Жеке физиология Студенттерге арналған әдістемелік оқу құралы Алматы, 2013 ж


МЦГ-3 микроцентрифугасымен қанның гематокриттік көрсеткішін анықтау



бет3/102
Дата26.09.2022
өлшемі9,25 Mb.
#40326
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   102
МЦГ-3 микроцентрифугасымен қанның гематокриттік көрсеткішін анықтау


Жұмыс мақсаты: МЦГ-3 микроцентрифуганы айналдырып, қанның гематокриттік көрсеткішін анықтау.
Қан тамшысындағы қанның гематокриттік мөлшері МЦГ-3 микроцентрифугасы арқылы анықталады. МЦГ-3 микроцентрифугасы 24 капиллярдағы қан үлгілерінің гематокриттік көрсеткішін анықтауға арналған. Аспап корпустан, айналмалы ротордан, электроқозғалтқыштан, уақыт өлшеуіштен тұрады. Микроцентрифуга құрамында қосымша жабдық ретінде бір-ақ рет қолданылатын капилляр, капиллярды мүлдем бітеп тастауға арналған зат және қанның гематокриттік көрсеткішін анықтауға арналған сызықшалы шкаласы болады.
Жұмысты орындау:

  1. Капилляр саусақтан алынған қанға толтырылады (капилляр ұзындығының 7/8 бөлігіне тең).

  2. Капиллярдың екі ұшын бітеп тастайды. Ол үшін қанға толы капилляр ұшын (3-4 мм бойлатып) бітеуіш затпен толтырылады.

  3. Ұштары бітелген капиллярларды нөмірлі ұяларға салып орналастырады.

  4. Сол капиллярларды 10-15 минут бойы центрифугада айналдырады да, өлшеуіш шкаланың "0" көрсеткішін зерттелетін қанның бір шетіне, ал "100" сызығын плазманың сыртқы шетіне қояды.

  5. Содан соң өлшеуіш шкаланы бұрып жылжыта отырып, зерттелетін капиллярмен теңестіреді де, қанның гематокриттік көрсеткішін анықтайды.



2-жұмыс. Эритроциттердің санын анықтау

Қан клеткаларының санын олардың 1 мкл қандағы санымен белгілейді. Сау адамда бұл сан шектен тыс ауытқымайды, тұрақты болады. 1 мкл қандағы эритроциттер саны: ер адамда 4,0-5,0 млн., ал әйелде 3,7-4,7 млн., жаңа туған нәрестеде 4,5-7,5 млн. болады. Ал 1 литр қанда олардың саны ер адамда (4,0-5,0) х1012, ал әйелде (3,7-4,7) х 1012 тең. Клиникада қан клеткаларының саны бір литр қанға шағып белгіленеді.


Қан клеткалары Горяев есептеу камерасында, фотоэлектрлік эритрогемометрде және гематологиялық анализаторда саналады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет