Кесетін тақталар, пышақтар таңбалануы керек.6.4. Пайдаланылған бір рет қолданылатын ыдысты жинау үшін арнайы контейнерлер орнатылуы тиіс, оларды түсіру олардың көлемінің 2/3-не толуына қарай, бірақ күніне кемінде бір рет жүйелі түрде жүргізілуі тиіс.6.5. Науаларды әрбір пайдаланғаннан кейін таза майлықтармен сүртеді, ал жұмыс аяқталғаннан кейін жуу құралдары қосылған ыстық сумен жуады, шаяды және кептіреді.6.6. Барлық ПОПБО үй-жайлары таза ұсталуы тиіс, ол үшін күн сайын ылғалды жинау жүргізу қажет, аптасына кемінде 1 рет жуу құралдарын қолдана отырып, қабырғаларды, жарықтандыру арматурасын жуу, шыныларды шаңнан тазарту қажет. Кәсіпорын айына бір рет үй-жайларды күрделі жинау, дезинсекциялау және дератизациялау үшін санитариялық күні жабылады