Жазушы Шәміс Құмарұлы 15. 04. 1952 жылы Қытай халық республикасының Мори қазақ автономиялы



Pdf көрінісі
бет8/28
Дата08.01.2017
өлшемі1,22 Mb.
#1414
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28
Бекбайға  қарап  күліп  қойды.  Бекбай  отын  алу  мен  отын  артуды  Қадыш  кемпірдің  қойын  бағып 
жүрген кезінде үйренген . Енді  сол өнерін Жайнаға үйреткісі келді. Тең жіпті  өгіздің ыңыршағына 
ілмектеп салған соң мықтап тартып байлады.  
 
_  Жайна,_  деді  Бекбай  оған  бұрылып,  жалғыз  адам  отынды  қалай  артады  екен,  мен 
көрсетейін,сен қарап тұр. 
 
Бекбай  әуелі  жуантық  бір  құшақ  отынды  өгіздің  мінер  жағына  әкеліп  тең  жіппен  астынан 
көтеріп  үстіндегі  ілмектен  байлап  қойды  да  ,  тағы  бір  құшақ  отынды  қамшылар  жағынан  әкеп 

теңдеді.  Осылайша  бір  жағына  екі  реттен  екі  жағына  төрт  тең  теңдегенде  өгіздің  үсті  жап-жаттық 
болды. 
 
_  Бекей  аға  ,  өгізге  отын  арту  оңай  екен  ғой  ,  мен  бекер  жаяу  отын  көтеріп  жүріппін,_  деді 
Жайна. Расында Жайна өгізге отын артуды мұндай оцай деп ойламаған еді, ол  «күніне көп емес екі 
тең  отын  теңдеп  алып  тұрсам  да  болады  екен  ғой»  деп  ойлады.  Отын  артылып  болған  соң,  Жайна 
өгіздің бас жібін алып ауылға қарай бұрылып : 
 
_Бекбай  аға,  сізге  рақымет,_  деді.  Бекбайға  Жайнаның  көзінен  ғажайып  бір  ұшқын  жарқ 
еткендей сезілді. Жайнаның екі  беті  қып-қызыл алмадай болып нұрланып кеткен еді. Бекбай өгізін 
жетелей жөнелгенде Жайнаға қатарласа жүрді. 
 
_ Отынға тағы келесің бе?_ деді.  
 
_ Осы отын бірқанша күнге жетеді ғой, төрт-бес күннен кейін келермін.  
 
_ Тағы да келіп отыныңды артып берейін.  
 
_ Сізді қайта-қайта әурелесем бола ма?  
 
_Адам деген өзі ұнатқан, өзі жақсы көрген адамдары үшін қанша жапа шексе де рахат сезінеді 
емес пе. 
 
Жайна Бекбайдың орағытқан сөзінің төркінін біле қойды. 
 
Жымың етіп Бекбайға көзінің қырымен қарап алып: 
 
_ Олай болғанда мен де сіз үшін жапа шексем болады екен ғой,_ деді күліп.  
 
_ Болды онда, бес күннен кейін осы жерден тағы да отын аламыз,_ деді Бекбай кесете сөйлеп.  
 
_ Сіз ұмытып қалмаңыз. 
 
_ Мына сөзді естіген Бекбай сасқалақ кескінмен: 
 
_  Уәделескен  күнді  өлсем  де  ұмытпаймын  ғой,  қайта  осы  бес  күн  оңай  өтпей  зарықтырады 
ғой.  
  
_ Өйтпеңіз, бес күн деген көзді ашып-жұмғанша өтеді ғой,аға,_ деп Жайна аяғын жіти басып 
жүре жөнелді. 
 
Өзінің сөзді тым сараламай айтып қалғанын Бекбай енді сезді.  
 
_ Жайна, жолың болсын!_ деп артына қарай бұрылды.    
 
Осылайша  Бекбай  мен  Жайна  осы  түбектен  қыстай  он  неше  кезек  отын  алды.  Алғашында 
екеуі де біріне бірі сақтана қарап, тым артық қалжың айтыспаған. Бара-бара демдерін алған кездерде 
қатар  отырып  ұзақ  сырласатын  болды.  Осындай    сырласудың  бірінде  бұлардың  өмірінде  үлкен 
өзгеріс болды. Ол кезде қыстың ызғары қайтып, көктем лебі біліне бастаған еді. Отынды бұтақтап, 
жіктеп  болған  соң,  екеуі  аз  дем  алайық  деп  қары  кетіп  сәл  құрғаған  шымды  дөңге  келіп  қатар 
отырды. 
 
Бұрын дәл осындай Бекбайдың қасында отырғанда Жайнаның жүрек соғуы тездеп, қалыпсыз 
күйге  түсіп,  біраздан  соң  әрең  басылатын.  Ғажабы,  бүгін  ондай  болмады.  Жайна  өзіне  өзі  қайран 
болды. Бекбайға көзінің қырымен қарап еді, ол да жайбарақат, қысылып-қыстырылмай кең отырған 
секілді  көрінді.  Дәл  осы  шақ  қастарына  бір  нәрсе  гүрс  ете  түсті.  Жайна  шошынғанынан  Бекбайды 
құшақтай  алды.  Айтарға  болмаса  Бекбай  да  қорқып  қалған  еді.  Жайнаны  құшағына  қысып,  гүрст 
еткен жаққа қарап еді, құрым киізге оралған бір нәрсе терек басынан қастарына құлап түсті. 
      _ Қорықпа, Жайна, ағаш басындағы бір нәрсе түсіп кетіпті ғой,_ деп Бекбай өз кеудесіне тығыла 
түскен  Жайнаның  иығынан  сипады.  Жайнаның  тершіген  әппақ  мойнынан  көтерілген  тәтті  леп 
Бекбайдың кеңірсігіне келіп ұрылды. Бұрын байқамаған сияқты, Жайнаның құлағы да ерекше әдемі 
екен.  Кіп-кішкене  күміс  сырғасы  да  жарқырап  бөлекше  жарасып  тұрған  сияқты.  Жайна  Бекбайды 
қалай құшақтай алғанын әлі білген жоқ .Бекбайдың ағытулы түймесінен  Жайнаға жағымды бір тәтті 
иіс  мұрнына  келгендей  болды.  Сол  тәтті  иісті  иіскей  бергісі  келді.  Оң  жақ  иығынан  сипаған 
Бекбайдың  қолының  жап-жалпақ  алақаны  от  болып  қызып  тұрғандай  сезілді.  Қозғалайын деп  еді  , 

буын-буыны  босап  ,  қозғалуға  да  дәрмені  қалмаған  екен.  Бекбайдың  алақаны  енді  басын  келіп 
сипағанда , жүрегі дүрсілдеп , ғажайып тіл жеткісіз шаттық сезім бойын билеп бара жатқанын сезді. 
 
Бекбайдың  кеудесінен  басын  көтергісі  келмеді.  Оның  тамағының  астынан  көтерілген 
қышқылтым иісті құшырлана иіскеп , тағы біраз үнсіз жатты. 
 
_ Жайнаш, қатты қорқып кеттің бе?_ деп Бекбай оң қолының алақанымен өзінің оң иығына 
тіреліп  тұрған  Жайнаның  маңдайын  сипады.  Жайна  басын  көтеріп,  Бекбайдың  жүзіне  жаңа 
көргендей  қадала  қарады.  Бекбайдың  екі  жүзі  нұрланып  ,  оттай  жайнап тұрған  сияқты көрінді.  Екі 
беті  қып-қызыл  болып  құлпырып  кетіпті.  Бұл  шаққа  дейін  Жайна  өзінің  Бекбайдың  құшағында 
отырғанын мүлде сезген жоқ болатын. Ол Бекбайдың құшағында отырғанын енді сезді. 
 
_ Ұйбай, алдыңызда отыр екемін ғой!_ деп орнынан тұрмақ болып қозғала беріп еді, Бекбай 
қапсыра құшақтап, Жайнаның қып-қызыл болып албыраған бетінен құшырлана сүйді. Буын-буыны 
босаған  Жайна  бетін  Бекбайдың  тамағының  астына  қарай  тығып,  көздерін  жұма  берді.  Осылайша 
екеуі  бірін-бірі  құшақтап  суық  далада  ұзақ  аймаласты.  Дәл  осы  шақ  Жайна  Бекбайдың  құшағына 
емес, оның жүрегінің ішіне кіріп кеткен еді. Әлден соң, мас адамдардай екеуі де орындарынан әрең 
тұрды.  Бекбай  Жайнаның  екі  иығынан  ұстап  күлімсіреп  аз  тұрған  соң,  оң  жақ  бетінің  астыңғы 
жағындағы миық шұңқырынан мейірлене тағы бір рет сүйді.   
 
_Бекбай  аға,  отынды  артайық,  күн  жай  болып  кетіпті,_  деді  Жайна  жерге  қараған  басын 
көтермей. 
 
Бекбай  күнге  қарап  еді,  расында  едәуір  жай  болып  қалыпты.  Ол  өгізге  қарай  бұрыла  беріп, 
әлгінде өздерін қорқытқан құрым киізге оралған домалақ нәрсеге көзі түсті. Өтір бара жатып теуіп 
қалды. Оның ішіндегі темірдей қатты нәрсе екен. Аяғының басын ауыртып жіберді. Еріксіз тоқтап, 
тағы  бір  аяғының  ұшымен  құрым  киізді  теуіп  көріп  еді,  жыртылған  салдырлап  төс  темір,  темір 
қысатын  қысқаш,  балға  сияқты  өңшең  темір-терсек  нәрселер  сау  етіп  төгіліп  қалды.  Бәрі  де 
теміршінің саймандары екен. 
 
_ О, қүдірет, мынау теміршінің саймандары ғой, жазда қойып кетіп , кейін ала алмай қалды 
ма? Жоқ адасып таба алмай қалды ма екен?_ Бекбай саңғырлай сөйледі. Отынына қарай кетіп бара 
жатқан Жайна жүгіріп Бекбайдың қасына келді. Теміршінің түрлі саймандары шашылып жатыр. 
 
_Аяғыңызбен  теппеңізші,_деді  Жайна  таңғалыңқы  кескінмен,_  теміршілердің  дарқан  иесі 
болады дейді, үлкендер бізге көріктің бойынан аттатқызбайды ғой.  
 
Бекбай Жайнаның сөзінен қорқып қалды. 
 
_Не  екенін  білмей  теуіп  қалып  едім,  ештеңе  етпес,  қайта  қабына  салып  биік  жерге  қоя 
салайын,  иесі  тауып  алар,_  деп  Бекбай  әлгі  саймандарды  құрым  киізге  қайта  орап  биік  теректің 
бұтағына апарып қыстырып қойды. 
 
Дайын отынды Бекбай мен  Жайна лезде артып үлгірді. Жетектеулі  өгіздің бас жібін қолына 
алған Жайна Бекбайға бұрылып:  
 
_Аға, сізді апам өте жақсы көреді, үйге барыңыз,_ деді. 
 
_Қашан?_ деді Бекбай күліп. 
 
_ Көңіліңіз тартқан уақытта. 
 
Бекбай өзінің Жайнадан тағы жеңілгенін сезді. Өгізін жетелеп алыстап бара жатқан Жайнаның 
соңынан: 
 
_ Кешке барамын,_ деп дауыстады. 
 
Жайна  естіді ме, жоқ әлде естісе де мойнын бұрғанға ерінді ме, артына қайырылып қараған 
жоқ.   
 
Бекбай  қияқта  арқандаулы  тұрған  атының  қасына  келді.  Көңілі  лепіріп,  аяқ-қолы  жеп-жеңіл 
болып кеткен сияқты сезілді. Дауысын еркін қоя беріп, шырқап ән айтқысы келіп еді, атына мінген 
соң, бұрқыратып өрлі-қырлы шапқысы келді. Жайна кеткен жаққа қарап еді, ол едәуір ұзап кетіпті. 

Атының басын қоя беріп, қары көпсіп , енді ғана еріп жатқан тоғай арасының тақыршағымен өзенге 
қарай  шаба  жөнелді.  Ол  әлі  мұзының  шеті  сөгілмеген  Ертістің  жайдақ  қабағына  жетіп  келгенде 
барып  атының  басын  тартты.  Өзеннің  шор  болып  қатқан  көк  мұзы  бесінге  аунаған  күннің  күміс 
нұрымен  шағылып,  өзен  жағалап  жүрген  сайын  жарқылдап  Бекбайдың  алып  ұшқан  көңілін  тіпті 
лепірте түсті. Жас балаша мұз бетінің жүрген сайын құбылған жарқылын тамашалап, едәуір құлдап 
кеткенін Бекбай білмей қалды. Тоғай арасын аралап, күн батқанша жылқы көздеп ат үстінде жүріп, 
күн батқан соң ғана ауылға келді.  
 
Бүгінгі  Жайнаның  көңіл  күйі  де  мүлде  басқаша  болды.  Ол  Бекбайдың  өзін  сонша  беріліп 
жақсы  көретінін  білді.  Бұдан  бұрын  өзі  Бекбайды  қанша  жақсы  көргенімен  Бекбай  өзіне  бір  түрлі 
салқын  қарайтын  сияқты  сезіле  беретін.  Отынын  артып  үйіне  қайтқанда,  көкірегін  ғажайып  бір 
лепірген қуаныш кернеп, екі аяғы жеп-жеңіл болып кеткендей сияқты сезінді. Әдетте сүйретіліп әрец 
жүретін  қоңыр  өгіз  де  елпілдеп  тез  жүріп,  көңілі  барған  сайын  желпіне  түсті.  Төменгі  ауыл  төбесі 
көрінетін  аласа  қарлы  дөңкілге  шыққанда,  артына  бұрылып  Бекбайға  қарады,  ол  атына  мініп 
құтырған  адамдай  құйғытып  шауып  барады  екен.  «Бекбай  қатты  қуанып  кетті  ғой»  деп  ойлады. 
Сөйтті  де  өгізді  жетелеп  ауылға  қарай  жіти  басып  жүре  жөнелді.  Расында  қоңыр  өгіз  бүгін 
Жайнаның  көңіл  күйін  түсінгендей  бұйдасын  ірікпей  лыпылдап  келеді.  Жайнаның  көз  алдына 
Бекбайдың екі беті қып-қызыл болып албырап, өзін құшағына мейірлене қысып, екі бетінің астыңғы 
жағындағы  шұқырайған  миығынан  сәби  баланы  еркелеткендей,  мейірі  қанбай  қайта-қайта  сүйгені 
елестеген  сайын,  бүкіл  денесі  от  болып  қызып  бара  жатқан  сияқты  сезінді.  Тәтті  ойдың  сезім 
жетегімен  Жайна  өзінің    ауылға  қалай  жетіп  келгенін  білмей  қалды.  Шулаған  ұсақ  балалардың 
дауысымен  басын  көтеріп  ауылға  келгенін  бір-ақ  білді.  Шешесі  далада  өзіне  қарап,  қолын 
қусырынып тұр екен. Жайна жақындай бере алдынан қарсы жүрді. 
 
_ Қарғам-ау, бүгін неге сонша кешіктің?_ деп шешесі Жайнаның құлпырған жүзіне таң қала 
қарады.  
 
_ Өгізді ешқайда кетпейді ғой деп бос қоя салып едім, шіліктің арасына кіріп кетіпті де, әрең 
тапқаным,_ деп Жайна өгіздің бас жібін қазыққа байлады. 
 
Шешесі  Мәрия  мен  Жайна  отынды  түсіріп  ,  шайларын  ішіп  болғанда  есіктен  Бекбай  кіріп 
келді. Дастарқан әлі  жиылмаған болатын. Оның үстіне Жайна төр алдында отырған.  Мәрия  кемпір 
қуанышты кескінмен : 
 
_ Балам Бекбай, төрге кел,_ деп орнынан тұрып дастарқанға құрт-ірімшік сияқты кебежесінің 
түбінде қалған дәнді құжырларын салып молайтты. 
 
_ Балам Бекбай, анда-санда біздің үйге де келіп тұр.Мынау Жайна кітап оқи алатын болдым 
деп  қуанып  жүр.Тіл  ашарға  да  бір  нәрсе  бере  алмадық.  Қолымыз  қысқа  болғанымен  бір  шәугім 
шәйімыз бар ғой,_ деп Мәрия кемпір сөйлей отырып Бекбайға шәй құйып берді. _ Жайнаның ұғымы 
Қанекең  байдың  екі  ұлына  қарағанда  өте  жақсы.  Қалайда  сауатын  ашып  мол  білім  алса,  мұғалім 
болып жан бағуына да болады ғой, _ деді Бекбай. 
 
 
_ Жайнаның ұғымы Қанекең байдың екі ұлына қарағанда өте жақсы. Қалайда сауатын ашып 
мол білім алса, мұғалім болып жан бағуына да болады ғой, _ деді Бекбай. 
 
_ Айтқаның келсін, қарағым!_ Мәрия қуана сөйлеп орнынан тұрды,_ көптеп бері келгенің осы 
, тамақ ішіп бір-ақ кет. 
 
Мәрия кемпір қаптан етін алғанша, Жайна қазан асып суын құйып үлгірді. 
 
Бекбай мұнда бұрын да талай рет келген, Мәрия  кемпірдің қолынан талай дәм татқан. Бірақ 
бүгін  бұл  Бекбайға  басқаша  әсер  берді.  Бұл  үйдің  анау  көнеріп  кетсе  де,  әлі  сыны  кетпеген  сырлы 
кебежесінің бетіндегі ұсақ құймалар, анау жүк астында жиулы тұрған, айшығының құймалары түсіп, 
алтын-күмісі қажалып кеткен ескі алтын ер, бұл шаңырақтың да бір заманда өз әлінше дәурендеген 

шаңырақ болғанын аңғартып тұрғандай білінді. Қараған сайын Бекбайдың көзіне бұл үйдің мүлкінің 
бәрі құнды, бәрі керемет сияқты сезіле берді.  
 
_  Балам  бекбай,_  деді  Мәрия  шешей,_  мына  Жайна  екеуің  бір-біріңе  көмектесіп  тұрыңдар, 
екуіңде де аға-бауыр сүйеніш жоқ. Біз сені сыртқа теппейміз.  
 
_  Апа,_  деді  Жайна  Бекбайға  күлімдеп  қарап  алып,_  бүгін  отынымды  Бекбай  ағам  артысып 
жіберді. 
  
_ Рақымет, Бекбай балам!_ Мәрияның үні қуанғанынан дірілдеп шықты. 
 
«Жайна екеуің деген сөз шешесінің ауызынан бекер шыққан жоқ қой» деп ойлады Бекбай.  
 
_  Бұдан  кейін  істеуге  тиісті,  өздеріңіз  істей  алмайтын  ауыр  жұмыстар  болса  мен  көмектесіп 
берейін,_ деді Бекбай.   
 
_ Не жұмыс бар дейсің, қарғам, бүгін бүйтіп отырғанымызбен кезінде біз де ырысы шалқыған 
бай шаңырақтың бірі едік , амал қанша,_ Мәрия ауыр бір күрсініп алып сөзін жалғады,_ мына өзің 
баласын оқытып жүрген Қанағат менің немере бауырым, осыған қара тартып келдік қой. 
 
_ Мына Жайнаның атасы марқұм Ақбай бір салғанын түсіретін,сөзге де шешен мықты адам 
еді. Дүңген төңкерісінің алдында ғана «Баркөл деген ұжымақ жер бар екен, сонда барамын» деп Өр 
Алтайдан көшкен елге ілесіп шығысқа қарай үш ауыл аудық та кеттік.Сол жылы жазда мал да жақсы 
тойынған еді, қар бір жауғанда Бәйтік деген қара таудың бөктеріне бардық. Қалай екенін білмеймін, 
Алтайдан алыстаған сайын жүрегім лобылғып бір қорқыныш коңіліме ұялап алды. Бірнеше күн еру 
болып Бәйтікті бөктерлеп тағы жөнелдік. Бәйтіктің күнгейі сылдыраған қара тас, бөктері жап-жазық 
тақыр болады екен. Бәйтіктің күнгей бетіндегі бір терең сайға қондық. Біз үй тіккенше қарлы боран 
соқты да кетті. Мал артта қалған болатын , шалдың кенже інісі Жақай деген қайным мен Гүлшарбан 
деген  қайын  сіңілім  малда  еді,  мен  шалға  быжалақ  қағып  «тез  алдарынан  шық,  жол  білмейтін 
балалар  адасып  кетеді»  деп  зар  қақсадым.  Шал  да  айналған  жоқ,  малдың  алдынан  жөнелді.  Құдай 
сақтасын, түнімен мал да жоқ, алдынан кеткен шал да жоқ. Мына Жайнаның әке-шешесі ол кезде оң 
жақта еді. Таң атысымен Жайнаның әкесі Ақай да жөнелді. Күн екінтіге ауғанда, малдың жартысын 
тауып шал мен Ақай келді. Олардың айтуынша, малдың баранын құмға еңкейіп ығып кеткен жерінен 
әрең тауыпты. Жақай мен Гүлшарбаннан дерек жоқ. Сол арада бір ай отырып, бүтін керішті тінтіп, 
күн  құрғатпай  іздедік.  Тіпті  әкең  марқұм  біз  Қаптыққа  барып  қыстағаннан  кейін  де  неше  рет  сол 
жаққа барып  оларды іздеп қайтты. Тірі болса хабары, өлсе сүйектері  табылатын еді  , содан қазірге 
дейін дерексіз кетті. Е, балаларым, Қаптық деген сылдырап жатқан қап-қара тас тау екен. Сол жылы 
құрғақшылық  болып  қылтан  шықпай  қалыпты.  Көктемде  елге  сары  ауру  келді.  Қыстай  інісі  мен 
қарындасын іздеп, енді бір жағынан арық малымен алысқан шал мен Ақай ә дегенде-ақ сары аурудан 
ұшып  түсті.  Ол  екеуі  аз  болғандай,  мына  Жайнаның  шешесі  келінді  ауру  іліп  әкетті.  Сорлатқанда 
сәуірдің аяғында адамнан да , малдан да айрылдым, соқа басым ғана қалды. Сонда мына Жайна әрең 
үш жастағы бала ғой. Әйтеу, айналышым осы болды. Адам баласы жаның бөлек болған соң өлмейді 
екенсің.Біздің шығысқа ауғанымыз солайша бізге ұшық болып жабысты ғой. Сөйтіп күн жылынған 
соң  қайтқан  елмен  ілесіп  Алтайға  қайтып  келдім.  Туыс  тартып  осы  Қанағаттың  іргесіне  келіп  жан 
бақық. Жақай мен Гүлшарбаннан күні бүгінге дейін дерек жоқ. Тоқтаусыз іздестіріп келемін. 
 
_ Бұрын қайда едіңіздер?_ деді Бекбай таң қалып.  
 
Мәрия  әңгімесін  доғарып,  көзінен  тамған  жас  тамшыларын  шылауышының  шалғайымен 
сүртіп, Бекбайға күлімсірей қарады. 
 
_ По, сіздің де көрмегеніңіз жоқ екен ғой,_ деді Бекбай. Бекбай Мәрияға қайта-қайта қарады. 
«Қайсар,  мықты адам екен ғой» деп ойлады. Көңілі жабырқаған  қарт ананның аз да болса көңілін 
жұбатып бірдеңе айтқысы келді. Не айтарын білмей үнсіз отырып қалды. 

 
_  Құдай  басқа  салған  соң  бәріне  де  кісі  көнеді  екен  ,  Бекбай  балам  ,  өстіп  шалдың  түтінін 
түтетіп  келемін.  Дәмім  қашан  таусылады  ,  оны  бір  Алла  бір  өзі  біледі.  Көп  ойлайтыным  мынау 
қаршадай Жайнаның қамы,_ Мәрия сөйлей отырып Бекбайдың алдына дастарқан жайды. 
 
_  Шеше,  алаңдамаңыз,_Бекбай  дастарқанға  қарай  сырғып  жақындап  отырды,  _  Жайна  да 
ержетіп қалды. Өз денсаулығыңыз да жаман емес екен. Қазақ  «орнында бар оңалады» дейді, қалай 
да оңалып кетесіздер ғой. 
 
Жайна қазандағы етті түсіріп, дастарқанға әкеліп қойды. 
 
_ Балам, бала болсаң да ер азамат болдың, бір ауыз бата жаса,_ деді Мәрия күліп.  
 
Бекбай  Жайнаға  қарап  еді,  ол  жымиып  қолын  жайып  тұр  екен.  Дәл  осы  шақта  Бекбайдың 
есіне әкесінің үнемі дастарқанға жасайтын батасы түсті.  «Сол батаны берейін » деп ойлады. Сонан 
соң :  
 
_ Әуелі құдай қолдасын! 
 
_ Қызыр болсын жолдасың. 
 
_ Бастарыңа бақ қонып
 
_ Еш жамандық болмасын!  
 
_ Тілектеріңіз қабыл болып, 
 
_ Бәрін Алла оңғарсын!_ Аллаһуакбар!?_ деп Бекбай бетін сипады.  
 
_Жарайсың балам, азамат болып санатқа қосылғаның осы,_ деп Мәрия қуанып кетті. 
 
Ер  адам  болған  соң  бата  бермесе  бола  ма  !?  _  деп  Жайна  күлімсірей  келіп  шешесінің  аяқ 
жағына  отырды.  Мәрия  қызы  Жайнаға  жаңа  көргендей  қадала  қарады.  Бекбайдың  бүгін  Жайнаға 
отын алысқанын, әсіресе Жайнаның бір жұмадан бері жайраңдап көңілді жүргенін бір жақсылыққа 
балады. Екеуінің арасында бір жақындастық бар екенін іштей сезді. «Ей, Алла , осы екі жетімді бір-
біріне қосып серік ете гөр» деп іштей тілек тіледі. 
 
Бекбай  ет  турап  болып  Жайнаға  қарап  еді  ,  ол  өзіне  күлімсіреп  қарап  отыр  екен.  Көздері 
тоғыса кетті. Әлде нені сылтауыратқан Мәрия сорпа сапырған болып қазан жаққа бұрылып отырды. 
Бекбайдың осы төрде отырғаны , әсіресе тамаққа бата бергені Жайнаның көңілін лепіртіп жіберген 
еді. Ал, Бекбай болса өз үйінде отырғандай бір тамаша сезімге кенелді.  
 
Бекбай бұл үйде тамақ ішкен соң , түннің бір уағына дейін әңгімелесіп ұзақ отырды. Бекбайға 
Мәрия  кемпірдің  намысы  бар,  тегі  білікті  жерден  шыққан  мықты  әйел  екені  айқын  болды.  Ал 
Жайнаның жүзінде қыз балаға тән жібектей қосылған нәзіктікке ерекше сүйкімді асықпай , аптықпай 
сөйлейтін  биязылығымен  бірге,  өңінен  бір  түрлі  мұңлы  адамдарда  болатын  сынықтық  байқалып 
тұратын.  Бүгін  Жайнаның  өңіндегі  сол  сынықтық  оның  өңін  тіпті  де  сүзілдіріп  ,  бұрынғысынан  да 
әдемі сұлуға айналдырып жіберген екен.  
 
Бекбай қайтуға ыңғайланып, орнынан тұрып есікке бет алды. 
 
_ Балам Жайна,_ деді шешесі,_ мына баланы есік ашып шығарып қойсаңшы. 
 
Жайна лып етіп орнынан тұрып Бекбайға есік ашты. 
 
_  Тағы  келемін,_  деп  сыбырлы  үнмен  Жайнаның  қолынан  ұстады.  Айсыз  қараңғы  түнде 
бірінің өңін бірі көре алмаса да, қандай күйде тұрғандарын іштей сезісіп тұрды.    
 
Бекбай  еңкейіп  Жайнаның  белінен  құшақтап,  ақырын  бетінен  сүйді.  Жайна  бойы  балқып, 
буын  буыны  босап  өзін  меңгере  алмай  қалды.  Оның  жіп-жіңішке  саусақтары  Бекбайдың  мойнын 
сипап  ,  оң  құағының  астыңғы  жағындағы  бұршақтай  түймешті  ұстап  дардай  тұрды.  Жайна  аузын 
бекбайдың құлағына таятып : 
 
_ Құлағыңның астында бір әдемі түймеш бар екен,_ деді.  
 
_ Бекбай үнсіз басын изеп аз тұрды да: 
 
_ Менің жоғалып кетсем танылатын белгім ғой ол,_ деді сыбырлап.   

 
Жайна  Бекбайдың  мойнын  әлі  сипалап  тұр.  Әлгі  жұп-жұмсақ  түймешті  қайта-қайта  ұстап 
қояды.  Дәл  осы  шақ  Жайна  өзінің  өмір  бойы  осындай  бір  керемет  сүйіспеншілікке  толы  мейірге 
бөлене алмағанын сезді.Үйден шешесі Мәрияның қырнап жөтелген дауысы естілді. Жайнаның қолы 
Бекбайдың  мойнынан  босап,  ақырын  шегінді.  Бекбай  оның  мойнынан  қайта  құшақтап  ернінен 
мейірлене сүйді. 
 
_ Көп тұрып қалдым,_ деді Жайна дірілдеңкі сыбырмен.Сөйтті де үйіне қарай жүре жөнелді. 
Бұл күні Жайна көпке дейін қуанып ұйықтай алмай жатты. Әлгіндегі мойнынан көтерілген жағымды 
тер исі көпке дейін мұрнынан кетпеді. Көңілі лепіріп, тәтті сезімге бөленіп қуанып жатып көз ілді. 
 
Бекбай Жайнаның қараңғыдағы үйіне қарай тез жүріп бара жатқан бейнесіне қарап, ол үйіне 
кіріп кеткенше қарап тұрды. Жайна мен шешесі Мәрияның әлде неге күлген қуаныш күлкісі естілді. 
«Шешесі  қызы  кешіккенге  қалжыңдаған  шығар»  деп  ойлады.  Сөйтті  де  артына  бұрылып,  Қанағат 
байдың үйіне қарай тартты. 
 
Бекбайға  өз  денесі  өзіне  жеп-жеңіл  болып  кеткен  сияқты,  қаттырақ  жүгірер  болса  аспанға 
ұшып кететіндей бір керемет нәрсе бойын билеп алғандай сезілді.  «Осы Мәрия кемпірге бала болып 
, Жайнамен бас құрап алсам далада қалмаспын » деп ойлады . 
 
Тәтті  қиялдың  жетегінде  Бекбай  Қанағат  байдың  үйіне  қалай  тез  келгенін  білмей  қалды. 
Қараңғыда  ақырын  дыбыс  шығармай  есікті  сипалады.  Есікті  жіппен  бос  байлай  салыпты.  Өзінің 
әңгімеге  айналып    Жайнаның  үйінде  ұзақ  отырып  қалғанын  енді  сезді.  Қиусыз  жаман  ағаш  есікті 
шарқылдатпай  ақырын  ашып  ,  аяғын  еппен  басып  үйге  кірді.  Аз  іркілген  соң  ,  күндегі  өзіне  төсек 
салынатын бұрышқа қарай жылжып еді :  
 
_ Бекей, келдің бе?_ деген Қанағаттың әйелінің дауысы шықты.  
 
_ Иә, мен ғой,_ деді Бекбай төсегінде отырып жатып.  
 
_ Сені тосып-тосып келмеген соң тамағымызды ішіп жатып қалдық,_ деді. 
 
_ Тамақ ішіп келдім, шеше,_деді Бекбай.   
 
Жүрегі  қуаныштан  жарылардай  болып,  көңілі  аласұра  лепірген  Бекбай  көпке  дейін 
ұйықтамады. Көзін жұмса болды Жайнаның сәби баланың беті  сияқты  уылжыған бетінің өз ерніне 
тигендегі  ұп-ұлпа  тәтті  лебі  қайта  кеңірсігіне  келді.  Мөлдіреген  қап-қара  көзіндегі  күлкісі,  оның 
көзімен  емес,  тіл  жетпес  шыңырау  жүрегінен  күліп  тұрғандай  білінеді.  Дымық  күнгі  салқын  самал 
желпіген  жібек  сияқты  сусылдаған  қоңырқай  бұрымының  өз  бетіне  тигендегі  бойын  балқытқан 
ғажайып сезім ләззаты мына дүниеге жаңа келген сияқты күйге түсірді.  
Бекбай қап-қараңғы түнге қадала қарап едәуір уақыт жатты:«По, шіркін! Жарық дүние ,  сен неткен 
нұрлы едің» деді күбірлеп, 
 
Бекбай күндегіден ерте оянды. Қанағат байдың әйелі құман алып енді дәретке шығып барады 
екен.  Басын  көтеріп  аз  отырды.  Үйдің  іші  балшық  мештегі  жаңа  жанған  оттың  түтініне  толыпты. 
Сыртқа шығып сергіп келгісі келді. Киімдерін киіп тысқа шықты.Күн бұлт екен, аздап қылаулап қар 
жауып  тұр.  Жайнаның  үйі  де  тұрған  екен,  шаңырақтарынан  қара  қидың  қою  көкшулан  түтіні 
будақтап шығып жатыр. Бұл үйдің сыртқы үзіксіз кішкене қара борша бейнесі бүгін Бекейдің көзіне 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет