
ағаштардың  оқсаусыз  бұтақтарын  сидалап  түсіре  бастады.  Жайна  бұтағы  тазартылған  ағаштарды 
жіктеп артуға дайындалды. 
 
_Бекей аға, отынды баяғыда алып болыпсыз ғой , мұнда ерте келгенсіз бе?_ деді отындарын 
жіктеп жатып. 
 
_  Мен  де  жаңа  ғана  келдім.  Бұл  жерде  отын  көп  екен  ғой  ,  екі-үш  күн  осы  жерден  отын 
алайық,_  Бекбай  сөйлей  жүріп  өгіздің  беліндегі  арқанды  алды.  Жайна  үндеген  жоқ.  Жауап  ретінде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет