2) меншiк құқығы тiркелген күннен бастап бiр жылдан аз уақыт меншiк құқығында болған, осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген объектiлер орналасқан, жеке тұрғын үй құрылысы, жеке қосалқы шаруашылық жүргiзу, саяжай құрылысы, гараж салу үшiн берiлген жер учаскелерiн және (немесе) жер үлестерiн;
3) егер жер учаскесін және (немесе) жер үлесін сатып алуға және иеліктен айыруға арналған құқық белгілейтін құжаттарды жасау күндері арасындағы кезең бiр жылдан аз уақытты құраса, жеке тұрғын үй құрылысы, жеке қосалқы шаруашылық жүргізу, бау-бақша, саяжай құрылысы, гараж салу үшін берілген, осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналаспаған жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін;
4) осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілмеген мақсаттар үшін берілген жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін;
5) бағалы қағаздарды, сондай-ақ заңды тұлғадағы қатысу үлестерін;
7) меншік құқығында меншiк құқығы тiркелген күннен бастап бiр жылдан аз уақыт болған, мемлекеттік тіркеуге жататын механикалық көлік құралдарын және тіркемелерді өткізу кезіндегі құн өсімі.