Спорттық жүрісті меңгеру барысында, жалпы, жеке алынған элементтерді игеруге бағытталған, әр түрлі жаттығуларды қайта-қайта мың мәрте қайталаған жөн.
Осы мақсатта ерекше көңіл аударатын жағдайлар: кеуде және бастың қалпы; кеуде және аяқ-қол қозғалыстарының жұмсақтығы; жеткілікті ұзындықтағы қадам; аяқты еркін ауыстыру; өкшені дер кезінде жерден алу; барлық қимылдардың үйлесімділігі.
Жалпы спорттық жүріс техникасының негізгі оқыту әдісі: әр түрлі жылдамдықта және әр түрлі қашықтықта(400-800 м) жасалатын жүріс, аяқ-қол, жамбас, кеуде қозғалыстарындағы қателіктерді көрсету; қадамның ұзындығы мен жиілігінің ара қатынасын табатын жүріс.
-міндет.Спорттық жүріс техникасын жетілдіру.
Спорттық жүріс техникасын жетілдіру уақытында, үйренуші өзіне ыңғайлы жүріс қарқынын табуы қажет. Жасайтын қадамның жиілігі және тыныс алу мен дем шығару саны мен қадам санының арақатынасы, аяқ-қолдың, кеуде қозғалыстарының жалпы бүкіл қозғалыстрадың реттелгендігін байқаған жөн. Бұл оқыту кезеңінде әртүрлі тік құлама жерлерге көтеріліп түсу жүрісікезіндегі жалпы және арнайы физикалық дайындығының бірте-бірте арту деңгейі маңызды болып табылады(400-2000 м).
Орта және ұзын қашықтыққа жүгіру техникасының әдістемесі.
1-міндет. Орта және ұзын қашықтыққа жүгіру техникасымен таныстыру.
Бұл мәселенің шешімі жаттығушылардың жеке ерекшеліктерінен басталады. Осы мақсатпен жаттығушыларға бірнеше рет орташа жылдамдықпен 80-100 метрге жүгіріп өтуді ұсынады. Содан кейін әрқайсысының жіберген дөрекі қателіктерін көрсету қажет. Әрі қарай жүгіру техникасының, жарыс ережелерінің ерекшеліктері түсіндіріледі. Білікті жүгіруші жүгіру техникасын көрсетеді. Содан кейін жаттығушылар 5-100 метрге тағы бірнеше рет жүгіріп өтеді.
-міндет. Тура жүгіру техникасын үйрету.
Бұл әдіс алдымен жүгіруді көрсетуден, содан кейін техниканың жекелеген элементтерінің дұрыс орындалуына жағдай жасалады.
Алдымен ақырын темпте, содан кейін үйрене келе жылдамдықты арттыра жүгіру - оқытудың ең басты тәсілі болып саналады.
Жүгірудің техникасын үйрету барысында жаттықтырушы мынадай басты талаптарды есте сақтауы тиіс:
тура бағыт;
сермелетін аяқ санының алға қарай қозғалуымен бірге итерілетін аяқтың толық түзелуі;