Жеңіл Мақал-мәтелдер үлгілеріне талдау жасау


Күрделі: 4)Ежелгі әдеби жәдігерліктерді зерттеуге мол үлес қосқан ғалымдардың еңбегін саралау



бет5/6
Дата15.12.2023
өлшемі43,5 Kb.
#139762
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Назым 4,9

Күрделі:
4)Ежелгі әдеби жәдігерліктерді зерттеуге мол үлес қосқан ғалымдардың еңбегін саралау.
Н. Келімбетов әдеби жәдігерліктерді тынбай зерттеумен, соларды жинастырумен, жариялаумен ғұмыр кешкен ағамыздың еңбегін ерлікке балауға болады.

Байтақ еліміздің күллі жоғары оқу орындарындағы филология факультетінің студенттері бүгінгі күнге дейін прфессор Немат Келімбетовтің «Ежелгі дәуір әдебиеті» атты оқулығын қолынан тастаған емес. Ғалым-зерттеуші өз еңбегінде қазақ әдебиетінің үш мың жылдық тарихын тереңнен қопара зерттеп, әр дәуірдегі ұлы бабаларымыздың соңында қалған рухани жәдігерліктерін ерінбей-жалықпай іздеп тауып, бір жүйеге түсіріп, сол мұралардың ғылыми-танымдық негізін, көркемдік құн­дылығын құнарлы тілмен баяндап береді. Ғұлама ғалым Немат Келімбетов сан ғасырларды көктей өтіп, бүгінгі күнге тарихи-көркемдік маңызын төмендетпей жеткен, уақыт сынынан өткен әдеби мұраларымызды терең, арна-арнамен қарастыра отырып, төмендегідей кезең-кезеңге бөліп зерттейді. Еңбектің бірінші тарауын «Тәңірлік дәуір әдебиеті» деп атап, «Сақтардың қаһармандық дастандары», «Алып Ер Тоңға» дастаны, «Шу» дас­таны, «Ғұндардың батырлық жырлары», «Оғыз-қаған» дастаны, «Атилла» дастаны, «Көк бөрі» дастаны, «Ергенекон» дастаны, Көк түріктердің ерлігі туралы «Күлтегін» және «Тоныкөк» жырлары, «Қорқыт ата кітабы», «Авеста – қасиетті жазбалар жинағы» атты туындыларды енгізеді. Бұл тарауға енген дүниелердің дереккөздерін ғалым әлем зерттеушілерінің кітаптарынан іздеп тапқан.


Еңбектің екінші тарауын «Ислам дәуірі әдебиеті» деп атап, келесі туындыларды енгізеді: «Этикалық-дидактикалық поэзия», «Әбу Насыр әл-Фараби», «Орта ғасыр ғалымдарының әл-Фараби туралы ой-пікірлері», «Махмұт Қашқари. «Диуани лұғат ат-түрік», «Жүсіп Хас Хажыб Баласағұн. «Құтадғу біліг», «Ахмет Йүгінеки. «Хибатул-хақайық», «Қожа Ахмет Йассауи. «Диуани хикмет», «Мират-ул Қулуб», «Сүлеймен Бақырғани. «Бақырғани кітабы». Бұл тарауында да ғалым зерттеуші, шығыстанушы, түркітанушы ғалымдардың еңбектеріне арқа сүйейді. Солардың сирек қолжазбалары мен жарық көрген еңбектерін терең ақтарғандығы анық байқалады. Немат Келімбетов араб, парсы, көне шағатай, көне түркі тілдеріндегі жәдігерліктерді көп зерттеген. Солардың біразын сюжеттік мазмұнын сақтап, поэтикалық құрылымын әлсіретіп алмай, өзі де қазақ тіліне аударды. Ғылыми сипаттамаларын жазды. Әсіресе, орыс, түрік, өзбек, әзірбайжан, татар, башқұрт ғалымдарының монографиялық зерттеулерінің ең бір сүбелілерін ой елегінен өткізеді. Солардағы ғылыми тұжырымдар мен толғамдарды өз ой-пікірлеріне тұғыр етеді. Жаңсақ кеткен ой-пікірлерді жаңа деректер негізінде жаңаша толғайды.


Осынау еңбектердегі Ислам құнды­лықтарына байланысты тың, жаңа ғылыми ой-тұжырымдарды өзі зерттеп отырған объектісіне байланысты сабақтастыра пікір өрбітеді. Осы орайда ғалымның төмендегідей тұжырым жасауы тарихи сабақтастықты дөп басып анықтайды. «Басқаша айтсақ, Х-ХII ғасырлар түркі халықтарының қоғамдық-мәдени даму тарихында қайта өрлеу – ренессанс дәуірі болды. Сондай-ақ енді ғылым, мәдениет, әдебиет саласындағы шығармалар бұрынғыдай араб тілінде емес, жергілікті халықтардың өз тілінде, яғни түркі тілінде жазыла бастады. Араб тілі мемлекеттік тіл болудан қалды. Ел басқару ісін де түркі халықтарынан шыққан әкімдер қолға алды. Мұның өзі кездейсоқ құбылыс емес еді. Бұл өзгерістердің бірнеше ғасыр бойы дайындалып келе жатқан тарихи алғышарттары бар болатын. Ұлы Түрік қағанаты – өзінің ішкі қайшылықтары мен сыртқы қысымның салдарынан екіге бөлініп кеткені (Батыс және Шығыс түрік қағанаттары) тарихтан жақсы мәлім. Ұланғайыр өлкені иеленіп, әлемді аузына қаратып тұрған ұлы Түрік қағанатының өзінен кейінгі ұрпағына қал­дырған мұрасын «тым аз» деп те, «қыруар көп» деп те бағалауға болар еді. «Тым аз» дейтін себебіміз – Түрік қағанаты тұсында салынған ғажайып кент-қалалар, зәулім сарайлар, құнды дүние-жиһаздар жау қолынан қирап, көл-көсір қазына-байлығы қадым замандарда-ақ талан-таражға түсіп кетті. Ал «қыруар көп» дейтін себебіміз – данышпан бабаларымыздың ұшқыр ақыл-парасатынан туған ең асыл мұралар – көне түркі әріптері, яғни руналық жазбалар мен «Күлтегін», «Тоныкөк» сияқты батырлық жырлары біздің заманымызға сол күйінде жетті» (Келімбетов Н. Ежелгі әдеби жәдігерліктер. – Алматы, «Алатау» баспасы, 2005. 143,144-беттер), – деп Немат Келімбетов өзіндік тың байламын ұсынады.


Еңбектің үшінші тарауын «Алтын Орда дәуірі әдебиеті» деп атап, бұл бөлімге келесі туындыларды енгізеді: «Сайф Сараи. «Гүлстан бит-Түрки»; «Хорезми. «Мұхаббат-наме»; «Құтб. «Хұсрау-Шырын» дастаны және «Дүрбек. «Жүсіп пен Зылиха» атты шығармаларды сол кезеңде дүниеге келген басқа да әйгілі аңыз-жырлармен, дастандармен салыстыра сөз етеді.


Еңбектің төртінші тарауын «Тарихи шежіре және көркемдік дәстүр» деп атап, Әбілғазы Баһадүрхан «Шежіре-и түрік»; «Қадырғали Жалаири «Жами ат-тауарих»; «Захириддин Мұхаммед Бабыр», «Бабыр-наме», Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и Рашиди» атты тарихи еңбектерін енгізеді. Әрі бұл мұралардың көркемдік маңызын ғалым тұңғыш рет тарихи-салыстырмалы негізде терең ашып көрсетеді.


Түйіндей айтқанда, біздің ұлы бабаларымыз көне сақтардың, ғұндардың, түркілердің қаһармандық дастандары «Алып Ер Тоңға» және «Шу батыр», «Атилла», «Көк бөрі», «Ергенекон», «Күлтегін», «Тоныкөк» сынды ұлы мұраларымыздың, есімдері жоғарыда аталған ғұлама ғалымдарымыз бен ақын-жырауларымыздың қаламынан қалған мәңгілік туындыларымыздың тарихи тағылымын, көркемдік бітімін, ең бастысы, осынау құнды жәдігерліктердің рухани қуатын парасат биігінен төгілте баяндайтын профессор Немат Келімбетовтің бұл еңбектерін қазақ руханиятының ең басты олжасы деп бағалаймыз.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет