117
Ж.Ә. Әбелдаев
келгенін істеп бағады. Бұл тенденция барлық
халықтың болмысына тән нәрсе.
Сол арқылы
ұлттық бірегейлігін сақтау жолында қандай
қиындыққа болса да төзеді.
Мақалада тарихи романның табиғатына тән
тәсілдер арқылы түркілік бірегейлік идеясының
көтерілуін таразылау мақсат етіледі. Қазіргі таңда
Түркияда да, Қазақстанда да ұлттық бірегейлік
мәселесі өткір тұр. Әсіресе, ұлттық бірегейлікті
идеялық тұрғыда шешу тәуелсіз Қазақстан үшін
өте маңызды. Ұлттық кодымызды жоғалтып
алмау мақсатында
ұлттық бірегейлікті жан-
жақты қарастырып, оны сақтаудың тетіктерін
іздеген жөн. Бұл тұрғыда Түркияда
оңды істер
атқарылып жатыр.
Ұлттық бірегейлік – тарихи сана жаң ғыруының
негізгі көрсеткіші. Ал тарихи сана жаңғырған
жерде ілгерілеушілік,
дамушылық көрініс таба
-
ды. Ататектің қастерін сана жаңғырту арқылы
сезінуге болады. Сондықтан алдағы міндеттер –
ұлттық код, ұлттық бірегейлік, мәңгілік ел болу
мәселелеріне жүйелі түрде үздіксіз қозғау салып,
жаңартып, жаңғыртып отырған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: