Жер туралы ғылымдар • антропогендік әсер • адамдар және көміртек айналымы 1 1-бөлім: Көміртегі айналымы



Pdf көрінісі
бет6/14
Дата16.05.2023
өлшемі1,84 Mb.
#93978
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
kktwig-adamdar-zhne-kmirtek-aynalymy

 
- Көміртегі квоталарын саудалау
Ағаш отырғызу адамның түрлі 
іс-әрекеттерінен шығарылатын 
көміртегіге өтемақы бола алады
Қоршаған ортаға пайдалы тәжірибелер жеке 
немесе заңды тұлғаларға өздерінің көміртегі 
шығарылымын теңгеруге мүмкіндік береді


ЖЕР ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМДАР • АНТРОПОГЕНДІК ӘСЕР • АДАМДАР ЖӘНЕ КӨМІРТЕК АЙНАЛЫМЫ
6
• Көміртегіні ұстау деген не?
Көміртекті ұстау – көмірқышқыл газын ұстап, өңдеп, әрі қарай сақтайтын өнеркәсіптік әдіс, осы арқылы көміртегі 
диоксидін атмосфераға енгізбей, климат өзгерісіне қарсы күресуге болады. Карбон диоксиді ұсталғаннан кейін, 
құбырлар арқылы жер астындағы терең үңгірлерге тасымалданып, сонда сақталады, мысалы мұнай мен газ 
алынғаннан кейін бос қалған кеңістіктерде жинақталады. 
Біздің ғаламшарымыз 10 триллион тоннаға дейін, яғни 100 жылға дейін адам баласы шығаратын көмірқышқыл 
газын сақтай алады деп есептелінеді. Жерасты жинақтау қоры жақсы жұмыс істейді, себебі қысымның артуынан 
көміртегі диоксиді газдан гөрі сұйыққа көбірек ұқсайды. Газ борпылдақ жыныстардың кеңістігіне еніп, аз ғана 
аумақта көп көлемде сақталына алады. Дәл солай, көміртегі диоксиді жерасты тау жыныстарына енізіледі, олар 
Жер астындағы табиғи қорлар тәрізді әрекет етеді. Бұл табиғи қорлардың бетіндегі тау жыныстары қорлардың 
бетін жауып, оқшаулағыш қабық ретінде қызмет етеді, нәтижесінде газ оның ішінде сақталып, адам мен 
атмосфераға зиянын тигізбейді. 
ДИАГРАММА 03:
• Ұсынылатын жаттығу
Талқылаңыз: Көміртегіні ұстау мен сақтау 
туралы ойыңыз қандай?
• Ұсынылатын фильм
 
- Көміртегі квоталарын саудалау
Қосымша сұрақтар
С12. Көміртекті ұстау мен көміртекті 
сақтаудың айырмашылығы бар ма?
С13. Көміртек қалай ұсталады?
Жоқ. Әрбір ұсталған көміртек сақталып, ары 
қарай атмосфераға таралуы болдырылмайды. 
Көміртекті ұстап, оны сақтау әдетте КҰС деп те 
алады.
Көміртек үш жолмен ұсталуы мүмкін: жанар 
алдында, жанғаннан кейін және отынның оттегіде 
жануы арқылы. Жану процесі қазбалы отынның 
жануына қатысты айтылады, оның нәтижесінде 
көміртегі диоксиді, су буы, күкірт диоксиді және азот 
оксиді тәрізді ілеспе газдар өндіріледі. Көміртекті 
ұстаудың ең кең таралған жолы – жанғаннан 
кейін ұстау, бұл кезде көміртегі диоксиді қазбалы 
отын жанғаннан кейін ұсталады. Жанғаннан кейін 
ұстау кезінде көміртегі диоксиді ілеспе газдардың 
ішінен ұсталып, алынып тасталынады. Бұл әдістің 
кемшілігі – газды тасымалдау үшін газды сығу 
қажет, ол үшін көп энергия қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет