Сұлтанғали ҚАРАТАЙҰлЫ,
Әйтеке би ауданының Құрметті
азаматы, Қазақтың тұңғыш
спорт комментаторы
ардагер аманаТы
« ХаБар аСУдан» дҮрБІ СаП...
немеСе ҚаБдеШТІң «СОңғы КӨШІ»
(Жазушы Қабдеш Жұмаділовке)
ақтөбе облысының әкімі Бердібек сапарбаевқа
а Ш ы қ х а т
империялық өкімет берген тұңғыш атағым
еді. Әуелде құлаққа түрпідей тигенімен,
келе-келе етім үйреніп, бұл аттан онша
үрікпейтін болдым. Тіпті мақтаныш етуге
де болатындай. Алаяқ, сатқын, ұры-қары,
қарақшы атанбай, ұлтшыл атанғаныма мың
бір тәубе! Әрине, кейін абыройға жетіп,
елге танылған кезімде халық берген, үкімет
бекіткен басқа да атақ-дәрежелерім бар. Сол
қатарда жастай тағылған «ұлтшыл» деген
айдарды да далаға тастағым келмейді» дейді.
Отаншыл, халықшыл деген сөздер жақсы
болғанда «ұлтшыл» деген сөздің құбыжық
құсап көрінуі әуелде Кеңес өкіметінің Ала-
шорда қайраткерлерін осылай атады да, бұл
сөз әлі күнге дейін өзінің «қорқынышты»
сипатынан арылмай келе жатқандығын
Қ.Жұмаділов «Таңғажайып дүние» атты
ғұмырбаяндық романында ашына жазады.
Демек, 1962 жылғы бас-аяғы жиырма
шақты күннің ішінде Шәуешек маңындағы
қалың елдің шекарадан үдере көшіп өте
шығуындағы негізгі идея мен жоба-жо-
спар дәл сол кезден басталған деуімізге
негіз бар. 1962 жылы ол өлкені біржола
тастап, шекара маңындағы тұтас көтерілген
елді бастап, бергі бетке өтіп кеткеннен
кейін араға 10 жыл салып, 1971 жылы ғана
«Соңғы көш» романының соңғы нүктесін
қояды. Осы жылдар ішінде
(1962-1965) Қ.Жұмаділов
КазГУ-дегі (әл-Фараби
атындағы ҚазҰУ) үзіліп
қалған оқуын жалғастырып,
университетті бітірген соң,
әуелі «Қазақ әдебиеті» газетінде,
сосын 1967 жылы «Жазушы»
баспасының проза бөлімінде 1976
жылға дейін аға редактор болып жұмыс
істейді, 1976-1981 жылдар аралығында
Мемлекеттік Баспасөз комитетінде қызмет
атқарады. Кеңседе отырып атқарған
жұмыстарының қысқаша тарихы осындай.
Ал 1981 жылдан бастап, қазіргі уақытқа
дейін тек шығар машылық жұмыспен ғана
айналысуда. 1965 жылы 16 қазанда КазПИ-
дің (Абай атындағы ҚазҰУ) физика-мате-
матика факультетінің 2-курс студенті Сәуле
Әукенқызына үйленеді. Екеуі төрт ұл, бір
қыз тәрбиелеп өсіріп, қазір ардақты ата,
аяулы әжеге айналып отыр.
Қ.Жұмаділовтің өмір жолы – күрес
жолы. Ол ұлт тағдырын қозғайтын тари-
хи романдар ғана туғызып қойған жоқ,
Қытайдың отарлау саясатын, гоминдаң
үстемдігін барынша кең ашып көрсететін
қырық жылға созылған түрме туынды-
сы алты томдық «Қылмыс» романын
жариялатуға да мұрындық болу арқылы
қалың оқырманға өзінің азаматтық
ұстанымын тағы бір қырынан танытты.
Қ.Жұмаділов шығармаларында ха-
лықтық мақал-мәтелдер, қанатты сөздер,
тұрақты сөз тіркестерін өз орнына қол-
данғанда, сөзіңіз тіріліп, ажарланып
отырады, оның үстіне қазіргі қолдануда
жоқ халықтың жадында ғана сақталып,
қалтарыста қалған қанатты сөздердің
небір ғажайып түрлері табылады. Естен
шығып кеткен кейбір фразеологизмдер мен
афоризмдердің, мақалдар мен мәтелдердің
поэтика лық-эстетикалық сипат алуы –
мәдени мұ рамызды ғибраттық-нақылдық
тұрғыдан сөз жоқ жаңалайды, жаңғыртады.
«Қабдеш тілге аса бай және әр сөздің
сиқырлы бояуын жан-тәнімен нәзік
сезінетін жазушы» деп қаламдас замандасы
Әкім Тарази айтқандай, мұны жазушының
«Сүлеймен мен Байғыз туралы» ертегісін
бір-ақ ауыз сөзбен жеткізген түйінді
тіркесінен-ақ көруге болады.
Байғыз туралы ел аузындағы аңызды
есіне сақтап қалған Қажытай Ілиясұлы бы-
лайша баяндайды: Ерігіп отырған Сүлеймен
пайғамбардың ерке тоқалы құстардың
сүйегінен сарай салдыруды талап етеді. Он
сегіз мың ғаламның тілін білген Сүлеймен
пайғамбар бүкіл құстарды тұмсығынан тізіп,
жинап тастайды. Енді қай құс қалды дегенде
байғыз жоқ болып шығады. Оның неге кел-
мей жатқанын біліп келуге жұмсаған құсқа
байғыз: «Ой ойлап жатырмын» деп келмей
қояды. Ыза болған Сүлеймен қырғи мен
қаршығаны жұмсайды. «Даусыңды дұрыс
естімей жатырмыз, басыңды шығарып
айтшы» дегенге иланып қалған байғыз ба-
сын шығара бергенде, қырғи мен қаршыға
шап беріп ұстап алады да, Сүлеймен
пайғамбарға алып келеді. Жан алқымға
алған Сүлейменге байғыз аспай-саспай
өзінің не ойлап жатқанын жаймен айта
бастайды.
– Мен ең алдымен өлі көп пе, тірі көп пе
деп ойладым, –дейді.
– Қайсысы көп екен?
– Өлі көп деп білдім.
– Қалайша, тірі көп емес пе?
– Мен есепсіз ұйықтаған адамды да
өліге санадым, – дейді.
Үндемей қалған Сүлеймен: – Тағы не
ойладың? – дейді.
– Еркек көп пе, әйел көп пе, соны ой-
ладым, – дейді.
– Қайсысы көп екен?
– Әйел көп, – дейді.
– Қалайша, еркек көп қой? – дегенде,
– Мен әйелдің тіліне ерген еркекті де
әйел санатына санадым, – дейді.
Әйелінің азғыруына еріп ағаттық жіберіп
алғанын сонда ғана түсінген Сүлеймен
пайғамбар сымға тұмсығынан тесіліп тізіліп
тұрған құстарға азаттық беріп, әйелінің
шегіп, өлім жазасына кесілген Тұрсын мен
Шәкен бейнесі жазушы романдарында
ерекше сомдалады.
Қ.Жұмадідов – әдебиетке өлең мен
келген қаламгер. Болашақ жазу шының
«Шыңжаң» газетіне жіберген алғашқы
шығармасын сол тұстағы газет қызметкері,
қазіргі белгілі ақын Оразақын Асқар
ұнатып, материалды газетке дайындап
береді. Тұңғыш жарияланған осы өлеңнен
кейін аймақтық «Тарбағатай» газеті мен
өлкелік «Шұғыла» журналына үзбей
өлеңдері жарияланып тұрады. Ал тұңғыш
прозалық шығармасы 1956 жылы «Шұғыла»
журналының бірінші санында жарияланған
«Жамал» атты әңгімесінен басталады. Ал
Қазақстандағы алғашқы шығармашылық
қадамы да өлеңмен басталыпты. 1957 жылғы
«Қазақ әдебиеті» газетінің поэзия бөлімінің
меңгерушісі, ақын Мұзафар Әлімбаевтың
көмегімен болашақ жазушының бір топ
өлеңі республикалық газеттің бетіне жарқ
ете қалғанда, сол тұстағы әдеби орта мен
студенттер арасында болашақ жазушының
беделі бірден көтеріліп шыға келеді. Бұдан
кейін көп өтпей өлеңдері «Лениншіл жас»
газетіне, «Пионер» журналына жариялана-
ды. Қ.Жұмаділовтің тұңғыш кітабы да 1966
жылы «Жазушы» баспасынан жарық көрген
«Жас дәурен» атты өлеңдер жинағы екен.
Сөйтіп, әдебиет айдынына өлеңмен кел-
ген қаламгер қазақ халқына ақын ретінде
емес, жазушы ретінде танылды. Жал-
пы қолына қалам ұстаған белгілі өнер
қайраткерлерінің өмір жолына үңілетін
болсаңыз, басым көпшілігі ең алғашқы
тырнақалды шығармасын өлеңмен бастай-
ды. Бұл да қазақтың қанына сіңген ұлттық
болмысының бір көрінісі іспетті.
1956 жылы шет елге оқуға жіберу үшін
Шәуешек қаласына екі орын бөлінеді.
Соның бірі үздік оқушы болғандықтан,
Қ.Жұмаділовке бұйырады. Сөйтіп, арнайы
өкімет жолдамасымен Қазақстанның аста-
насы Алматыға келіп, оқуға түседі. Қазіргі
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология
факультетінің 2-курсын аяқтай берген-
де, 1958 жылы елдегі науқанға байла-
нысты шетелдегі студенттерді де Қытай
өкіметі қайта шақыртып алады. 1955 жылға
дейін «кері төңкерісшілдерді бастықтыру»,
«жер арендасын кеміту», «помещиктерді
тәркілеу», «үшке қарсы, беске қарсы»
деген сияқты қозғалыстар кезінде проле-
тариат диктатурасы өзінің ең өткір қаруын
жергілікті жердегі ел басқарған тұлғаларға
бағыттады. Біразын жазалап, алдын қырып-
жойып жібергендіктен, аузын баға қойған
елдің 1956 жылы 2 мамыр күнгі Қытай
коммунистік партиясының «Барлық гүлдер
шешек атсын, барша бұлбұл сайрасын» де-
ген нұсқауы бір елі ауыздың екі елі қақпағын
жұлып алды. 1957 жылдың маусым айында
ҚКП-сы «оңшылдарға қарсы күресті» бас-
тап жібергенде, аңқау ел алданғанын бір-ақ
білді. Коммунистер үшін «оңшылдарды»
табудан оңай нәрсе болған жоқ. Енді
олар «шешек атқанның бәрі гүл емес,
сайрағанның бәрі бұлбұл емес», «гүлді арам
шөптен, бұлбұлды сасық көкектен ажыра-
та білейік. Арам шөпті тамырымен отап,
қарғалардың көмейіне құм құйыңдар» деген
ұран тастады да, «буржуазияша жайнаған»,
«батысша сайрағандардың» алдын жап-
пай жазалап, артын ұзақ уақыт түрмеге
отырғызды, Тарымға жер аударылып,
еңбекпен түзетілді. Қытай қазақ әдебиетінің
талантты ақын-жазушылары түгелге жуық
«ұлтшыл», «оңшыл» болып шыға келді,
өйткені олар «компартияның сара жо-
лын жырламады, таптық қайшылықты
өз шығармаларында ашып көрсет педі»,
сондықтан да әдебиетті «улы шөптерден»
тазарту үшін «улы» кітап тар өртелді, әдеби
газет-журналдар жабылды. 1949 жыл-
дан басталып, оқтын-оқтын жүргізілген
жоғарыдағыдай әрекеттер енді «стиль
түзету» науқанына ұласып, соңы жаппай
коммуналастыруға тірелді. Мұның аяғы
атышулы «мәдениет төңкерісіне» ұласқаны
белгілі.
1958 жылдан 1962 жылдар аралығында
Қ.Жұмаділовтің өзі де «стиль түзету»
науқанын басынан өткізіп, саяси қуғын-
сүргінге ұшырайды. Қ.Жұмаділовтің төрт
жылғы азапты өмірінің ішіндегі жабайы
шахтаға түсуден кейінгі ең бір қиын кезеңі
1961 жылғы көктемнің басынан оны
«төменге түсіріп», Тарбағатай аймағына
жіберуі болатын. Ол кезеңде карточкасыз
азық-түлік берілмейтіндіктен, жұмыста
жоқ адамға карточка да, азық-түлік те
бөлінбейтін. Міне, наурыздың басында
келген Қ.Жұмаділовтің «идея қалтасы»
деген қосымша құжаты жіберілмей, не
жергілікті жерден жұмыс тауып бермей,
тоғыз айға жуық сандалтады. Бұл жазушы-
дан әлдеқандай наразы пікір дәметіп, әдейі
құрылған тұзақтың, ұйымдастырылған
шараның бір түрі еді. Бірақ болашақ жа-
зушы неде болса сабыр сақтап, ақырын
күтеді. Егер танымайтын ел, танымайтын
жерде жүрсе, жұмыссыз, азық-түліксіз
жүрген адамның сол бір қиын кезеңде аш-
тан өлуден басқа қатерден құтылатын жолы
жоқ болатын. Осы уақытта ол Кремль-
ге жүздеген адамның қолын қойғызып,
өз атынан және Шәріп Ақышев деген
нағашысының атынан оншақты рет хат
жолдайды. Шәуешектегі КСРО елшілігіне
кіріп, оған келген жауаптармен де таныса-
ды. Сол кезде Қ.Жұмаділовке елдің сенім
артуының бір себебі, оның жас жазушы де-
ген атағына қоса, екі жыл Алматыда оқып,
киррилица мен орысшаны жақсы меңгеруі
себеп болады.
«Стиль түзету» науқаны кезінде
болашақ жазушы өзіне жабылған жаланың
бәріне дәлелді жауап айтып, қарсыластарын
с а н м ә р т е ж а ң ы л ы с т ы р с а д а , і ш к і
бостандығынан айрылғысы келмеген оны
«еңбекпен өзгерту лагеріне» жібергені
мәлім. Қ.Жұмаділов үстінен жүргізілген
үш күнге созылған «күрес» жиналысында
оған «бала жасынан ұлтшыл» деген айып
тағылады. «Гимназияда оқып жүргенде тіл
тазалығы жайында мәселе көтеріп ұлттар
арасына жік салған. Қазақтың басын қосу
жөнінде «Әр елдегі қазақтардың түп-тамыры
бірге. Сондықтан Шыңжаң қазақтары
Қазақстан алфавитіне көшуі керек» деген
мазмұнда жазған мақаласы бар. Қазақ
ұлтшылдарының идеологтары Қажығұмар
Шабданұлы мен Жағда Бабалықовты
ежелден таниды. Қ.Жұмаділов жай ғана
ұлтшыл емес, марксизмге қарсы адам» деген
тұрғыда жала жабылады. 1957 жылы «Іле»
газеті бетінде әліпби туралы пікірталасқа
өз ойын білдіріп жазған мақаласы газет
бетіне шықпай жатып, Үрімжідегі «стиль
түзету» штабына жіберіліпті. «Сөйтіп, мен
22 жасымда «ұлтшыл» атандым. Бұл – менің
құш тарлығын осы арада жазушы өте әдемі
жеткізеді. Жұмық ішіндегі Шотай руының
атақты байы Құлбай деген кісі Ши-амбыға
өз руына қалайда зәңгі болуды армандап,
ішінде үлкен көк айғыры бар отыздай
жылқыны бір-ақ айдап әкеп өткізген-
ді. Ши-амбы тізімнен шатасты ма, әлде
руластарының бергені асып түсті ме,
Құлбай ешбір мансапқа ілінбей атаусыз
қалған-ды.
– Тақсыр... тақсыр! Мен көк айғырдың
иесі Құлбаймын ғой. Сонымен, маған
тигені не болды? Елге кім болдым деп ба-
райын? – деді ұлықтың аузынан шыққан
сөзді қағып алғысы келгендей құлағын
тосып. Ши-амбы оны ұмытып қалған
секілді. Қасындағы сібе тілмашы Дабын-
тай оның сөзін қытайшаға аударғанда
ғана, «апыр-ай, осы қазақтар-ай» дегендей
қабағын кіржитті де: – Та бұ шың!– деп
орнынан қозғала берді. – Не айтты? Не
айтты мына кісі?– деп Құлбай ентелей
түскен. Тілмаш ыңғайсызданып, иығын
көтерді де: – Өзіңіз де естідіңіз ғой, «Та
бұ шың» деп тұрған жоқ па? – деген-ді.
Осыны естуі мұң екен, Құлбай тілмаштың
сөзін түгел айтқызбай, Ши-амбының
соңынан тұра жүгірді. Сірә, жаңағы «Та бұ
шың» деген сөзді көп мансаптың бірі деп
ұқса керек. – Рақмет, тақсыр! Маған сол
«Табышың» да жетеді. Бұл жақсылығыңды
өмірі ұмытпаспын-ау. Енді Жұмықтың
жуандары менімен санаспай көрсін! – деп
Ши-амбының тартынғанына қарамай,
қолын алып сілкілей берді.
Осы «Табышың» арқылы жазушы
диалог-комедияның таптырмайтын тың
мысалын жасап бергенін көреміз.
Содан Құлекең ауылына барғанда, ар-
найы мал атап сойып, кішігірім той жасай-
ды. Келе-келе бұл оқиға ел аузында күлкіге
айналып, әлгі кісі өле-өлгенше «Құлбай
табышың» атанып кетеді. Бұл жерде жазу-
шы екі түрлі мүддені діттейді. Біріншіден,
Ши-амбының тілмашқа Құлбайды нұсқап
тұрып, «ол болмайды» деген сөзін бітеу
Құлбай мансап екен деп жаңсақ түсініп,
той-томалақ жасайтын шикі надандығын
ажуаға айналдырса, екіншіден, оқырманды
оқыс күлдіріп, сергіту үшін кірістірген.
Негізінде «Та бұ шың» – қытай тілінде «ол
болмайды» деген сөз екен. Қазақтың алға
басқан қадамын кері кетіретін осындай
надан адамдардың психологиясы да ро-
манда қолапайсыз ісімен, күлкілі кейпімен
көрініп, роман оқиғасын қоюландыра
және ширықтыра түседі. Қазақтың билік
десе, ішкен асын жерге қоятын осындай
таққұмар мінез-құлқын жазушы «Та бұ
шың» арқылы аямай шенейді.
Жазушының адам психологиясын
танытудағы әдеби-көркемдік тәсілді шебер
пайдалана білгендігін дәлелдейтін мұндай
мысалдар көркем шындықтың ажарын
ашпаса, кемітпейді.
Қазақ хандығы тарағаннан кейін
айтайын дегеніМ...
«аға сұлтандар» дәуірін суреттеген «Про-
метей алауы» атты тарихи романында
Қ.Жұмаділов елді аздырып-тоздырып
алмаудың бір жолы халықтың жүрегіне
иман ұялатып, дін сәулесін шашырату деп
қараған Ақтайлақ бидің ел тарихына өшпес
із қалдырып, «Ұлттың ұйытқысы, елдің
серкесіне» айналған іс-әрекеті арқау бола-
ды. Тоғыз жолдың торабында орналасқан
Аягөз өңіріне Ақтайлақ бидің ол кезде
Қоқан құзырындағы Түркістаннан қожа-
молдалардың әуелі екі жүз, одан кейін мың
көшін әкеліп орналастыруға басшылық
етуі, олардың қазіргі Қарқаралы, Абай,
Аягөз жалпы Сарыарқа өлкесіне ғана
емес, Шыңжанның Шәуешегіне дейінгі
таралу тарихы нанымды жеткізіледі. Мұнда
Құнанбай бейнесі де әр қырынан көрінген.
Десе де, жазушы данышпан Абайды бір сәт
есінен шығармайды. Мысалы, «қазақтың
ең соңғы ханы Кенесары шейіт болар-
дан тура екі жыл бұрын Шыңғыстауда
Құнанбай би отбасында пайғамбар ат-
тас Ибраһим деген бала дүниеге келіп,
қамалған халқына түзу жол көрсететіні
«Лаухұл-Махпозда» (Алланың құдіретімен
бүкіл жаратылыс жазылған тақта (лау-
хы) Лаухул-Махфуз деп аталады. Р.З. )
жазылғанын тілге тиек етеді. Абай дүниеге
келген екі-үш жылдан соң Құнанбайдың
Қарқаралы дуанына аға сұлтан болуы
ешқандай да орысқа жақ қандығынан емес,
болашақ асқан ойшыл, данышпан хакімнің
шарапаты яғни соны биікке көтерудің
дайындығы деп қарайды.
Қ.Жұмаділов Мұхаммед пайғам бардан
кейін елдің сөзін ұстайтындар қалам
қайраткерлері болып қалады деген ой тас-
таса да, «пендеге танық нәрсе – Аллаға
анық» екендігін естен шығармайды. Ислам
дінінің таралуы, Мұхаммед пайғамбардың
ұрпақтары мен оның насихатшылары ту-
ралы романда авторлық баяндау арқылы
жан-жақты айтылады. Міне, құдайдың
отын жерге алып түскен Прометей алау-
ындай мәңгі сөнбейтін ғажайып шырақ
– иман нұры, хақ жолы кейінгі бетбұрыс
кезеңдерде қалай қайта жанданғаны ро-
манда шебер қиюласып келеді. Сонымен
бірге Алланың ақ жолы, Тәңірінің құдірет-
күші туралы түсінік алмағайып кезеңде де
өз дамуын жоғалтпағанын нақтылы образ-
дар арқылы сипаттап, тағдыр мен тарихты
ұтымды ұштастырады.
Көшіп келген қожалардың ішінен
әуел бастан-ақ Ақтайлақ бидің өзі қадір
тұтқан Бердіқожаға Құнанбайдың да
көзі бірден түседі. Жалпы Мұхтардың
атасы Әуез бен әжесі Дінасылдың тарихы
– шығармада өз алдына жатқан бір
хикая. «Лаухұл-Махпозда жазылғандай,
аса талантты, үлкен қаламгер дүниеге
келуі үшін басқа емес, тек осы Әуез бен
Дінасылдың қаны қосылуы керек еді»
дегенінен Қ.Жұмаділов өзінің жазмышқа
көзқарасынан белгі береді. Бұдан
шығатын қорытынды қазақтың «маңдайға
жазылған», «жазмыштан озмыш жоқ»
немесе «көресіңді көрмей көрге кірмейсің»
деген ұғым-түсініктерінің жайдан-жай
тумағандығын, бұл ғасырлар бойғы
жинақталған тәжірибе мен нақтылы ғылым
қорытындысынан туындаған белгілер
екен-ау деген ойға қаласыз. Кеңестік
кезеңде айтылуға тыйым салынған тән,
жан, рух құпиясы яғни «ғарыш – адам
– кеңістік – жер үндестігі» бұл романда
күрделі көркем құбылысқа айналған.
Жалпы Құнанбайдың қажылық сапарға
барып, одан кейін дүние ісіне араласпай
дін жолына біржола берілуін Қ.Жұмаділов
осы Бердіқожаның әсері деп қарайды.
«Абай жолы» романында сөз болатын
Құнанбайдың кіші әйелі Нұрғанымның
Бердіқожаның қызы екендігі бұл ойымыз-
ды бекіте түседі. Жігіттің денелі, бітімділігін
ұнататын Құнанбай Бердіқожаның Бура-
хан деген баласы туралы «Бір үйдің ішіне
жүз кісі кем-кетікті жиып, соның ортасы-
на Бураханды кіргізіп отырғызып қойса,
аналардың кемдігі көзге көріне ме?» деген
екен. Өмір шындығы деген осы да.
Қ.Жұмаділов «Таңғажайып дүние» атты
романында ХІХ ғасырдың орта шенінде
Бердіқожа Аягөзден Шыңғыстауға
көшкенде, Құл-Мұхамед, Ешен-Сейіт
сияқты хазірет-молдалар мен «Тауарих
хамсаның» авторы Құрбанғали Халид,
басқа да дін қайраткерлерінің Тарбағатайға
қоныс аударуы ілім-білімге сусап отырған
Құлыстай еліне құт болғандығын айта
келіп, өзінің атасы Күдері бидің де Сібетіде
мешіт салуына сол кісілердің ықпалы
болғандығына шәк келтірмейді. Шейқұл
Сейіт қожаның болашақ тарихшы-ғалым
Мұхтар Құл-Мұхаммедтің атасы болып
шығатыны туралы деректер де тартымды.
Шын мәнінде, жазушы қаншама
бөгетке, қаншама қысым-кедергіге
жолықса да, өзінің ұстанған бағытынан
ешбір ауытқыған жоқ. Ол әдебиет –
өмір шындығы деген принципті берік
ұстана отырып, шығармаларында үш
ғасырға созылған бодан елдің тағдырын
кең ауқымда қозғады. «Егер бұл күнде
тәуелсіздік дәмін татып, ойымызға нұр,
бойымызға шыр біте бастаса, ел тізгіні
қолымызға тиіп, біріміз көсем, біріміз
шешен атанып жүрсек, солардың бәрі
қиын күндерде азаттық идеясын өшірмей,
әр жүрекке шырағдан етіп жаққан
қазақтың көркем сөзіне қарыздар» деген
Қ.Жұмаділовке ұлт тәуелсіздігі көрінісін
тұтас қамтып, қазақ тарихының өтпелі
кезеңдерінің көркем шежіресін жасағаны
үшін бүгінгі оқырман да абыз жазушыға
қарыздар екені айдай анық.
Руда ЗАЙКЕНОВА,
Қазақ мемлекеттік Қыздар
педагогика университетінің
профессоры, филология ғылымының
докторы, Ы.Алтынсарин атындағы
төсбелгі иегері
поэтикалық перифраздың (мәтінді қысқа
қайырып, өз сөзімен айту) өзгеше үлгісін
көрсете білуінде. Көптомдық «Ертегілер»
жина ғының бірінші томында «Сүлеймен
патша мен байғыз» және «Байғыз» туралы
ертегілер болғанмен, ел аузын дағы нұсқа
бойынша жүйелі түрде берілмеген, әрі
мағынасы да толық ашылмаған.
Қ.Жұмаділовтің аз сөзге көп мағына
сыйғызатын өзіне тән тілдік ерекшеліктері
туралы мұндай мысалдарды көптеп
келтіруге болады.
Айталық, «Тағдыр» романын алайық.
Бұрынғы қазақтың қанына сіңген қыз
таңдау, күйеу таңдау, қоныс таңдау, жүйрік
ат, қыран бүркіт таңдау емес, шекара
бойындағы қазақтардың «мемлекет таңдау,
император, патша таңдауға қолы жетіп,
қай патшаға да бағынуға еркі өз қолдарына
тиіп» қалғандығын айтуда бүркеншік сын,
астарлы кекесін жатыр. Биік мұраттарға,
асқаралы идеяларға ұмтылған бірде-бір
адам жоқ, патша таңдап сан тарау әуре-
сарсаңға түскен халық жағдайына қарап,
күрсіне отырып, күлесің. Бірі бауыр
басқан атақонысын қиып кете алмай зар
илесе, бірі қанжардай қадалған шекара
сызығының қай бетіне шығарын білмей,
екі жаққа кезек өтіп, сеңдей соғылысып
жөңкілгендер болса, енді бірі Ақ пат-
ша артық па, Ежен хан артық па деген
мәселенің ешқайсысына басын қатырмай,
бұрыннан ат кекілін кесісіп, араздасқан
ағайындар болып отыр. Міне, осы тұста жа-
зушы қазақтың алтыбақан алауыздығынан
туған күлкілі жағдайды жеріне жеткізе
қиыстырып келтіреді. Мәмбет руының
ішіндегі Тоқа мен Қойлыбайдың басы
өмірі бір қазанға сыйған емес. Екі жақтың
қайсысына қарайтындығын таңдауға кел-
генде: «Маған тек Қойлыбайы жоқ жер
болса болды, бейіштен кем көрмеймін»
десе, «Сол-ақ арманда қалмасын, маған тек
Тоқаның төбесін көрмей жүрсем болғаны.
Егер ол ақ патшаға қол артам десе, маған
Ежен хан да жетіп жатыр» деп Қойлыбай
қырсығады. Әбден қандарына қарайып,
аңдысып алған екеуінің ұзақ ырғасқан
ерегесі шекара сызығын тартушыларға
кедергі келтіргендіктен, бұл іске шекара
комиссиясы араласып, біреуін күнгейде
(Қытайда) қалдырып, екіншісін теріскейге
(Ресейге) көшіріп әкетеді. Осылайша
етектен тартқан қазақ арасында өмірі
бітіспейтін текетірес жағдайды, дау-да-
майды суреттеу арқылы ауыл адамдарының
психологиясын, мінез ерекшеліктерін
ашып көрсетуге айрықша жол тапқан.
Көнеден келе жатқан үйлесім бойынша
қазақ елінің басқару жүйесі жеті сатылы
биліктен тұрған екен. Айталық: жүздерді
кіші хандар, ұлыстарды сұлтандар, арыс
(тайпаларды) билер, руларды рубасы-
лар, аймақтарды ақсақалдар, ауылдар-
ды атқамінер-ауылбасылар басқарған.
Қазақтың хан көтеру рәсім-ережелері түрік
Қанкүрең мініп сүліктей болып жараған,
«Хабар асудан» дүрбі сап талай қарағам.
Өмір бабамның мазары жатыр ол жақта,
Жоңғарды қуып, қаһары қардай бораған!
Көзімнің жасын көрсетпей жанға жылағам...
Қасымда жан жоқ...
Жұбатар мені бір адам...
Ол жақта менің сағынып жүрген Қабдештей,
«Хабар асудан» аса алмай жүрген бар ағам...
Таңатарұлы Жолды ақын жатыр ол жақта...
Көкбесті тұлпар кекілін сүзіп тараған!
«Хабар асуда» селт етпей көккөз солдат тұр!
Тікенді сымдар тауымды менің ораған...
«Отанға қайтсем,
Жетемін ғой – деп, жетем! – деп,
Көкбесті атпен секіріп сымнан өтем – деп»
Аттанар сәтте сәбиін берді бір ана:
«Ала бар, қайным! Сәлемдемесі екен деп».
Жолды ақын карғып тікенек сымнан өтті ме?
Сағынып жүрген Казақ еліне жетті ме?..
Қараңғы түнде-аузынан «Максим» от шашып,
Пулемет оғы көкбесті атқа жетті ме!?..
Зырлады уақыт...
Тұлпардың ізін тай басты.
Пулемет оғы Қазақты канша жайратты?..
Қабдеш ағамыз сарқытындай боп солардың,
Бастап келген-ді,
Қазақтың көшін алғашқы!
Жылжыды жылдар...
Көштерге – көштер жалғасты...
«Хабар асудың» соқпағын талай қар басты.
Сексенге келіп, сексен том жазған Қабекең,
Бастаған еді,
Қазақтың көшін алғашқы!
Достарыңызбен бөлісу: |