Жалғызбасты және (немесе) жалғыз тұратын аз қамтылған тұлғаларға, сонымен бірге құрамында еңбекке жарамды мүшесі (мүшелері) бар аз қамтылған отбасыларға, оның (олардың) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу іс-шараларына және (немесе) әлеуметтік бейімделу қажет болған жағдайда шартты ақшалай көмек беріледі.
Ана, әке және баланы қорғау мәселелері бірнеше заңнамалық актілерде, атап айтсақ
special-edu.kz «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексте [10], «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» [16], «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» [20] заңдарда және басқа да нормативтік құқықтық актілерде жазылған.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше елімізде балалы отбасыларды әлеуметтік қолдаудың тұтас жүйесі жұмыс істейді, оған жүктілігі және босануы бойынша әлеуметтік төлем, бала тууы, көп балалы отбасылар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналарға жәрдемақы, мүгедек баланы бағумен
special-edu.kz айналысатын ата-аналарға арналған, сондай-ақ бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақы кіреді, олар отбасының табысын есепке алмай-ақ төленеді.
Мүгедекбаланы тәрбиелеушігеберілетін жәрдемақы: Балаға мүгедектік алғаш рет белгіленген кезде мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны тағайындау үшін өтініш беруші өтінішпен тұрғылықты жері бойынша медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесіне жүгінеді. Балаға мүгедектік белгілеген кезде көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша «Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) жәрдемақы тағайындау»мемлекеттік қызметі «бір терезе» қағидатына сәйкес көрсетіледі.