Алдыңғы құрсақ қабырғасына Волков—Дьяконов—Мак Бурней бойыншы тілік жасайды. Тері және тері асты клечаткасын ашады, қан аққан тамырларды қысқыш арқылы қысып, жіңішке кетгутпен байлайды. Терілік жара шеттеріне дәке салады және Кохер зонды бойынша немесе пинцетпен іштің сыртқы қиғаш бұлшықетінің апоневроз талшықтарының бойымен ашады. Ашылған апоневроз шеттерін қысқышпен шетіне қарай тартады, перимизиді ашады және ішкі көлденең, қиғаш бұлшықеттерін талшық бойымен ашады. Терілік жара бойымен бұлшықеттерді тартады, кейін париетальды ішпердемен бірге алдыңғы құрсақ клечаткасын итереді. Ішпердені екі анатомиялық пинцетпен қамтып оны конус тәрізді көтеріп, аздаған биіктікте скальпель немесе қайшымен кеседі. Құрсақ кесіндісін жоғары және төмен қарай кеңейтеді. Ішперде шеттеріне Микулич қысқышымен дәкелі салфеткаларды фиксациялайды.