Жедел аппендицит


Аппендэктомия. Алдыңғы құрсақ қабырғасына Волков—Дьяконов—Мак Бурней бойыншы тілік. Іштің сыртқы қиғаш бұлшықетінің апоневрозын ашу



бет8/9
Дата10.12.2023
өлшемі1,1 Mb.
#135994
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
острый аппендицит

1.Аппендэктомия. Алдыңғы құрсақ қабырғасына Волков—Дьяконов—Мак Бурней бойыншы тілік. Іштің сыртқы қиғаш бұлшықетінің апоневрозын ашу.

2. Аппендэктомия. Алдыңғы құрсақ қабырғасына Волков—Дьяконов—Мак Бурней бойыншы тілік. Іштің ішкі қиғаш және көлденең бұлшықеттерінің бөлінуі. (расслаивание)

Екі пинцет арасында париетальды ішастарды ашу.

Жарақат ұзындығы бойына париетальды ішастарды ашу.

Құрсақ қуысында экссудат болған жағдайда оны аспират немесе дәкелі салфеткамен сорып алады. Жара шеттерін өткір емес ілмек арқылы ашады. Кейін соқыр ішекті табады және ақырын анатомиялық пинцет арқылы ұстайды, жараға шығарады және дәкелі салфеткамен ұстайды. Егер құрт тәрізді өсінді ішекпен бірге жараға шығарылмаған жағдайда оны іздеу үшін ішекті taenia libera бойынша алып жараның төменгі бұрышында өсінді негізі пайда болғанша іздейді. Өсінді ішпердесіне 5—6 мл 0,5 % новокаин ерітіндісін енгізеді. Кейін құрт тәрізді өсіндіні ақырындап анатомиялық пинцет арқылы ұстап, құрсақ қуысынан алып шығарады. Егер құрт тәрізді өсінді жараға шығарылмаған жағдайда оны сұқ саусақпен шығарады. Егер болбырлы өсінді болса оны ақырын ағытады, ал тығыз өсінділер болса қысқыш арасында ағытады. Шығарылған өсіндіні ішперденің жоғары шыңына жақын жерде салынған жұмсақ Шами қысқышымен фиксациялайды. Одан кейін жуан жібек немесе кетгут жіптерімен Дешан инесі арқылы немесе қан тоқтатқыш қысқыш арқылы өсінді негізінде ішпердені байлайды. Егер ішперде байлауы үшін кетгут жіптері қолданылса, оны міндетті түрде үш түйінмен байлайды. Ішпердеге лигатураны тым төмен орналастыруға болмайды, себебі соқыр ішекті қамтамасыз ететін артериалды тармақтар байланып тасталуы мүмкін. Қысқа ішперде болған жағдайда оны екі – үш аймақпен байлайды. Жіптердің шеттерін қысқышқа алады және қайшымен құрт тәрізді өсіндіге жақынырақ ішпердені кеседі.

  • Құрсақ қуысында экссудат болған жағдайда оны аспират немесе дәкелі салфеткамен сорып алады. Жара шеттерін өткір емес ілмек арқылы ашады. Кейін соқыр ішекті табады және ақырын анатомиялық пинцет арқылы ұстайды, жараға шығарады және дәкелі салфеткамен ұстайды. Егер құрт тәрізді өсінді ішекпен бірге жараға шығарылмаған жағдайда оны іздеу үшін ішекті taenia libera бойынша алып жараның төменгі бұрышында өсінді негізі пайда болғанша іздейді. Өсінді ішпердесіне 5—6 мл 0,5 % новокаин ерітіндісін енгізеді. Кейін құрт тәрізді өсіндіні ақырындап анатомиялық пинцет арқылы ұстап, құрсақ қуысынан алып шығарады. Егер құрт тәрізді өсінді жараға шығарылмаған жағдайда оны сұқ саусақпен шығарады. Егер болбырлы өсінді болса оны ақырын ағытады, ал тығыз өсінділер болса қысқыш арасында ағытады. Шығарылған өсіндіні ішперденің жоғары шыңына жақын жерде салынған жұмсақ Шами қысқышымен фиксациялайды. Одан кейін жуан жібек немесе кетгут жіптерімен Дешан инесі арқылы немесе қан тоқтатқыш қысқыш арқылы өсінді негізінде ішпердені байлайды. Егер ішперде байлауы үшін кетгут жіптері қолданылса, оны міндетті түрде үш түйінмен байлайды. Ішпердеге лигатураны тым төмен орналастыруға болмайды, себебі соқыр ішекті қамтамасыз ететін артериалды тармақтар байланып тасталуы мүмкін. Қысқа ішперде болған жағдайда оны екі – үш аймақпен байлайды. Жіптердің шеттерін қысқышқа алады және қайшымен құрт тәрізді өсіндіге жақынырақ ішпердені кеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет