9) Қазтуған жырларының құрылысы қандай? Мысалмен дәлелдеңіз. Ұлттық бояуы ашық, өршіл романтикаға суарылған, афористік толғаныс, көркем тіркестерге бай Қазтуған жырлары әлденеше ғасырлар бойы қазақ ақындарына үлгі, өнеге мектебі болған. Қазтуған жырлары әуенді, дыбысты, ырғақты, күшті поэзия. Ат арқасында, топ ортасында айтылған жырдың солай болуы да заңды. Дауысты ''A'' дыбысын қатар қолданып, аңғарта сөз тастау тыңдаушыға әсерлі, құлаққа жағымды.
Арғымақтың баласы, Арығын сайын тың жортар Арқамнан қосым қалар деп, Ақ дария толқын күшейтер. Құйрығын күн шалмаған балығым, Ортамнан ойран салар деп. Тағы бір назар аударатын жай, соңғы екі жолдағы сөздер. Бұрын-соңды қолданылмаған, тек Қазтуғанға ғана тән тіркес «құрығын күн шалмаған балығым, ортамнан ойран салар деп» - қандай әдемі сөз! Осы өлең шумағы үш жолдан тұрады. Ақын бес жолды өлең шумағын да жиі қолданған. Бұған қарағанда Қазтуған - өлең құрлысына да мән берген шебер жырау. Әрбір сөз, әрбір жол өз орнында. Ақын бірыңғай бір дыбыстардан бастап, ұзақ шумақтар құрады. Қазтуған өзіне тəн теңеу, метафоралар қолданады.