Жеке физиология Студенттерге арналған әдістемелік оқу құралы Алматы, 2013 ж



бет5/102
Дата26.09.2022
өлшемі9,25 Mb.
#40326
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   102
Эритроцит санын есептеп шығару. 1 мкл қанда қанша эритроцит бар екені былайша есептеледі: алдымен бір кіші шаршыдағы эритроциттер саны анықталады. Ол үшін 5 үлкен шаршыда қанша эритроцит /А/ бар екенін санап алады. Алынған санды 80 кіші шаршыға бөледі: А/80, өйткені әрбір үлкен шаршыда 16 кіші шаршы бар. Кіші шаршы үстіндегі сұйықтың көлемі 1/4000 мм3 (1 мкл-ге) тең. Демек, 1 мкл қанда: А/80:1/4000 = Ах4000/80 эритроцит бар. Осылайша есептеп шығарылған эритроциттер саны сұйылту мөлшеріне, яғни 200-ге көбейтіледі.
Қысқасы эритроцит санау формуласы мынадай: 1 мкл қандағы эритроциттер саны
Э = Ах4000х200/80, ал 1 л қанда

Э═ А х 4000 х 200 х 1000000


80


Эритроциттер санын фотоэлектрлік эритрогемометрмен анықтау

Эритрогемометр былайша жұмыс істейді. Жарық фильтрі мен эритроцит арқылы өтетін жарық сәулесі фотоэлементке барып түседі, ал эритроциттің оптикалық тығыздығына фотоағыс кері пропорционалды болады. Фототок өзгерісі микроамперметрдің тілін жылжытады.


Жұмысты орындау: Пробиркаға 15 мл хлорлы натрий ерітіндісін және 0,02 мл қан құяды да оларды жақсылап араластырады. Былайша сұйытылған қанды кюветке құяды да "У" жарық фильтірін орнына қояды. Сол кезде микроамперметрдің тілі нольден оңға қарай жылжи бастайды. Бұдан кейін нүктені басып жібереді де, дискінің тұтқасы арқылы микроамперметр тілін нольдің тұсына кері қайтарады. Шкалада эритроциттер саны көрінеді.
Гематологиялық анализатор

Қан көрсеткіштерін автоматты түрде зерттеуге арналған. Барлық қосу, ажырату т.б. операцияларын оператордың клавиатурадан беретін тапсырмасы арқылы микропроцессор бақылайды. Зерттеуге бір тамшы ғана қан алынады. Жіңішке бланктарға қосу мүмкіндігі бар графикалық принтері болады.


Зерттелетін көрсеткіштер мен өлшеу әдістері

  1. Эритроциттердің, лейкоциттердің, тромбоциттердің санын есептеу (импеданттық әдіс-төмен жиіліктегі токтың күш өрісіндегі жасушаның көрсететін кедергісі өлшенеді).

  2. Жасушаның көлемін анықтау.

  3. Эритроцитарлық көлем арқылы гематокритті анықтау.

  4. Гемоглобиннің көлемін анықтау (модификацияланған гемоцианидті әдіс).

  5. Лейкоциттердің дифференциалды гистограммасы (абсолюттік және пайыздық көрсеткіші) және қанның формалық элементтерінің басқа да сипаттамалары.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет