Және Ғылым министрлігі Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік


ІҮ БӨЛІМ.ҮЙРЕТУ ӘДІСІНІҢ НЕГІЗГІ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ



бет48/65
Дата28.11.2023
өлшемі0,55 Mb.
#130758
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   65
Байланысты:
Жеңіл атлетика

ІҮ БӨЛІМ.ҮЙРЕТУ ӘДІСІНІҢ НЕГІЗГІ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ


Үйрету педагогикалық үдеріс ретінде

Үйрету әдісі әлемдегі барлық тірі жанға қажет. Бұл жүйе қарапайым жандар үшін өздігінен пайда болады, жануарлар өмірінде біраз қиындыққа ұшырайды, ал адам өмірінде біраз қалыпқа келіп барып іске асады. Өмір сүру тәжірибесін қалыптастыру және белгілі бір жетістікке жетуге дейінгі аралық үйрену процесі болып табылады.


Дене тәрбиесінің басты бөлігінің бірі бола тұра, үйрету барысында екі жарқын сәт айқындалады: ұстаздың үйрету жолы және үйренушінің оқу-танымдық талабы. Үйрету жүйесінің маңызы - оқытушы мен оқушының бір-бірімен тіл табыса білуі, қабылдай және іске асыра білуі, икемділігі.
Дене тәрбиесінің айналасында қимыл-қозғалысты жеткілікті түрде іске асыру үйретудің ядросы болып табылады.
Үйрету формасын келесі түрлерге бөлуге болады: өзіндік, бақылаушы, өзіндік-бақылаушы.
Үйретудің өзіндік формасында қажетті қимыл-қозғалысты өзіүйреніп,талдау жасап, жүзеге асырады. Бұл форма қарапайым қимылдарды үйреткенде кездеседі.
Бақылаушыда оқытушыақыл-кеңес беруші ретінде рөл атқарады. Қажетті қимылдарды оқушыға үйретіп, түсіндіреді. Ал, бұл форма кез-келген жаттығуды үйренгенде оңайға түседі.
Өзіндік-бақылаушы формасы оқытушы оқушыны үйретеді, оқушы өз іс-әрекетін бағалайды, ал оқытушы қателерін жөндейді. Бұл форма техниканы жүзеге асырғанда қолданылады.
Сондай-ақ үйрету формаларын байланыстырып типтеуге де болады:
- оқытушы – оқушы – мүмкін болатын сабақ (оқушы кез- келген қимылды жасауға мүмкіндігі бар немесе жоқ), қарапайым қимылдарды үйрету;

  • оқытушы - оқушы – оқытушы – кері байланыс арқылы бақылап үйрету (оқытушы үйретеді – оқушы қабылдайды – оқытушы қортындылайды), қиынға түсетін қимылдарды үйрету;

  • оқытушы – оқушы – оқушы – оқытушы – бақылап үйретуші екі еселі байланыспен (оқытушы үйретеді – оқушы қабылдайды – оқушы қорытындылайды және түзетеді - оқытушы қорытындылайды), қиын қимылдарды бекіту және үйрету;

  • оқытушы – оқушы – басқа оқушы – оқытушы – бақылаушы үйрету (оқытушы бір оқушыны үйретеді – ол оқушы басқа оқушыны үйретеді – оқытушы екінші оқушының сабағын қадағалайды). Бұл оқыту формасы техниканы бекіту және іске асыру үшін қолданылады.

Оқыту жүйесі контакттың үш түрін қарастырады:

  1. бригадалық-топтық (2-3 оқытушы 25-30 оқушыны үйретеді);

  2. индивидуалды-топтық (1 оқытушы 10-15 оқушыны үйретеді);

  3. индивидуалды-индивидуалдық (1 оқытушы 1-3 оқушыныүйретеді).

Оқытушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынас үш блок бойынша өтеді:
«түсіндіру» - жаңа материалды үйрету уақытында ескі материалмен байланыстыру;
«түзету» - үйрету барысында материалда қателіктер табылса, оны оқытушы шектейді және түсіндіреді;
«тапсырма» - үйренушіні өзіндік жұмысқа қосады, оны ісжүзінде бекітеді.
Оқытушы – жүргізуші, басқарушы элемент жүйесі,
«оқытушы - оқушы», оқушы – тыңдаушы, бұл жүйенің басқарушы элементі. Оптималды нәтиже шығару үшін басқарудың тәсілдері, принциптері мен әдістері қабылдаудың принциптері әдістері мен тәсілдеріне сәйкес келуі керек. Әрбір байланыс үшін өзінің басқару жүйесі мен қарым-қатынас тактикасы болады.
Тактиканың өзгеруі көбінесе оқушыға байланысты: егер оқушы өзгерсе (мысалы, оның физикалық және психикалық дәрежесі жоғарылаған жағдайда), осындай кезде оқушымен қарым-қатынас тактикасы да өзгереді. Үйрету жүйесі бойынша
«оқушы» ұғымын барлығы үшін ортақ түсінік ретінде қарастыруға болмайды (өкінішке орай, үйрету барысында оқытушылар көбінесе ортаңғы халдегі оқушыны бақылайды). Оқушыға әрқашанда оның физикалық, психикалық және ептілігін ескере отырып,жеке тұлға ретінде қарау керек.
Үйрету барысында оқытушының алдына мынадай міндеттер қойылады:

  1. Әрбір оқушының психологиялық ерекшеліктерін анықтай білу.

  2. Жаңа материалды психологиялық тұрғыда дұрыстап жеткізе білу.

  3. Әрбір үйренушінің психологиялық жағдайын ескере отырып, оқушының қателігін жөндей білу.

  4. Тапсырмаларды үйренушілердің түйсігіне жететіндей түсіндіре білу және қатесіз орындауын қадағалау.

  5. Олардың әрқайсысының психологиялық жағдайын ескере отырып, қарам-қатынас барысында дұрыс тактика таңдай білу.

Үйрету процесінде бірінші жоспарға оқытушының біліктілігі емес, оқушының қабілеттілігі маңызды рөл атқаратынын есте сақтау қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет