Ж.Ә. Әбелдаев


Материалдар мен зерттеу әдістері



Pdf көрінісі
бет5/8
Дата15.12.2023
өлшемі365,13 Kb.
#139546
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Без названия (2)

Материалдар мен зерттеу әдістері
Мақала жазу барысында қажетті деректерді 
дайындау үшін тақырыптың көлеміне, өзектілігіне 
және мәліметтердің әралуандылығына баса на
-
зар аударылды. Тақырыптың методологиялық 
негізін түрік тіліндегі әдебиеттер құрап отыр. 
Қарастырылатын негізгі тақырыптар – түрік 
әдебиетінде тарихи романның негізін салушы 
түрікші-тұраншы қаламгер Хүсейін Нихаль 
Атсыздың «Көкбөрілер» дилогиясының алғашқы 
кітабы «Көкбөрілердің өлімі» романындағы 
түркілік бірегейлік мәселесі. Х.Н. Атсыз – өз 
заманының қайсар жазушысы, сол кездегі саяси-
идеологиялық ұстанымдарға ашық қарсы болып, 
Түркияның ұлттық жолда дамуын қалады. Алай
-
да оның ұстанған жолы ХХ ғасырдың басындағы 
әлемдік саяси ахуалға сай келмейтін еді. 
Тақырыпқа қатысты әдебиеттерді саралауда 
түрік ғалымдарының іргелі зерттеулері негізге 
алынды. Оларды мақала жазу барысында ғылыми 
талдаудан өткізу – зерттеудің басты міндеттерінің 
бірі болды. Түрік тіліндегі еңбектердің ара
-
сында айрықша түрік зерттеушілері Ахмет 
Кабаклының 5 томдық «Түрік әдебиеті» (1994), 
Инжи Енгинүннің «Жумхуриет кезеңіндегі 
түрік әдебиеті» (2010) және Әлемдар Ялчынның 
«Саяси-әлеуметтік өзгерістер тұрғысынан Жум
-
хуриет кезеңі. Қазіргі түрік романы. 1946-2000» 
(2005) атты шығармаларына иек арттық.
Тақырыпқа негіз болған шығарма – түріктің 
белгілі қаламгері Х.Н. Атсыздың «Көкбөрілер» 
тарихи дилогиясының (Bozkurtlar, 2018) бірінші 
кітабы болып табылатын «Көкбөрілердің өлімі» 
романы талдау нысанына өзек болды. Сондай-
ақ, Х.Н. Атсыздың саяси-идеологиялық һәм 
мәдени-әдеби көзқарасын айқындауға өзінің төл 
шығармалары – «Түрік әдебиеті тарихы» (2015), 
«Түрік тарихындағы мәселелер» (2016) және 
поэтикалық шығармасы – «Жолдардың соңы» 
(2016) мақала жазуға өз септігін тигізді. 
Сонымен қатар зерттеу мақаланы жазу
-
да түрік және отандық ғалымдардың іргелі 
теориялық пікірлері мен тұжырымдары қолданыс 
тапты. Ғылыми мақалада тарихи-салыстыр
-
малы, сипаттау, баяндау, саралау, тұжырымдау 
және жүйелеу әдістері қолданылды. Сонымен 
бірге интернет материалдары да мақаланың жа
-
зылуына өз септігін тигізді. Зерттеу жұмысын 
ұйымдастыруда тақырыптың өзекті мәселелерін 
объективті түрде шешуге талпыныс жасалды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет