міндет. Эстафеталық таяқты 20-метрлік зонада жоғары жылдамдықпен тапсыру техникасын үйрету.
Бұл міндетті шешудің негізгі құралы эстафетаны бірте-бірте ұлғайған жылдамдықпен зонада дүркінді жүгіріспен тапсыру.
Бақылау белгісіне дейінгі ара қашықтық осы жүгірістердің барысында нақтыланады. Эстафета, тапсыру зонасының екінші жартысында, жоғары жылдамдықпен, жарыстың ережелерін сақтау арқылы тапсырылады.
Эстафеталық жүгірісінің басқа түрлерінде, эстафеталық таяқшаны тапсыру жеңілдеу болып келеді, себебі жарысқа қатысушылардың жүгіріс жылдамдығы төмен. Эстафетаны қабылдаушы өзінің жылдамдығы мен серіктесінің жылдамдығын соңғы 10 м қашықтықта салыстыруы қажет. Егер тапсырушының жылдамдығы төмен және төмендей берсе, онда эстафетаны тапсыру зонасының басында қабылдаған абзал, ал егер тапсырушының орнықты жылдамдығы сақталса, онда қабылдау, тапсыру зонасының екінші жартысында жасалады.
міндет. Эстафеталық жүгіріс техникасын тұтас үйрету және оны жетілдіру.
Эстафеталық таяқшаны жоғары жылдамдықта тапсыру кезіндегі қиындық эстафеталық команданың жоғары нәтижеге жетуінде шешуші рөл атқарады.
Эстафеталық таяқшаны беру кезіндегіжақсы техникада нәтиже басқа 100 метрге жүгіруге қатысатын командалардың нәтижелеріне қарағанда 2,5-3 с көп болады.4х100 м эстафетасына жүгіру үшін команда құру кезінде мынадай ерекшеліктерді ескерген жөн: жүгірушілер жүгірудің бірінші және төртінші кезеңдерінде 110 м жүгіреді, ал екінші және үшінші кезеңдерінде жүгірушілер 120 м жүгіреді.
Сондықтан, бірінші кезеңге төменгі старт техникасын жақсы меңгерген және бұрылыстарда тез жүгіре алатын жүгірушілерді қою керек.
Екінші кезеңде жоғары деңгейдегі арнайы шыдамдылығы бар және эстафеталық таяқшаны қабылдау және беру техникасын жақсы меңгерген жүгірушіні қою керек.
Үшінші кезеңдегі қатысушы айтылған қасиеттерден басқа бұрылыстарда жақсы жүгіру қажет.
Төртінші кезеңге жылдам, эмоционалды және 100 м жүгіру кезінде ең жоғарғы нәтижеге ие болған жылдам жүгірушіні қойған дұрыс.
Эстафеталық жүгіру техникасын меңгерген кезде эстафетаның барлық дистанцияларын максималды қарқындылықпен жүгіріп өту өте маңызды.