ОРТАША
4) «Құтты білік» дастанының зерттелуі, құрылымдық-көркемдік ерекшелігі.
«Құтты біліктің» түпнұсқасы бізге жетпеген.Оқырман қауымға әзірге дастанның үш көшірме қолжазбасы мәлім.1439 жылы Герата ұйғыр әрпімен көшірілген нұсқасын елшілік қызметте жүрген австриялық шығыстанушы ғалым И.Хаммер Пургшталь 1796 жылы табады.Ол дастанды Венадағы Король сарайының кітапханасына тапсырады.Дастан туралы қысқаша сипаттама жазып, кітаптар катологіне ендіреді.Қолжазба туралы алғашқы мақаланы Париждегі колледждің оқытушы ғалымы, араб, парсы, түркі тілдері кафедрасының меңгерушісі П.А.Жобер «Заметки о турецкой рукописи уйгурскими буквами» деген атпен 1825 жылы Азиятану журналында жариялайды.1857, 1861 жылдары И.Н.Березин мен Н.И.Ильминский дастанның алғы сөзінен алған үзіндіні өз кітаптарында бастырады.1870 жылы венгр ғалымы Герман Вамбери басылымы толық жарияланып болмаса да, дастанды зерттеу жұмыстарының жаңа мүмкіндіктерін аша түседі.
«Құтты біліктің» жариялануы мен зерттелу тарихының жаңа кезеңі В.В.Радлов есімімен байланысты.Ол «Құтты білікке» өз өмірінің жиырма бес жылын арнайды.Оның дастанды зерттеу ісі жолсапарынан басталады.«Құтты біліктің» араб әрпімен жазылған екінші нұсқасын неміс зерттеушісі Б.Мориц 1896 жылы Каир кітапханасынан табады.В.В.Радлов осы нұсқаның көшірмесін 1898 жылдың орта кезінде толық түрде қолға түсіріп, өз тарапынан қайта қарап, Шығыстану институтының Ленинград бөліміндегі қолжазба қорына тапсырады. Вена, Каир екі қолжазбаның негізінде жасалған дастанның толық транскрипциясымен неміс тіліндегі аудармасын В.В.Радлов 1910 жылы жариялайды. «Құтты білікті» жариялау, аудару, зерттеу ісіне жиырма бес жыл өмірін жұмсаған. В.В.Радлов ұйғыр тілінің грамматикалық құрылымы туралы очеркі мен «Құтты біліктің» сөздік индексін құрастыру жұмыстарын ойға алған болатын, бірақ ол ойын іске асырып үлгермейді.С.Е.Малов, В.В.Радловтың аудармасын «поражает мастерством и глубоким проникновением в звук языка» деп өте жоғары бағалайды.
Үшінші нұсқасын Наманган қаласындағы жеке кісінің кітапханасынан 1913 жылы А.З.Валидов тапқан.Бұл дастан нұсқаларының ең сапалысы саналады.Осы нұсқаны 1925 жылы өзбек ғалымы Фитрат қайта тауып, ол туралы мақала жазады, дастан үзіндісін жинақта жариялайды.
Достарыңызбен бөлісу: |