special-edu.kz Жұмыстың мақсаты ретінде Қазақстан Республикасында мүмкіндіктері шектеулі және мүгедектігі бар балалардың заңды өкілдерін әлеуметтік-педагогикалық тұрғыдан қолдау мақсатында «Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар, мүмкіндіктері шектеулі және/немесе мүгедектігі бар балалардың ата-аналарын ақпараттандыру»атты ата- аналарға арналған ақпараттық-анықтамалық материалдарды дайындап, басылымға ұсыну белгіленді.
Аталмыш мақсатқа сәйкес төмендегі міндеттерді алдымызға қойдық:
Мақсатты топ балаларының құқықтарына қатысты халықаралық құжаттар, Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілері мен ресми құжаттарды зерттеп, зерделеу;
Қазақстандық заңнамада белгілі бір санаттағы балаларға қатысты қарастырылған алуан қызмет түрлері туралы ақпаратты жүйелеп, ұсыну;
Ерте, мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларға түрлі ведомствалар тарапынан ұсынылатын қызметтер тізімін қарастырып, зерттеу;
special-edu.kz Нормативтік-құқықтық актілер және ресми құжаттар бойынша ақпараттық материалдар дайындау;
Еліміздің арнайы білім беру ұйымдары, нақты айтатын болсақ ПМПК, ППТК және арнайы мектептердің әлеуметтік педагогтары мен мамандары арасында сауалнама өткізу;
Зерттелген мәселе аясында материалдарды түрлі форматта ұсыну;
«Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар, мүмкіндіктері шектеулі және/немесе мүгедектігі бар балалардың ата-аналарын ақпараттандыру» тақырыбында пәнаралық семинар өткізу.
special-edu.kz Жұмыстың ғылыми жаңалығы мынада: жоғарыда көрсетілген санаттардағы балалардың ата-аналары мен заңды өкілдерін нормативтік-құқықтық және әлеуметтік тұрғыдан қолдау бойынша ақпараттық материалдар бұған дейін дайындалмағандықтан осы мәселе біздің тарапымыздан алғаш рет зерттеліп, қарастырылуда, сол себепті жаңашыл еңбек.
Жұмыстың теориялық маңыздылығы төмендегідей: қол жеткен нәтижелер мен қорытындылар, онымен қоса жұмыс нәтижесінде белгілеген қызметтер тізбегі білім алуда ерекше қажеттіліктері бар, мүмкіндіктері шектеулі және/немесе мүгедектігі бар балалардың ата-аналарының әлеуетін жоғарылатып, құзыреттілігін жетілдіріп, ұсынылған ақпаратты дұрыс әрі сауатты түрде қолдану дағдыларын дамытуға өз үлесін қосады деген ойдамыз.
Зерттеудің практикалықмәні: