Жеке тұлғаны қалыптастыру дегеніміз



Дата30.09.2023
өлшемі22,47 Kb.
#111944
Байланысты:
Жеке тұлғаны қалыптастырудың авторлық моделі


Жеке тұлғаны қалыптастырудың авторлық моделі.
Жеке тұлғаны қалыптастыру дегеніміз — оны мәдениетке үйрету, білім беру, қарым-қатынас ережелерін, әлеуметтік тәжірибені меңгерту.
Жеке тұлғаның белгілі бір мәдени ортада болып, оның тұлғалық және танымдық дамутына ерекше әсерін тигізеді. Қалыптасуына қарай жеке, тұлғаның белгілі бір мәдениетінің субьектісі ретінде екі түрлі фактор бар: біріншісі — сол халықтың мәдени ерекшеліктері, екіншіден — танымдық процестері, темперамент, мінез-құлқын сапалы түрде танып ажырата білу.
Әлеуметтік жеке адамды әсер етуші субъект ретінде қарастырады. Әлеуметтену процесінде ие болған жекелік қасиеті, әлеуметтік бағдары бір орында тұрып, қатып қалған жоқ, бірақ жеке адам нақты топта, шынайы әлеуметтік ортада үнемі түзетулерге ұшырайды.Шынайы, нақты топтың ролі өте күшті, маңызды орын алады.
Адам баласының мінез-құлықтық айналасындағы адамдарының тұрмыс қалпы, іс-әрекет, қылықтарының көрінісі болып табылады. Өйткені қоғамда өмір сүрген индивид қай уақытта болса да физикалық жағынан басқа адамдармен қатынаста болады. Сол адамдар арасындағы қатынас уақыт пен кеңістік аралығында күрделі немесе көп қырлы болып келеді.
Адамдар қандай да болмасын, әлеуметтік мәртебеге ие индивидтен өзіне тиісті міндет пен нақты мінез-құлықты күтеді. Мысалы: мұғалім мәртебесі – оған дәрісті жақсы ұйымдастыру, өз пәнін жақсы білуді, тындаушыларына сұрақ қоя отырып қызықтыруды, жастар үшін тәрбиенің үлгісі болуын, жоғарғы мәдениеттілікті , т.б. талап етеді.
Әлеуметтік қатынастың объектісі ретінде тұлғаның өзін ұқсастыру процесінің 3 түрі бар:
1) Ойдан шығарылған адамға өзін ұқсату;
2) Өзін белгілі бір әлеуметтік топқа ендіру;
3) Нақтылы әлеуметтік топқа, ұжымға жатамын деген сезіммен өзін соларға қосу.
Әрбір тұлға қоғамда белгілі бір орынды иеленеді және нақты міндеттерді атқарады, ол үшін соған сәйкес оның құқықтары мен міндеттері, яғни, белгілі бір әлеуметтік мәртебесі болады. Әлеуметтік рөл адамның үлкен топтың өкілі ретінде қоғамдағы орны. Жеке мәртебе индивидтің шағын топтағы орнын айтады, бұл индивидті осы топ мүшелерінің бағалауы мен қабылдауына байланысты болады.
Адамның — тұғалық жетілу үрдісі, сана мен өзіндік санасының бөлінбейтін конпоненті ретінде қалыптасуы тұлғаның даму үрдісі. Тұлға саналы субъект ретінде қоршаған ортаны ғана емес, сонымен қатар айналасындағылармен қатынаста өзін де түсінеді. Тұлғаны өзіндік санасымен «менін» бөлмей қарастырған жөн.
Сана өзіндік санадан, «мен»-нен туындамайды, керісінше өзіндік сана тұлға санасы мен оның дербес субъект ретінде даму барысында дамиды. Практикалық және теориялық іс-әрекеттің субъектісі боларда, оның «мен»-і сол үрдісте қалыптасады.
Өзін түсініп және «Мен» ұғымының қалыптасуы, заттарға және ситуа-цяларға қатынасы оның оқу іс-әрекетіне, еріктік сферасына, болашақ өмірлік жолының анықталуына септігін тигізеді.
Өзіндік сана сананың ең жоғарғы деңгейі. Өзіндік сана — пікірлер мен әрекеттердің қалыптасуына негіз болатын ақыл-ойдың іс-әрекеті. Өзіндік сананы өзі және өзіне қатынасы туралы бейнесі деп анықтауға болады.
Психологияда “жеке тұлға” деген ұғымның әртүрлі түсіндірмелері бар, бірақ олардың көбісі мына түсінікке келіп тіреледі: “жеке тұлға” дегеніміз әлеуметтік қатынастар мен саналы іс әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид.
Жеке тұлғаның ең басты белгісі оның әлеуметтік мәнінің болуы және оның әлеуметтік функцияларды (қызметтерді) (болмысқа, адамдарға, өзіне,жалпы қоғамға қатысты) атқаруы. Жеке тұлға, сондай ақ, психологиялық дамудың белгілі бір деңгейіне ие (темперамент, мінез, қабілеттілік, мақсат-мүдделер).
Даралық” ұғымы бір адамды басқа бір адамнан, бір тұлғаны басқа тұлғадан ажыратып, оған өзіне тән қайталанбас қасиет беретін жалпы мен жекеден тұрады

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет