Ж.Ә. Әбелдаев


Талқылаулар мен нәтижелер



Pdf көрінісі
бет6/8
Дата15.12.2023
өлшемі365,13 Kb.
#139546
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Без названия (2)

Талқылаулар мен нәтижелер
Түріктің көрнекті жазушысы Хүсейін Ни
-
халь Атсыз түрік әдебиетінде түрікшілдік-
тұраншылдық бағыттың негізін салумен қатар, 
оның әсіре формасы – ультрапантүркизм 
(түр. Aşırı türkçülük) бағытының да негізін 
қалады. ХІХ ғасырда Танзимат әдеби кезеңінде 
басталған түрікшілдікке бетбұрыс үдерісі 
әсіресе ХІХ ғасырдың соңында Мехмет Эмин 
Юрдақұл поэзиясында кеңінен көрініс тапты. Ал 
Х.Н. Атсыз түрікшілдік-тұраншылық идеясының 
саяси-идеологиялық негізін қалады. Х.Н. Ат
-
сыз үшін түрік халықтарынан асқан ұлт жоқ, 
мәңгі ел, мәңгілік мемлекет тек түркілерде ғана 
болған деген тұжырымға келеді, өзге ұлттарды 
түркілерден төмен санайды, олар тек қана 
түркілерге қызмет етуші ұлыстар дегенді мой
-
ындайды. Тұраншылдық идеясы (пантуранизм) 
– түркі халықтарының негізгі тірегі екенін өзінің 
шығармалары арқылы дәлелдеуге тырысады.
Х.Н. Атсыз – тек жазушы ғана емес, соны
-
мен қатар кәсіби тарихшы, ғалым, журналист, 
мәдениеттанушы, ақын, публицист, мемле
-
кет және қоғам қайраткері. Ол өзі өмір сүрген 
қоғамның ішінде болып жатқан барлық саяси-
қоғамдық өзгерістерге бей-жәй қарамай бар 
ынтасымен араласып, өзінің және халқының 
көзқарастарын білдіріп отырды. Әрине, кейде 
оның қыңыр табиғаты өзіне кесір болып тиіп те 
жатты. Алайда күрескер қаламгер Х. Атсыз өз 
ойларынан еш айныған емес. Ол түрік халқының 


118
Түрік қаламгері Х.Н. Атсыздың «Көкбөрілердің өлімі» романындағы түркі бірегейлігі
жарқын келешегін құруға көмектесті. Ұлы идео
-
лог Зия Көкалып өмірден өткен соң «түрікшілдік» 
идеясының негізгі жақтаушысы рөлін атқара оты
-
рып, ежелден жалғасып келе жатқан түрікшілдік 
пайымдарының диалектикалық сабақтастығын 
құрды және оны жаңа дәуірде жаңғырта түсті.
Х.Н. Атсыз – өмірлік кредосына айналған 
түрікшілдік, ұлтшылдық көзқарасына өмірінің 
соңына дейін берік болды. Ал «тұраншылдық» 
оның идеалы саналды. Х.Н. Атсыз сол үшін 
де өмірдің түрлі қиындықтарына төзе білген, 
ауыртпашылықтарын өзі арқалап, бұл жолда 
еш қаймықпаған, ұмтылысы мен ынта-жігерін 
жоғалтпай күресуден жалықпаған қайсар тұлға. 
Өмірінің соңғы кезеңінде өзі жазған «Соңына 
таман» деген мына бір ғазалы оның күрескерлік 
табиғатын толық ашып тұрғандай:
«Bilsin cihan ki ben bu cihanın nesindeyim;
Bir ülkünün mehabetinin zirvesindeyim.
Dünya denen mezellete dalsın her isteyen,
Ben ırkımın şeref taşan efsanesindeyim.
Herkes bir özleyişle yaşar... Ben de öylece
Altaylar’ın ve Tanrı Dağ’ın çevresindeyim.
Merdanelikle şöyle bakıp ayrılıklara,
Son menzilin hüzün dolu kaşanesindeyim.
Artık veda zamanına pek fazla kalmadı;
Yorgun ve kimsesiz ölümün bahçesindeyim» 
(Atsız, 2016: 96).
Қазақша аудармасы:
«Әлем білсін, мен бұл әлемнің қай жеріндемін;
Бір идеалдың ұлылығының биік көгіндемін.
Дүние деген жексұрынға сүңгісін кім көрінген,
Мен нәсілімнің абыройы тасыған 
аңыз-әпсанасындамын.
Әркімнің өз сағынышы бар... 
Менің жайым да дәл солай
Алтай менен Тәңірі таудың қойнауындамын.
Батылдықпен жөні түзу қарап айырылыстарға
Соңғы нысанның қайғы толы сәнді сарайындамын.
Қоштасу сәтіне де көп уақыт қалған жоқ,
Әбден шаршап торыққан елсіз өлімнің 
бақшасындамын»
 
(
аударған – автор
), –
деуінде қаламгердің бітім-болмысы анық бай-
қалады. Осылайша түркілік пен түрікшілдікке 
деген махаббаты және өзінің идеялық әлеміне де
-
ген көзқарасы белгілі болған Атсыздың бұл күрес 
жолындағы жалғыздығы мен оны жегідей жеген 
қайғы-мұңы да ғазалда орынды суреттелген. 
Шын мәнісінде, Х.Н. Атсыздың өзінің ой-
пікірлеріне берік болғандығы, сенім жолындағы 
қиыншылықтарға ешқандай мүдделерді көз-
демей тікелей араласқандығы, түркілік иде
-
алын бәрінен жоғары қойғаннан өзге іштен-
сырттан араласқандарды, қастық жасағандарды 
өзінің жеке жаулары деп қана білгендігі оның 
адамгершілігінің нақты көрінісі дер едік. Оның 
табиғаты сондай болды. 
Кеңес Одағына миллиондаған түркі тек
-
тес халықтарды қыспаққа алып отырғандықтан 
қатты ашулы болғандығы күмәнсыз. Ал комму
-
низм жолына түскендерді дәл осы ұстанымдары 
үшін кешірмей өтті. Сондай-ақ, Атсыз 
фашизмнің сол кездегі мақтаншақ, милитарист 
көшбасшысы болған Италия басшысы Муссо
-
линиге де, коммунизмге қарсы болғанындай, ау
-
ыр да аяусыз соққы берді. Сол кезеңде Италия 
билігінің түріктерге күш көрсетуіне байланысты 
Атсыз «Шақыру» атты өлең жазып, Муссолиниді 
сын тезіне алған еді. Түрік еліне қарсы ешкімнің 
жаман сөз айтуын көтере алмады, бәріне 
қорықпастан қасқая қарсы тұрды. Өзінің идея
-
сына берік Атсыз ешқандай билікке жоламады. 
Өзі берілген ісіне, көтерген шетін мәселесіне 
қарсы шыққан әділетсіз және қарама-қайшы 
көзқарасты билікпен арада дау шығаруға дайын 
тұрды. Идеясына сенімді болған Атсыз сырт
-
тан өзіне сүйеу болатын бір ел немесе қандайда 
бір күш, қорғаушы іздеуден аулақ болды. Оның 
үстіне, түрік ұлтшылы өзінен және ұлтынан 
өзге кімге сенуіне болады, қандай шетелдікке 
арқа сүйейді?! Мысалы үшін, Италия ұлтшылы 
(фашист) немесе неміс ұлтшылы (нацист) бір 
түрік ұлтшылына қандай қисынмен көмектесуі 
керек? Өзге бір елдің ұлтшылдарына көмектесу 
дегеніміз – қандайда бір халықтың ұлтшылының 
мүддесі мен қисынына қарама-қайшы деген сөз. 
Кез келген бір мемлекеттен немесе халықаралық 
ұйымдардан, яки идеологиялық құрылымдардан 
көмек алған кісіні ұлтшыл деуге келмейді, ол 
ешқашан ұлтшыл бола алмайды. Сондықтан 
Х.Н. Атсыз әркез тек өзіне және өз ұлтына ғана 
сену керектігін алға тартып, ешкімнен көмек 
күтпеу керектігін ескертіп жүрді. Өзі де сол 
жолда қызмет етіп, өзінен кейінгі буынға жол 
көрсете білді.
Х.Н. Атсыз Исламнан бұрынғы түрік әдебиетіне 
ерекше қызығушылық танытып, көп тираж
-
бен шыққан романдар жазды. Өзіне кең көлемді 
оқырман аудиториясын тапқан Х.Н. Атсыз тари
-
хи романдарымен бірге ғылыми зерттеулері және 
поэзиялық шығармаларымен түркі халықтарының 
намысты тарих беттері мен маңызды оқиғаларын 
өзінен кейінгі ұрпаққа жеткізе білген ықпалды 
қаламгер (Enginün, 2010: 354). 


119
Ж.Ә. Әбелдаев 
Хүсейін Нихаль Атсыз «Көкбөрілердің өлімі» 
(1946), «Көкбөрілердің тірілуі» (1949), «Көкжал» 
(1958) атты тарихи роман, «Z витамині» (1959) 
атты бюрократизмді сынға алған сатиралық ро
-
ман, «Рух адам» (1972) деген психологиялық 
роман және «Жағымпаздар түні» (1941) сынды 
сатиралық-аллегориялық туындылардың авто
-
ры. Романдарының саны алтауға жетеді.
Алғашқы екі тарихи роман кейінірек 
біріктіріліп, «Көкбөрілер» деген атпен дилогия 
құрады. Екі роман бір-бірінің заңды жалғасы. 
«Көкбөрілер» дилогиясы көне түркі кезеңіндегі 
жалпы түркілердің күрескерлік өмірі мен мем
-
лекет құру принциптерін суреттесе, «Көкжал» 
романына түрік тарихының сүреңсіз кезеңі деп 
саналған Йылдырым Баязит пен оның ұлдары 
билік құрған тұс негіз болған. 
«Рух адам» романында Атсыз өзінің ішкі 
дүниесін ашып, рухани күйін талдау тәжірибесін 
жасауға тырысқан. Басқаша айтар болсақ, 
өмірінің соңғы сәттеріндегі жалғыздығы, өзін-
өзі іздеуі, рухани тереңдеу мен кемелдену 
күндерінің шығармасы деуге болады.
«Жағымпаздар түні» – жазушының алғаш-
қы көлемді эпикалық шығармасы. Ол сонау 
1941 жылы жарық көрген. Сатиралық һәм 
аллегориялық үлгіде жазылған романның 
сюжеті Түркиядағы бір партиялы билік кезеңіне 
арналған. Басшылардың айналасына топтасып, 
өздерінің мүдделерін көздеген көрсоқыр зия
-
лы қауым өкілдері мен басшы шенеуніктерді 
жерден алып, жерге салатын бұл шығарма шын 
мәнісінде автордың ерлікке баланған еңбегі деп 
бағаланады. Бұл шығарманың қоғамдық ықпалы 
өте күшті болды. Көптеген адамның Атсызға 
жөн-жосықсыз шүйлігуі немесе қараптан-қа-
рап дұшпан атануында осы романның үлесі 
зор болды деп санайды түрік зерттеушілері. 
Әдебиет сыншыларының пікірінше, аталмыш 
роман Танзимат әдебиетінің өкілі Зия Пашаның 
«Жеңіснама» (Zafername) шығармасынан кейінгі 
өте мықты әлеуметтік сатираға мысал бола ала
-
ды (Kabaklı, 1994: 646). 
Хүсейін Нихаль Атсызды жазушы ретінде 
белгілі еткен оның тарихи романдары. «Көк-
бө рілердің өлімі», «Көкбөрілердің тірілуі» 
та рихи дилогиясы және «Көкжал» романы 
қаламгердің көне түркілерге де, қазіргі түркі 
тектес халықтарға да, Анадолы түріктеріне де 
сүйіспеншілігін арттыра түсті. «Көкбөрілер» 
дилогиясында көне түркі кезеңі, яғни Түркі 
қағанаты кезеңіндегі оқиғалар баяндалады. 
Х. Атсыздың көне тарихқа баруында әрине 
оның саяси көзқарастары, ұлттық түркілік та
-
нымы негіз болды деп пайымдаймыз. Ұлы ба
-
баларымыз Білге Қаған, Күлтегін және Тоныкөк 
ескерткіштеріндегі жазбалар мен уақиғаларды 
тартымды қиял-ғажайып романға айналдырғысы 
келді. Бұл, әрине, түрік тарихи романындағы 
жаңа сүрлеу, тың бағыт болды. Оқырманның ма
-
хаббатына бөленіп, кең көлемді қоғамдық резо
-
нанс тудырды. Бұл жерде, әрине, Х.Н. Атсыздың 
мамандығының да септігі тиді дей аламыз.
Аталмыш романдарда автор Орта Азиядағы 
түркілік көзқарасты аңсауы, батыр бабаларды 
ұлықтау, халқы мен ұлты үшін өлімді көзге алу, 
соғыс майданына еш қорықпастан еніп кету, 
тегіне деген беріктік пен оны шексіз сүюі сын
-
ды тақырыптар балалар мен жасөспірімдердің 
тамырына желі тартып, ерекше шеберлікпен 
насихатталды. Бұл дилогия түрік әдебиетінен 
гөрі түрік қоғамына ерекше ықпалды болып, 
жаңа бағыт ашты деуге болады. Х.Н. Атсыздың 
үлкен шеберлікпен роман сюжетіне негіз ет
-
кен және түркілердің ұлы тарихы мен өнерінің 
ұлттық құжатына айналған Орхон-Енисей 
ескерткіштеріне деген өзінің таңқалысын ав
-
тор былайша жеткізеді: «Саясаттағы достық 
– барлығы жалған, боз өкпе, шындық сөзді 
Күлтегін ескерткішінен ізде». Осы формула 
арқылы оның тұраншылдық идеясына бекер бет 
бұрмағандығын, түркілердің шынайы тарихы 
осы ежелгі түркі жазба ескерткіштерінде сай
-
рап жатқандығын алға тартып отырғанын аңғару 
қиын емес. 
Х.Н. Атсыздың тарихи танымдық түсінігі мен 
философиялық көзқарастары айрықша зерттеуді 
қажет ететін тақырып. Атсыз үшін тұраншылдық 
бүкіл идеялардың биік шыңы. Бұл түркі тектес 
халықтарды біріктірудегі негізгі жол. Х. Атсыз 
өзінің «Түрік тарихындағы мәселелер» атты 
зерттеуінде былай деп жазды: «Тұраншылдық – 
Түркияда 60 жылдан бері айтыс-тартысқа түскен 
ірі мәселе. Уақыт өте, түріктермен қоса өзге 
түркі халықтарды да бір жүйеде бірігеді деп ой
-
лаймын. Дегенмен, қазіргі кезде «тұраншылдық» 
дегенде Түркиядағы таным-түсінік мынаған сая
-
ды: тарихи мұраларымен қоса бүкіл түркілерді 
бір мемлекет туының астына біріктіру идея
-
сы және әр идея секілді ұрпақтарға бет бұрған, 
қан мен жан салығын қажет ететін, көңілдерді 
толғандыратын наным-сенім. Біздер үшін ең 
қасиетті мақсат – тұраншылдық идеясы. Бүкіл 
түркілерді біріктіру біздің құқымыз және 
міндетіміз. Бізден зорлықпен қинап жұлып алған 
бөлшекті сондай зорлықпен қайтару арқылы 
әділеттілікті орнатуымыз керек. Сондықтан, 
тұраншылдық – ұлылықтың көзқарасы деп 


120
Түрік қаламгері Х.Н. Атсыздың «Көкбөрілердің өлімі» романындағы түркі бірегейлігі
білеміз. Ал ұлылық көзқарасы дегеніміз – 
қасиетті һәм бекзат көзқарас» (Atsız, 2016: 47). 
Х.Н. Атсыз – бәрінен бұрын өзінің идеяла
-
рына өте берік терең моральды адам, ол қоғамда 
болып жатқан өзгерістерге үлкен батырлықпен 
кірісіп, аяусыз күрескерлігімен белгілі болған 
ұлттық тұлға. Ол өз өмірін қатерге тікті, ертең 
қызметімнен айырылып қаламын-ау деп еш 
қорықпады. Атсыз үшін ұлттық мүддеден жоғары 
еш нәрсе жоқ. Өзі берік ұстанған көзқарастары 
үшін аш-жалаңаш та қалды, қызметінен де 
алшақтатылды, түрмеге де қамалды, жұмыссыз 
да жүрді, бірақ көзқарастарынан бас тартпады. 
Түркияның ата-бабалар жолында, ұлттық жолда 
дамуын қалады. Тек Анадолы түріктерінің ғана 
емес, өзге де түркі тектес халықтардың баста
-
рын тік көтеріп, өздерінің даңқты тарихымен 
мақтануын, мызғымас мемлекеттер құрған ата-
бабаларының ерліктерін мадақтауын талап етті.
Сондықтан болар Атсыз тегі терең 
түркілердің даңқты тарихын іздеді, іздеп қана 
қоймай оны ғылыми айналымға енгізді және 
оны үлкен шеберлікпен көркем өнерге ай
-
налдыра білді. Осындай ізденістер негізінде 
Х.Н. Атсыз өзінің алғашқы еңбегі – 
«Көкбөрілердің өлімі» (Atsız, 2018) атты та
-
рихи романын жазады. Аталмыш роман алғаш 
жарияланған 1946 жылдан соңғы басылымы 
2018 жылға дейін 131 рет басылып шыққан. Бұл 
тарихи шығарма түрік халқының қолынан таста
-
май оқитын сүйікті романына айналды. 
Х.Н. Атсыз «Көкбөрілердің өлімі» мен 
«Көкбөрілердің тірілуі» атты романдарын со
-
нау жылдары, түрмеде жатқан кезінде және 
кейін түрмеден босап, үш жылдай жұмыссыз 
бос жүрген уақытта жазып бітірген (https://
edebiyatvesanatakademisi.com). «Көкбөрілердің 
өлімі» тарихи романын 1936 жылдың соңында 
бастап, 1946 жылы аяқтайды. Қысқасы, Ат
-
сыз бұл романды жазуға 10 жылдай уақытын 
жұмсаған, содан соң 5 жылдай басылуын күтті. 
Кітап ретінде шықпай тұрып аталмыш романның 
алғашқы бөлімдері Тахсин Демирай деген жазу
-
шы шығарған «Алау» (Атеш) журналында иллю
-
страциялы түрде үзінді боп жарияланған (1937 
жылдың 7 қаңтары 29 және 32 сандарын есеп
-
темегенде, 7-40 сандары) (Ercilasun, https://www.
yenicaggazetesi.com.tr).
Х.Н. Атсыз бұл романдарды жазар алдында 
өзінің саяси бақталасы Сабахаддин Әлиге былай 
деп хат жазады: «Балақай Сабахаддин! Мен саған 
керемет бір сырымды ашайын. Мен Күршадты 
роман етіп жазбақпын. Мені бұған итермелеген 
Тахсин Демирай бауырым. Менен «Отты бала
-
лар» деген орта мектеп оқушыларына арналған 
апталыққа ұлттық тақырыптағы әңгімелер мен 
роман үзінділерін беруімді сұрады. Сөз бер
-
ген едім. Қинай түскен соң амалсыз қолыма 
қалам алдым. Роман – «Көкбөрілердің өлімі» 
деп аталатын болады. Жалпы, проза мен дра
-
матургияны жақсы білетін Нихат Сами Ба
-
нарлы романның бас жақтарын оқып, ұнатты. 
Болашақта кітап етіп шығарып жатсам, саған 
міндетті түрде жіберемін» (Ercilasun, https://
www.yenicaggazetesi.com.tr).
«Көкбөрілердің өлімі» романы алғашқы 
шыққан күнінен бастап-ақ, бүкіл түрік қоғамының 
санасын сілкіген және ең көп оқылған роман бол
-
ды. Атағы жер жарды. Атсыз бұл тарихи романы 
арқылы Түркі қағанаты кезіндегі түркілердің 
өмір салты мен дәстүрлерін, тарихи уақиғаларды 
жаңғыртты. Қай бөлімінде болмасын ол түркілік 
бірегейлікті көрсетіп қалуға тырысты. Әсіресе, 
түркілердің көнеден жалғасып келе жатқан ата-
баба салттарын ашық сипаттап, түркілердің да
-
ла заңына беріктігін, заң сыйлау қабілеттерін 
барынша ашып көрсетеді. Қытайға қарсы ша
-
буылдар мен әскери жүйе романның негізін 
құрады. Аталмыш шығарма түркі мәдениетін 
зерттеушілер үшін негізгі академиялық әдебиет 
рөлін де атқарды. Қырғыздың ұлы жазушы
-
сы Шыңғыс Айтматовтың өзі «Көкбөрілердің 
өлімі» романын оқығанда: «Ұлы далада туылған 
менің өзім дала өмірін, жалпы, ұлы даланы еш 
көрмеген Х.Н. Атсыз секілді жақсы жаза алмас 
едім» – деген екен.
Романның уақиға желісі 620 – 630 жылдар 
аралығында болған Өтікендегі Түрік қағанаты, яки 
көкбөрілер мен Қытай арасындағы уақиғаларды 
суреттейді. Атсыз – көшпенділік, саятшылық және 
жаугершілік өмір салтына негізделген мәдени 
құрылымға ие түркілер мен егіншілік және сауда-
саттыққа негізделген қытайлардың мәдениеті 
арасында пайда болған қайшылықтарға, шетін 
мәселелерге ерекше ден қояды.
Оқиға Көктүріктердің ұлы қағаны Шұлық 
қағанның уланып өлтірілгендігі хабарының 
халыққа жетуімен басталады. Шұлық қағанды 
улап өлтірген оның қытайлық әйелі – хан
-
шайым Ішінг Қатын екендігі белгілі болса да, 
дәлелдеу қиынға соғады. Ендігі жерде билікке 
кім келеді, Шұлық қағанның тағына кім отыра
-
ды, Көкбөрілерге кім қаған болады деген мәселе 
халықты қатты толғандырды. Құрылтай Шұлық 
қағанның екі ұлын – Яшар Шад (Тұлы қаған) пен 
Шу Тегінді (Күр Шад) жас деп сайламай, есесіне 
қаған етіп Шұлық қағанның бауыры Бағатұрды 
«Қара қаған» деген есіммен таққа отырғызады. 


121
Ж.Ә. Әбелдаев 
Түрік бұтыны алғашқыда Бағатұрдың таққа оты
-
ра сала ағасы Шұлық қағанды улап өлтірген Ішінг 
Қатыннан өшін алады деп ойлаған, алайда Қара 
қаған керісінше, белгісіз себептермен қытай хан
-
шайымына үйленіп алады. Бұл халықтың ашу-
ызасын туғызды. Қара қаған Ішінг Қатынның 
сөзіне еріп, елге соншалық көмек бере алмай
-
ды. Қара қағанның таққа отыру рәсіміне Ішінг 
Қатынның бауыры, Қытайдан қыспақ көріп 
қашып келген ханзада Шен Кинг келеді. Шен 
Кингтің келуімен уақиға өрши түседі. 
Шен Кинг жалпы түркі салт-дәстүрін 
бұзушы ретінде нақты образын тапқан. Шен 
Кинг түркілердің мемлекеттік істеріне арала
-
суымен бірге олардың моральдық-этикалық 
келбетін бұзуға тырысады. Ол романның бас 
кейіпкерлерінің бірі – мыңбасы Ышпара Алыптың 
сұлу әрі ержүрек қызы Алмылаға (дұрысы Ал
-
малы) көз тігеді. Алмылаға үйлену арқылы 
көкбөрілердің билігіне келуді көксейді. Алайда 
мұны жақсы білетін Ышпара Алып қызы Алмы
-
ланы онда ойы бар жауынгері онбасы Барысқа 
қосып, екеуінің ел үшін қызмет етуіне жол аша
-
ды. Ышпара Алып түркі моралінің сақталуына 
ерекше көңіл бөледі. Түркі бірегейлігін құртуға 
тырысқан Ішінг Қатын мен оның бауыры Шен 
Кингтің жымысқы саясатына қарсы шығады. 
Олардың бұл жымысқы саясатын халық та біледі. 
Алайда Қара қағанның Ішінг Қатынның сөзінен 
шыға алмай жатқанына күйінеді.
Түркі қағанатындағы қытай тыңшыларының 
түркілерге қарсы жұмыс істеп жатқандығы 
романның өн бойында желі тартып жатыр. 
Әсіресе, қытай қыздары жас түрік сарбазда
-
рын алдап-арбап, тапқан-таянғандарын қытай 
саудагерлеріне бергізіп, ол пұлдың барлығы 
қытайдың дамуына үлес қосуға Қытай асып 
жатқандығы романда шынайы суреттеледі. 
Мұрнының астында осындай қастандық істер 
істеліп жатқандығына Қара қаған онша мән 
бермейді. Тек, Шұлық қағанның кенже ұлы 
Күршадтың бұған көз жұма қарамайтындығы, 
түрік сарбаздарының қытай саудагерлеріне ал
-
данып жатқандығы, көптеген байлықтың Қытай 
асып жатқандығы жанына қатты батады. Ол 
Қара қағанды көндіріп, Кеңес шақырып, заңды 
қатайтуын талап етеді. Қытай қыздарының арба
-
уына түскен біраз сарбаз жаза арқалайды.
Қара қаған билігі тұсында әскерге көңіл 
бөлінбей, олардың тұрмыстары күрт нашарлап 
кетеді. Енді әркім өз отбасын аң аулап асыраудан 
басқа шарасы қалмайды. Ал бұл сол кездегі жау
-
ынгер түркілердің әскери беріктігін ұстап тұруға 
өзінің теріс ықпалын тигізеді. 
Романда көне түркі мәдениетінің үлгілі 
көріністері айқын суреттеледі. Түркілердің аң 
аулау дәстүрі, әскери жаттығулары, қару-жарақ 
қолдану, жылқы баптау, ұлттық тағамдарды 
пайдалану, әсіресе қымыз сусынының ерекше 
табиғатын ашып көрсету арқылы түркілердің 
бірегейлігінің мызғымас берік екендігін автор 
жақсы жеткізе білген.
Автор шығармада Шұлық қағанның қазасын 
өте ауыр қабылдаған сол кездегі атақты жы
-
рау Қара Озанның аузымен жеткізеді. Өзінің 
қобызымен бүкіл Өтікенді күңірентіп, сай-
сүйекті сырқыратқан Қара Озанның жоқтауы 
ежелгі Сақтардың баһадүрі Алып Ер Тұңға 
жоқтауына өте ұқсас келеді. «Шұлық қаған 
өлді ме, түркілер басшысыз қалды ма, қорқау 
қытай күлді ме, паршаланды жүректер!» (Atsız, 
2018: 26-27) деп жырлаған Қара Озан күллі 
әскерді бөрідей ұлытты. Көкбөрілердің бұл 
ұлығаны жақын ормандағы өздерінің сойынан 
тараған деп сенетін тағы көкжалдардың ұлуына 
ұласып, түркі даласын, қала берді, жер-жаһанды 
күңірентті. Шұлық қағанның қапиядағы қазасы 
осылайша ұлы даладағы көкбөрілердің терең 
қайғысына ұласты. Бұл көне түркілердің өз 
басшысына деген ерекше құрметті көрсетеді. 
Сол кездегі қағандар, яғбулар, мыңбасылар, 
жүзбасылар, онбасылар, батырлар, жасауыл
-
дар, жасауылбасылар – әркім өзінің жолын 
білетін, өздерінің дәрежелеріне қарай құрмет 
көрсететін нағыз түрік елінің түпқазықтары 
еді. Олардың барлығы да дала заңына бас ұрып, 
оны әспеттейтін, сыйлайтын, Кеңес шешіміне 
бағынатын мықты тәртіп иесі әскерилер. 
Х.Н. Атсыз өзінің «Түрік әдебиеті тарихы» 
атты еңбегінде түркілердің мемлекеттері ту
-
ралы өз ойын ортаға салады. Ол былай дейді: 
«Түркілерде мемлекет өте көне заманнан бері 
бар. Сақтар дәуірінде түркілердің мемлекет 
құру дәстүрі қандай дәрежеде болғандығын 
нақты білмесек те, Ғұндар дәуірінде мем
-
лекет құру нақты бар. Түрік мемлекеттері 
аристократиялық сипатта болды. Мемле
-
кет басшысы елді толық билеу құқығына ие 
болды, ал билеушінің жанында бектерден 
құралған «құрылтай» қызмет етті. Мемлекет 
басшысын Ғұндар мен Сиянпилар тұсында 
«яғбу» деп атаған. Апарлар, Көктүріктер және 
Оғыз-Ұйғырлар дәуірінде қаған деп атай ба
-
стады. «Хакан» мен «хан» сөздері «қаған» 
сөзінің кейініректегі өзгерген тұлғасы. Мемле
-
кет басшысын қаған деп атай бастаған соң яғбу 
екінші дәрежелі атақ болып қала берді» (Atsız, 
2015: 27). 


122
Түрік қаламгері Х.Н. Атсыздың «Көкбөрілердің өлімі» романындағы түркі бірегейлігі
Мемлекет құру және мемлекеттікті сақтап 
қалу түркілер үшін қай кезеңде де маңызды 
болды. «Мемлекеттің бір түйір тасы сыртқа 
әкетілмеуі керек» деген Ғұн патшасы Мөде 
ханның өсиеті одан кейінгі мемлекеттердің 
барлығында еш бұзылмай, нақты орындалды. 
Түркілер үшін ол мемлекеттік қағидаға айналды. 
Романдағы негізгі кейіпкерлер – Шұлық 
қаған, Қара қаған, Күршад, Ышпара Алып, Бөгі 
Алып, Тұңға Тегін, Санжар, Жамтар, Барыс, 
Сүлеміш, Арық Бұқа, Қарабұтақ, Үшоғыл, Бақа 
Тарқан, Шалық, Алмыла – түркі елінің нағыз ер 
жүрек батырлары, ел қорғаушы сарбаздары һәм 
түркілік руханияттың қамқоршылары сипатын
-
да көрініс тапқан. Бұл кейіпкерлердің романда 
әрқайсысының өзіндік сюжетке құралған хика
-
ялары бар. Сол арқылы автор олардың әрбіріне 
жеке сипаттама беріп өтеді. Айрықша, олардың 
түркілік бірегейлікті сақтау мен қалыптастыру 
жолындағы күрестері шынайы бедерленеді. Бұл 
түркілік бірегейлік кейінгі кезеңде қалыптасатын 
түрлі түркі елдерінің, жеке хандықтарының 
бірегейлігіне негіз болды. Одан әрі ол ұлттық 
бірегейлік деңгейіне жетті.
Романның соңында қытайлардың тыңшылық 
қызметінің нәтижесінде олардың арбауына түскен 
көкбөрілер оңбай жеңіліп, тұтқынға түседі. Бұл 
бірінші Көктүріктер мемлекетінің жеңілісі еді. 
Тұқынға түскен түркі сарбаздары бұған шыдай 
алмайды. Күршад сардар намыстан өліп кете жаз
-
дайды. Дегенменде, ол қырық сарбазымен сарайда 
бүлік шығарып, қытай патшасын өлтіруге тыры
-
сады. Алайда оның бұл ойы жүзеге аспай қалады. 
Ол қырық сарбазымен қамалды бұзып қашып 
шығады. Дей тұрғанмен барлығы да Вэй өзенінің 
жағасында ерлікпен қаза табады. Күршад атымен 
бірге жаралы күйде жауға қасқая қарап тұрып, 
асықпай қымызын ішіп, атының жалын құша 
қаза табады. Бұл өлім бүкіл қытайды шошындыр
-
ды. Түркілер өліп жатса да атынан айырылмай, 
қымызын тастамайды екен деп селк етті. Бұл – ал
-
да әлі талай арпалыс бар екенінің белгісі еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет