Жер туралы ғылымдар • антропогендік әсер • адамдар және көміртек айналымы 1 1-бөлім: Көміртегі айналымы



Pdf көрінісі
бет2/14
Дата16.05.2023
өлшемі1,84 Mb.
#93978
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
kktwig-adamdar-zhne-kmirtek-aynalymy

ДИАГРАММА 01:
Ұсынылатын фильм
- Көміртегі айналымы


ЖЕР ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМДАР • АНТРОПОГЕНДІК ӘСЕР • АДАМДАР ЖӘНЕ КӨМІРТЕК АЙНАЛЫМЫ
2
Қосымша сұрақтар
С6. Тау жыныстарының қайсысының құрамында көміртегі 
болады?
С5. Фитопланктон дегеніміз не?
Шөгінді жыныстардың көпшілігінің құрамында көміртегі болады, 
себебі олар теңіз түбінде жинақталатын теңіз тіршілік иелерінен 
және маржандардың қалдықтарынан құралады. Метаморфоздық 
жыныстар бір кездері шөгінді жыныс болуы әбден мүмкін 
болғандықтан, олардың құрамында да көміртегі болуы мүмкін. 
Әктастың құрамында кальций карбонаты (CaCO
3
) түріндегі 
көміртегінің көп мөлшері болады; бор – әктастың таза түрі. Көмірдің 
құрамында көміртегінің көп мөлшері бар, ал алмаз – таза көміртегі!
Фитопланктон – мұхиттарда өмір сүретін ұсақ өсімдіктер. Қолайлы 
жағдайларда олар “гүлдейді” және көп көлемде суда қалқып 
жүреді, сол арқылы теңіздік қорек тізбегінің негізі болып саналады. 
Оларға өсу үшін күн сәулесі мен қоректік заттар және фотосинтез 
процесін жүргізу үшін көмірқышқыл газы қажет.
Фотосинтез процесі көміртегі 
айналымына қатысады
Көміртегі құрлық, мұхит және атмосфера арасында қалай қозғалады?
• Көміртегі айналымына адамның әсері қандай?
Көміртегі фотосинтез, ыдырау және тау жыныстарының қалыптасуы 
тәрізді процестер арқылы Жердің айналасында үлкен көлемде 
қозғалады. Әлемдік мұхиттар көміртегі айналымында үлкен рөл 
атқарады, атмосферадағы көмірқышқыл газы теңіз суында ериді. 
Өсімдіктер атмосферадағы немесе теңіздегі көмірқышқыл газын 
сіңіреді және фотосинтез процесі арқылы көміртегіні өсуге пайдалы 
энергияға айналдырады. Одан кейін көміртегі атмосфераға тыныс 
алу арқылы немесе тіршілігін жойғаннан кейін ыдырау арқылы 
атмосфераға түскенге дейін көміртегі өсімдіктерде “бұғатталады” 
немесе “жинақталады”. Фитопланктон тәрізді мұхиттағы өсімдіктер 
тіршілігін жойса, олар мұхиттың түбіндегі шөгінділерге қосылып, ақыр 
соңында шөгінді жыныстарға айналуы мүмкін.
Адамға көміртегі айналымы тікелей және жанама түрде түрлі жолдармен әсер етеді. Электростанциялар, көлік, 
ормандарды жою тәрізді адамның көптеген іс-әрекеттері қазбалы отынды жағып, атмосфераға көмірқышқыл газын 
шығарады. Парниктік газдардың шығарылымының артуы жаһандық жылынумен байланысты, ол мәңгілік тоңдарды 
ерітіп, мұхиттың температурасын арттырады. Мәңгілік тоңдар еріген кезде, мыңдаған жылдар бойы “бұғатталып 
тұрған” көміртегі атмосфераға шығарылады. Мұхиттар жылыған кезде, олардың құрамындағы көмірқышқыл газы 
азаяды, бұл оның атмосферадағы мөлшерінің артатынын көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет