Жббп мк. Кредит саны: 5 Дәріс тақырыбы: Ойлау мәдениетінің пайда болуы Философияның пәні мен әдісі



бет3/5
Дата17.02.2023
өлшемі1,32 Mb.
#68808
1   2   3   4   5
ГНОСЕОЛОГИЯ (ЭПИСТЕМОЛОГИЯ) – таным, танымның мәні, тәсілдері, шекаралары, түрлері, әдіс – тәсілдері, білімнің қайнар көздері, білімнің субъектісі мен объектісі, ақиқат туралы ілім.
МЕТАФИЗИКА (грек тілінен физикадан жоғары тұрған)– «бірінші философия», адам танымынан жоғары тұрған мәселелер, тұтастай дүниенің, материалдылық пен руханилықтың алғашқы бастамасы мен себептері, субстанция, құдайылық, абсолют, болмыс пен бейболмыс туралы ілім.
НАТУРФИЛОСОФИЯ (табиғат философиясы) – тұтастай табиғат туралы (Ғарыш, әлем, Ғалам, универсум), яғни, кеңістік пен уақыттағы материалды болмыс туралы ілім.
Аталған бөлімдердің шеңберінде философия көптеген
дүниетанымдық мәселелерді қарастырады:
  • болмыстың мәні, жаратылуы;
  • материя және оның формалары;
  • сана , оның пайда болуы мен табиғаты;
  • материя мен сананың арақатынасы мәселесі;
  • бейсаналық:
  • адам, оның мәні және тіршілігі;
  • таным, оның ерекшеліктері
  • танушы субъектінің таным процесі мен оның нәтижелеріне деген ықпалы
  • танымның шексіздігі және шектілігі мәселелері;

3. Философияның негізгі сұрағы және басты бағыттары
Философияның басты сұрағы :
ойлаудың болмысқа, ал
болмыстың ойлауға (санаға) қатысы.
Философияда бұл мәселені шешудің екі жағы бар – онтологиялық және гносеологиялық
Материя мен сана болмыстың тығыз байланысты,
сонымен қатар қарама – қайшылықты ең басты белгілері.
Онтология бойынша:
қайсысы бірінші – материя ма, әлде сана (рух) па?
Материализм
Дуализм
Идеализм
Материализм (лат. material -табиғи зат) – идеализмге қарсы шыға отырып, әлемнің жаратылуы мәселесінде материяны бірінші орынға қоятын философиялық бағыт.
Материя санадан тәуелсіз өмір сүреді;
Ол жеке субстанция. өз тіршілігінде өзінен басқа ештеңені қажет
етпейді;
Материя өзінің ішкі заңдылықтары бойынша тіршілік етеді және
дамиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет