Жеке физиология Студенттерге арналған әдістемелік оқу құралы Алматы, 2013 ж


б) Шартты тыныс рефлексінің пайда болуы



бет94/102
Дата26.09.2022
өлшемі9,25 Mb.
#40326
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   102
Байланысты:
2. Жеке физиология

б) Шартты тыныс рефлексінің пайда болуы
Көкірек қуысының дем алған кездегі қимылын пневмографмен жазып аларда зерттелуші адамға мүсәтір спиртіне малынған мақта иіскетсе, дем алу рефлекстік жолмен аз уақыт тоқтап қалады.
Осылайша 5-6 рет қайталанғаннан кейін сол адамға мүсәтір спиртіне малынған мақтаның орнына суға малынған мақта иіскетеді. Осыдан кейін шартты рефлекс қалыптасқан болса, онда тыныс рефлекстік түрде тежеледі.
Алынған нәтижелер: а) шартты қарашық рефлексін тудыруға арналған жұмыстың протоколы; б) шартты тыныс рефлексі пневмограмма түрінде берілуі керек.


4-жұмыс. Егеуқұйрықта шартты қорғаныс рефлексін қалыптастыру

Тәжірибе арнайы камерада жасалады. Камера ортасында егеуқұйрық өтетін тесігі бар, екі бөлімнен тұрады. Олардың еденінде егеуқұйрықты тітіркендіретін электрод орнатылған. Арнайы қосқыш арқылы егеуқұйрық тұрған бөлімге тоқ беруге болады.


Егеуқұйрықты камераның бір бөліміне кіргізеді де, тоқ жіберіп, ауырсыну сезімін тудыратын тоқ мөлшері анықталады. Үдеткішті сол мөлшерден сәл басым тоқ күшіне қояды.
Шартты тітіркендіргіш ретінде қоңырау пайдаланылады. Әуелі қоңырау қағылады, содан соң 4 секунд өтісімен егеуқұйрыққа ауырсыну сезімін тудыру үшін электродтарға тоқ жіберіледі. Сол кезде егеуқұйрық камераның бір бөлімінен екінші тоғы жоқ бөліміне қашып шығады.
Тітіркендіру (шартты, шартсыз) әрбір 1-2 минут сайын қайталанып отырады. 15-20 рет (кейде одан да көбірек) тітіркендіргеннен кейін шартты рефлекс пайда болады да, егеуқұйрық қоңырау дыбысын естісімен камераның екінші бөліміне қашып кетеді.


Мәселелік тапсырмалар

  1. Дені сау адам қандай жағдайда болуы мүмкін, егер ЭЭГ – ның төбе және шүйде тіркеулерінде: 1) альфа-ырғақтар, бета-ырғақтар, дельта-ырғақтар жазылса?

  2. Шартсыз тітіркендіргіштің әсері шартты тітіркендіргіштің әсерінен 5 секунд ерте жүреді. Осы жағдайда жануарда шартты рефлекстік реакция қалыптасады ма? Шартты рефлекстің қалыптасуына қандай жағдай сақталуы қажет?

  3. Егеуқұйрыққа жарық сигналын бергенде ұясына қашу нақты шартты рефлексі қалыптастырылған. Оны нықтайтын шартсыз тітіркендіргіш ретінде ауру сезімін тудыратын электр тоғы алынған. Бір тәжірибе үстінде жарықты қосқаннан кейін 1 секунд өткенде электр тоғының орнына қоңырау қосылды. Осы қоңырау дыбысына егеуқұйрық қандай әрекет жасады? Болған құбылыстың механизмін түсіндіріңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет