Жббп мк. Кредит саны: 5 Дәріс тақырыбы: Ойлау мәдениетінің пайда болуы Философияның пәні мен әдісі



бет2/5
Дата17.02.2023
өлшемі1,32 Mb.
#68808
1   2   3   4   5
(религия - латын тілінен “біріктіру, байлау, қайта оралу” )
Дін – адамды Абсолютпен, яғни тек қасиетті, мәңгілік, тапжылмас құбылыстармен байланыстыратын сенім түрі.
Діни дүниетаным адамнан қоршаған ортаны рационалды тұрғыда емес,сезімдік-эмоционалдық тұрғыда қабылдауды талап етеді.
Мысалы: «мен құдайға сенемін» - деп айту үшін адам өзін сол құдаймен байланыста сезінуі қажет, оған бүкіл жан-тәнімен бет бұруы қажет.
Діннің негізгі талабы – дәлелдеуді қажет етпей, сену.
Философия
дүниегекөзқарастың үшінші тарихи формасы және ең жетілген түрі.
«Философия» термині грек тілінен аударғанда
«филео»- құштарлық және «софия» - даналық,
яғни даналыққа құштарлық.


«Философия»терминін алғаш рет қолданған грек
математигі
Пифагор.
Философия бірдей уақытта, яғни, б.з.д.2-3 мыңжылдықта әлемнің 3 географиялық аймағында: Ежелгі Грецияда, ежелгі Қытайда, ежелгі Үндістанда пайда болды.
Пифагор Самосский (б.з.д. 570-490 жж.) — ежелгі грек философы, математигі, пифагоршілдер діни-философиялық мектебінің негізін салушы.
Философиялық дүниетаным ерекшелігі
Әлемді рационалды, яғни ақыл-ой арқылы танып-білуге негізделген
Логикалық ойлауға, жүйелілікке негізделген
Әр заманның объективті білімі мен құндылықтарының, өнегелілік идеалының
жиынтығы
Пифагор: философияның негізгі мақсаты –дүниенің ақиқатын іздеп табуда;
Платон: философияның мақсатын мәңгілік және абсолютті ақиқатты тануда;
Аристотель: философияның негізгі мақсаты бүкіл әлемнің мәнін түсіну, ол үшін алдымен болмыстың түпкі мәні мен алғашқы себептерін табу керек;
Философия- дүниені ақыл-ой арқылы танып-білуге бағытталған дүниегекөзқарастың ең жетілген ғылыми-теоретикалық формасы
Философия деген не?
2 сұрақ: Философияның негізгі бөлімдері
ОНТОЛОГИЯ (грек тілінен онтос - болмыс туралы ілім) - болмыстың жалпы теориясы: дүниеден бұрын болған және бұдан кейін де бола беретін, ешқашан жойылмайтын, мәңгі және өзгермейтін, барлық нақты болмыстың қайнар көзі мен негізі;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет