Желтоқсан


Халық болжамы: Қар көп болса, нан мол болады



бет18/22
Дата10.03.2023
өлшемі442 Kb.
#73035
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
серуен 2ыс - копия

Халық болжамы: Қар көп болса, нан мол болады.




Ақпан
Серуен №3
Желді бақылау
Мақсаты:

  • өлі табиғат туралы білімдерін байыту;

  • табиғат құбылыстарына деген қызығушылықтарын қалыптастыру.

Бақылау барысы
Ұйытқыма жел Ө. Ақыпбекұлы
Ұбырып-шұбырып,
Ұйтқиды құбылып.
Ұлпадай ақ қарды,
Ұршықтай үйіріп.
Ұлиды қасқырдай,
Ұйтқып көз аштырмай.
Екпіндей соғады,
Алдыға бастырмай.
Баларға сұрақтар

  • Бүгін ауа райы қандай? (суық, желді, аязды)

  • Қыс мезгілінде желді қалай атайды? (боран,үскірік)

  • Бүгін жел қай жақтан соғып тұр? Оны қалай анықтауғаболады?(компаспен, зырылдауықпен)

  • Жел қалай пайда болады?

  • Тәрбиеші түсіндіреді: Күн ауаны бірдей жылытпайды, бір жерде-жылы, бір жерде-суық. Жылы ауа жоғары көтеріледі, суық ауа төмен түседі. Ауаның осындай қозғалысынан жел пайда болады.

Еңбек
Жолдарды, орындықтарды, ұсақ архитектуралық мүсіндерді қардан тазалау.
Мақсаты: бір-біріне достық көмек беруге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Қимылды ойын «Мысық пен тышқан».
Мақсаты:

  • Ептіліктері мен жылдамдықтарын дамыту;

  • Әр бағытта жүкіруге жаттықтыру

Жаттығу ойындары Қозғалыстарын дамыту.
Мақсаты: қар лақтыру кезінде көз мөлшерлей білулерін дамыту, лақтыру кезінде қол сүйектерін белсенді қозғалта отырып, нысанаға тигізу
Халық болжамы: Мысық жылы жерді паналаса, қатты аяз болады





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет