Жеңіл Мақал-мәтелдер үлгілеріне талдау жасау



бет4/6
Дата15.12.2023
өлшемі43,5 Kb.
#139762
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Назым 4,9

Көркемдік ерекшелігі. Құтты біліктің» авторы түркі тілдес халықтардың ауыз әдебиетінің кәусар бұлағынан еркін сусындады.Сол арқылы ақын халық фольклорының қыруар мол мүмкіндіктерін (көріктеу құралдарын, мақал-мәтелдерін, қанатты сөздерін, фразеологиялық сөз тіркестерін, т.б.) жазба әдебиеттің тәжірибесімен ұштастыра білді.

Дастанның басты қаһармандарының есімі Күнтуды, Айтолды деп аталуы да халықтың ежелгі наным-сеніміне байланысты болып келеді.Ислам діні тарағанға дейін түркі тілдес елдердің күнге, айға табынғаны мәлім. 


Сондықтан, мұндай атаулар көне дәуірде өмірге келген ауыз әдебиеті туындыларында жиі ұшырайды.Жүсіп Баласағұн ғұлама-ақын ретінде ауыз әдебиетінің сан қилы жетістіктерін зор шеберлікпен пайдаланған. 
«Құтты біліктің» тілі ежелгі қарлұқ, ұйғыр, үйсін, оғыз тілдерінің үлгісіне жақын келеді.Дастанның тілінде оғыз, ұйғыр тілдеріне сай келетін барыс, табыс, тәуелдеу жалғаулары көбірек кездеседі.Жалғыз-ақ «ж» орнына «и», «с» орнына «ш», «з» дыбыстары көбірек қолданылады.  Сондай-ақ ол адамға тән қасиеттерді табиғат көріністеріне теңеу арқылы далаларды, асқар тауларды тілсіз өзен-көлдерді кәдімгідей жандандырып, құбылтып, адамның өзіне ұқсатып бейнелейді.Мұның бәрін ол зор ақындық шабытпен, өз қаһармандарының ішкі жан дүниесіне терең поэтикалық барлау жасау арқылы суреттейді.Бұған «Құтты білік» дастанының көркем көріністерін жырлайтын өлең жолдарынан мысал келтірейік: 
Қара жер ағы кетіп, жұпар шашты, 
Безенбек болып дүние көркін ашты. 
Қаһарлы қысты қуды көктем лебі, 
Жарқын жаз дәулет құрды, өктемдеді. 
Қу ағаштар жасыл тонын жамылды, 
Безеніп, көк, жасыл, сары тағынды. 
Қаз, үйрек, шіл, аққулар қалықтады, 
Қиқулап, биік-төмен шарықтады. 
Қайсысы ұшып, қайсыбірі қонады. 
Бірі ойнаса, бірі суға қанады. 
Ақын көгілдір көктем көріністерін осылайша жырлай отырып, көктемнің жер бетін тегіс әлем-жәлем киіндіру үшін келгенін, көктем самалы адамдарды әбден мезі еткен қысты әп-сәтте қуып шыққанын, кең жазира даланың қызыл-жасыл гүлге оранғанын, аспандағы бұлттар от шашып ойнағанын, нөсер жаңбыр жерге нәр беріп жауғанын нағыз сөз зергері ретінде шеберлікпен суреттейді. 

9) Рабғузи хиссаларының негізгі мазмұнын талдаңыз.


Рабғузи қиссаларында Нұх пайғамбардың топан судан кейінгі жердегі тіршіліктің сипаттамасын баяндауға арналған хикаяттары бар. Хайуанаттар әлемінен Нұхтың әрқайсысын жұптан сақтап қалуға тырысуының өзі Жер бетіндегі Ғарыштық үйлесімділікті орнатуға деген талпыныс емес пе? Сөйтіп, Рабғузи адамдарды тіршілік әлемін құрметтеуге шақырады және дүниедегі әрбір іс-әрекеттен құдайдың құдіретін көре отырып, ойшыл әрбір адамға Ақиқат алдындағы жауапкершілікті ұмытпауды еске түсіреді. Сөйтіп, ол әлемдік үйлесімділікті құрметтеуге үйретеді, адамның әрқашанда өмірдің тұңғиығын тек адалдықпен, әділдікпен сезіне алатындығына сенімділігін білдіреді. Міне осы принциптер нағыз өмірде жетекші рөл атқарады.
Өте қысқа ғана көлемнен тұратын Хазірет Лұқпанның бидай орнына арпаны еккені жайлы хикаят қиссада келтіріледі. Бірақ ол адамзатқа философиялық мағынасы, даналық тереңдігі тұрғысынан алғанда өте маңызды хикаяттарының бірі деген ойдамыз. Себебі, бұл хикаятта дүниедегі әрбір әрекеттің астарында адамның өмір сүруіне байланысты құндылық негіздерді сараптау жатқаны байқалады. Хазірет Лұқпан алаңғасар адамның кейпіне кіріп өз қожасына «Арпа ексем бидей шықпай ма?» деген парадокстік сұрақ-жауабын береді. Әрине, ол жауапқа қожасы қанағаттанбайды да, өзінің барлық таңғалысымен Лұқпанға деген кісімшілігін: «Қашан арпадан бидай шығып еді?» деген кекесін сауалына жинақтап жеткізеді. Әрине, Хазірет Лұқпан бұл іске арнайы дайындықпен қадам жасағандықтан оған жауабын да алдын ала дайындап қойған екен: «Олай болса, не үшін жамандық жасап, жақсылықтан үміт етесіз?» дейді. Хикаятта бұл аңыздың түйіні ретінде «Бұл әңгімеден кейін қожасы жаман істен тыйылды» деп оңды қорытынды келтіріледі. Осындай тәрбиелік мәндегі әрбір сұхбаттың нәтижесі өз заманында әлеуметтік ортаға жемістерін беріп отырғанға ұқсайды. Ал, енді сұхбат арқылы ойды талқыға салу, әңгімелесу арқылы даналық тағылымның мәнін ашу сияқты тәсілдер ежелгі Антика әлемінде кеңінен қолданылған. Пікірталас арқылы Ақиқатты іздеуді ежелгі дүниедегі философтар әдетке айналдырғанын білеміз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет