Жеке табыс салығЫ


-бап. Қызметкердің табысы



бет11/14
Дата23.09.2023
өлшемі149,61 Kb.
#109906
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
163-бап. Қызметкердің табысы
1. Қызметкердің төлем көзінен салық салынатын табысы осы Кодекстің 156-бабында көзделген түзетулер ескеріле отырып, жұмыс беруші қызметкердің есебіне жазған, салық салуға жататын табыстары мен осы Кодекстің 166-бабында көзделген салық шегерімдерінің сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалады.
2. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, қызметкер жұмыс берушіден ақшалай немесе заттай нысанда алған кез келген табыстар, оның ішінде материалдық пайда түрінде алынған табыстар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс беруші және үшінші тұлғалар арасында жасалған азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша қызметкер алған, осы Кодекстің 164, 165-баптарында көрсетілген табыстар қызметкердің салық салуға жататын табыстары болып табылады.
3. Мыналар қызметкердің салық салуға жататын табыстары болып табылмайды:
1) жинақтаушы зейнетақы қорларынан алынатын зейнетақы төлемдері;
2) дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі табыс;
3) жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табыс;
4) осы Кодекстің 177-бабында айқындалған, төлем көзінен салық салынбайтын табыстар;
5) қызметкерлерге олардан сатып алынған жеке мүлкі үшін төлемдер;

166-бап. Салық шегерімдері

  • 166-бап. Салық шегерімдері
  • 1. Қызметкердің төлем көзінен салық салынатын табысын анықтау кезінде төлемдердің кезеңділігіне қарамастан, күнтізбелік жыл ішіндегі әрбір ай үшін мынадай салық шегерімдері қолданылады:
  • 1) республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және табысты есепке жазу күнi қолданыста болатын ең төменгi жалақы мөлшерiндегi, табыс есебiне жазылатын тиiстi айдағы сома. Бiр жылдағы салық шегерiмiнiң жалпы сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және ағымдағы жылдың әрбiр айының басында қолданыста болатын ең төменгi жалақы мөлшерiнiң жалпы сомасынан аспауға тиiс;
  • 2) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгіленген мөлшердегі міндетті зейнетақы жарналарының сомасы;
  • 3) өз пайдасына енгізілетін ерікті зейнетақы жарналарының сомасы;
  • 4) жеке тұлғаның жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша өз пайдасына енгізетін сақтандыру сыйлықақыларының сомасы;
  • 5) Қазақстан Республикасының резиденті жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үй жағдайын жақсарту жөніндегі іс-шараларды жүргізуге тұрғын үй құрылыс жинақ банктерінен алған қарыздары бойынша сыйақыны өтеуге бағытталған сомалар;
  • 6) осы баптың 6-тармағында белгіленген мөлшерде және шарттарда медициналық қызметтерге (косметологиялық қызмет көрсетулерден басқа) ақы төлеуге жұмсалатын шығыстар.
  • 2. Егер осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген салық шегерімінің сомасы осы Кодекстің 156-бабында көзделген түзетулер ескеріле отырып, салық салуға жататын, міндетті зейнетақы жарналарының сомасына азайтылған, қызметкердің бір айға айқындалған табысының сомасынан асып кетсе, онда асып кеткен сома қызметкердің салық салынатын табысын азайту үшін күнтізбелік жыл шегінде келесі айларға рет-ретімен ауыстырылады.
  • Салық кезеңі ішінде жұмыс орны өзгерген жағдайда осы тармақтың ережелері қызметкердің жаңа жұмыс орны бойынша қолданылмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет