Жәдік батыр-баба!
Қаратаудың басынан көш келеді,
Алдынан Қаратау желі ескен еді.
Жәдік батыр, Түркістаннан қол бастаған,
Ер Түркінің Ойықтай өскен елі.
Қарт Қаратау, Ойық елін қарсы алып,
Тау-қыратты соқпақ жол тұр тамсанып!
Керуен тартып келеді, Талас жаққа,
Айналада бұлбұл құстар ән салып.
Ол кезде, Жоңғар билеп, төске өрлеген,
Момын жатқан Қазаққа дес бермеген.
Жан-жаққа туған жерден босыған ел,
Жан сауғалап, пытырап, көшкен елден.
Жәдік болса келеді жауға қарсы,
Қан төгіспен өтетін таңдар осы.
Тізбектеліп келеді керуендетіп,
Көкшекөздің ұрпағы арман қосы.
Көкшекөз, Ойық, Жәдік бабаларым,
От кешіп Тау-қыратты араладың!
Жеріңді жаулап алған жонғарларды,
Айқаста қан бөктіріп жараладың.
Көкшекөз, Ойық, Жәдік бабаларым,
Елің үшін өлімге де қарамадың.
Ел басына күн туған қиын сәтте,
Қол бастап батырлықпен дараландың.
Көкшекөз, Жәдік батыр бабаларым,
Қорғаған бала-шаға қара орманын.
Бата беріп, ел-жұртың, абыз билер,
Тіледі жеңіспенен оралғанын!
Көкшекөз, Жәдік батыр бабаларым,
Атырған келешектің таң арайын!
Толқынды Талас ағып мөлдір сумен.
Тербелді қамыс-құрақ ормандарың!
Одан бері, өтті талай аталарым,
Атын жазып, тастарға қашағаным.
Арттағы ұрпақтарға ұран болып,
Мәңгі бақи Қазақпен жасағаным!
Қар жастанған қайыспас қалың елмен,
Жоңғарлар Жәдікті көріп, көріне енген.
Ойық, Жәдік деп атағанда,
Жауы да қақ бөлініп жолын берген.
Қасиетіңнен айналдым бабаларым,
Бүгін міне жиналды балаларың!
Мәңгілік ескірмейді ерліктерің,
Бақытпен ата берсін таң арайың!
Ақын, жазушы, журналист Шаяхмет Құсайынұлы
Албан-Шоған-Абыз ұрпағы
Халықаралық жазушылар, Қазақстан жазушылар, Қазақстан
Журналистер одақтарының мүшесі, Қазақстанның құрметті
журналисі, Еңбекшіқазақ ауданының құрметті азаматы
Телефон: 87777023737
Достарыңызбен бөлісу: |